Презентация І. Кіріспе >ІІ. Негізгі бөлім



бет1/2
Дата10.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#81049
түріПрезентация
  1   2
Байланысты:
Іштің ақ сызығы


Тақырыбы: Іштің ақ сызығы.Іштің тік бұлшықетінің қынабы.Шап өзегі.Қанмен қамтамасыз етілуі,веналық ағымы,нервтендірілуі.Жастық ерекшелігі.
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Шымкент 2023 ж.
ПРЕЗЕНТАЦИЯ

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
  • Құрылысы,топографиясы және қызметі
  • Іштің ақ сызығының түзілуі,оның практикалық маңызы.
  • Шап сақиналары.
  • Шап өзегінің қабырғалары.
  • Қанмен қамтамасыз етілуі,веналық ағымы,нервтендірілуі.
  • Кіндік сақинасының және шап өзегінің жастық ерекшеліктері.

  • ІІІ. Қорытынды
    ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

ЖОСПАР:
Іштің ақ сызығы.
  • Іштің ақ сызықшасы,linea alba,ол төс сүйегінің семсерлік өсіндісінен,processus xyphoideus басталып,шат сүйегінің қасағасына дейінгі аралықта созылып орналасқан апоневрозды ақ түсті жолақ. Іштің ақ сызықшасы,linea alba,орталық сызықшаның бойында өзара айқасып орналасқан іштің үш жалпақ бұлшықеттер апоневрозындарының өзара айқасуы нәтижесінде құралған.Ені жоғарыдан төмен қарай бағытталған сайын жіңішкелеу келген.Қалындығы кіндіктен жоғары бөлігі жұқалау болып келсе, төменгі бөлігі керісінше қалындау болып орналасқан.Сонымен қатар,ақ сызықшаның жоғарғы бөлігінде жұқалау болып келуімен қатар,өзара айқасып орналасқан апоневроз қабықшаның аралығында бірде шағындау,бірде едәуір кеңдеу болып келген саңылаулар жиі байқалады.Ақ сызықшаның бойында жарықтардың жиі кездесуі сол себептен.

Ақ сызықша кіндіктік сақинаны құрауға қатысады,annulus umbilicalis кіндік сақина іркілдеген дәнекер ткандардан,кіндіктен тұрады және кіндіктің a.v. қан тамырларының тесіктері орналасқан.Сол себепті,кіндіктік сақинаның тұсында кіндіктік жарықтың жиі кездесуі соған байланысты.

Іштің тік бұлшық еті,m.rectus abdominis,жалпақ,іштің бұлшық етінің ішіндегі ең ұзынына жатады,брюшной қабырғаларының бүйір жағындағы алдыңғы бөлігінде іштің ақ сызығы болады,linea alba,іштің ортанғы сызығы бойында созылып жатады prosessus xiphoideus бойында қосылады.Іштің тік б.еті V-VII қабырғалардан басталады және prosessus xiphoideus;төменге қарай жүреді,содан кейін ол тарыладыда және шат аралық сүйекке symphysis және tuberculum pubicum барып бекиді.

  • Іштің тік бұлшық еті,m.rectus abdominis,жалпақ,іштің бұлшық етінің ішіндегі ең ұзынына жатады,брюшной қабырғаларының бүйір жағындағы алдыңғы бөлігінде іштің ақ сызығы болады,linea alba,іштің ортанғы сызығы бойында созылып жатады prosessus xiphoideus бойында қосылады.Іштің тік б.еті V-VII қабырғалардан басталады және prosessus xiphoideus;төменге қарай жүреді,содан кейін ол тарыладыда және шат аралық сүйекке symphysis және tuberculum pubicum барып бекиді.
  • Іштің тік бұлшық етінің қынабы
  • Іштің тік бұлшық еті,m. rectus abdominis дәнекер тканды қынабтың vagina m.rectus abdominis ішінде орналасқан.Тік бұлшықетінің қынабы іштің жалпақ үш бұлшық еттерінің апоневроздарынан құралған.Қынаптың алдыңғы және артқы қабырғалары ажыратылады.Қабырғаларының құрылысы біркелкі орналаспаған. 1.Тік бұлшықет қынабының кіндіктен жоғары денгейінің құрылысы:
  • Алдыңғы қабырғасы:сыртқы қиғаш бұлшықетнің апоневроздық қабықшасы,aponeurosus m.obliquus interni алдынғы табақшасынан, lamina anterior тұрады.
  • Артқы қабырғасы:ішкі қиғаш бұлшықет апоневрозының, aponeurosus m.obliqui interni артқы табақшасы, lamina posterior мен көлденең бұлшықеттің апоневрозынан, aponeurosus m.transversus abdominis оның фасциялық қабықшасынан, fascial transversalis және бұл бұлшықетті құрсақ қуысы жағынан көмкерілген ішастар,peritoneum тұрады.
  • 2.Тік бұлшықет қынабының кіндіктен төмен денгейдегі құрылысы:
  • Алдыңғы қабырғасы: сыртқы,ішкі және көлденең бұлшық еттердің апоневрозынан,aponeurosus m.obliquus externi abdominis et interni abdominis et m.transversus abdominis тұрады.
  • Артқы қабырғасы: құрсақтың көлденең бұлшықетінің фасциялық қабықшасынан, fascia transversus,және ішастардан,peritoneum тұрады.

Шaп өзегі латынша Canalis inguinalis деп аталады.Ол құрсақтың төменгі шат бөлігінде орналасқан саңылау. Жоғарыдан төмен және сырттан ішке қарай бағытталып орналасады.Ұзындығы 4-5 см
  • Ер адамдарда тұқымдық шылбыр,funiculus spermaticus,
  • әйел адамдарда жатыр байламы,ligamentum teres uteri, өтеді.

  • Шап өзегінің 4 қабырғасы,беткей және терең сақиналары бар.
    • Алдыңғы қабырғасы- іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы,
    • Артқы қабырғасын - fascia transversalis түзеді;
    • Жоғарғы қабырғасы - ішкі қиғаш және іштің көлденең бұлш-дің төменгі жиегі,
    • Төменгі қабырғасын - шап байламы,яғни ligamentum inguinale құрайды.
  • Шап өзегі, canalis inguinalis, саңылау болып табылады ол арқылы еркектерде тұқым жібі funiculus spermaticus, ал әйелдерде жатырдың сақиналы жалғамасы өтеді. Ол құрсақ қабырғасының төменгі бөлімінде іштің екі жағында да,іле-шала шап байламының үстінде орналасады да,жоғарыдан төмен,сырт жағынын ішке, арт жағынан алға қарай өтеді.
  • Шап өзегінің беткі және терең сақиналары бар: Терең шап сақинасы (anulus inguinalis profundus). Беткі шап сақинасы (anulus inguinalis superficialis)

  • Беткі шап сақинасы annulus inguinalis superficialis, сыртқы қиғаш бұлшықет апоневрозы талшықтарының екі аякшаға ажырауы аркылы тузілген,ол аяқшалардың біреуі,crus laterale tuberculum pubicum-ге бекиді,ал екіншісі crus mediale –шат симфизіне бекиді.
  • Терең шап сақинасы annulus inguinalis profundus шап өзегінің fascia transversalis түзген артқы қабырғасы аймағында жатады да сақина жиектерінен тұқым жібіне дейін созылып,оны ең жұмыртқасымен бірге қоршайтын қабықша, fascia spermatica interna тузеді.Шап өзегінің артқы қабырғасы медиалды бөлімінде апоневроздық созылмалыдан m.transversus abdominis шығып,түзу бұлшықеттің жиегімен төмен шап байламына түсетін сіңірлі талшықтармен бекітіледі.

Сонымен қатар шап өзегінде латералді және медиалді шап шұңқыры болады. Fossa inguinalis lateralis,латералді шұңқыр-терең шап сақинасына сәйкес келеді. Fossa inguinalis medialis,медиалді шұңқыр.Осы шұңқырлар арқылы шап жарықтары шығады.
Практикалық маңызы:Осы шап өзегі маңайының осалдығынан шап жарығы пайда болады. Сол жарықтан ішкі ағзалар мысалы қарын,ішек шығып түйнек жасайды.Бұл ауыр жүк көтергеннен пайда болады.Олар кіндік жарығы,шап жарығы,ұма жарығы деп аталады.
  • Қабырғалары:
  • Алдыңғы қабырғаны іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті; Артқы - fascia transversalis; Жоғарғаны ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттердің төменгі жиегі; Төменгіні шап байламы құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет