Қожа Ахмет Яссауидің софылық философиясы


Шоқан Уалихановтың әлеуметтік-саяси, кұқыктық көзқарастары



бет21/26
Дата22.12.2022
өлшемі80,5 Kb.
#58878
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
?îæà Àõìåò ßññàóèä³? ñîôûëû? ôèëîñîôèÿñû

35.Шоқан Уалихановтың әлеуметтік-саяси, кұқыктық көзқарастары.
Ш. Уәлихановтың саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастары күрделі тарихи кезеңде қалыптасты. XIX ғ. 40-60 жылдары жүз жылдан астам уақытқа созылған Қазақстанның Ресейге қосылуы процесі аяқталды. Бірақ бұл процесс бірқалыпты, тыныш өтпеді... Ш. Уәлиханов: «қазір Шығысқа еліктейтін мұсылмандық ескілік пен орыс мәдениетіне еліктейтін жаңашылдық арасында бірден байқала қоймайтын, бірақ өте күшті күрес жүріп жатыр», - деп көрсетті.
Ш. Уәлихановтың қоғамдық-саяси жаңарудың қозғаушы тетігі ретінде экономикалық және әлеуметтік факторларға бірінші кезекте мән беруі, қоғамның алға басуының шарты - қоғамның материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету екенін түсінгенін байқатады. Алайда, оның бұл ойлары дұрыс жобаланған әлеуметтік жоба түрінде қалыптаса алмады.
«Прогресс» ұғымының мазмұнын адамдардың материалдық әл-ауқатын жақсарту ретінде айқындай келіп, Ш. Уәлиханов ағартушылықты тек «ақиқат білімді» таратуды, мәдениетті көтеру арқылы осы құралдардың көмегі ғана прогресске жетуге болады деп санады. «Халықтың қалыпты дамып, өсуі үшін, - деп жазды ол, - ең алдымен бостандық пен білім керек. Бұдан келіп шығатыны, бәрінен бұрын оқу қажет».
Ш. Уәлиханов қоғамдық құбылыстарды ағартушылық тұрғыда түсіндіреді. Сол тарихи кезеңде мұндай көзқараста болуы оның көрегендігін байқатады, өйткені ағартушылық қараңғылықпен күресуге жетелеп, зайырлы білімнің таралуына ықпал етіп, қазақ халқының түпкір-түпкіріне алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің таралуына қол жеткізді.
Сот реформасының халыққа қарсы табиғатын анықтай келіп, Ш. Уәлиханов байлар мен кедейлердің мүддесі екі бөлек екенін айтады. Таптық күрестің қоғамды қозғаушы күш екенін түсінбесе де, Ш. Уәлиханов қазақ патриархалдық-феодалдық қоғамының таптарға бөлінуін: қоғамның ерекше құқықтарға ие табы - сұлтандар, билер, байлар, қожалар бір жақта және Ш. Уәлиханов айтқандай, «қыр пролетарлары» кедейлер екінші жақта екенін анық байқай алды. Бұл таптардың мүдделері мүлдем керғар «...ақсүйектер мен байлардың мүддесі, тіпті мәдениеті жоғары қоғамда болсын, көбінесе қалың бұқара мүддесіне дұшпандық сипатта болады. Ш. Уәлихановтың философиялық көзқарасы көңіл аударуға тұрарлық, әсіресе оның адамдардың діни сенімі туралы пікірлері қызықты...
Ш. Уәлихановтың діни танымдар мәнін түсіндіруі, әсіресе, қазақтардың шамандығы туралы айта келіп, философияның негізгі мәселесі - материя мен сана байланысын материалистік тұрғыда түсіндіргенін көрсетеді. Ағартушы табиғат пен қоршаған ақиқат-шындық адамның санасынан тыс (тәуелсіз) тіршілік етеді деген шешімге келді. Ол әлемнің басын да, аяғын да мойындамайды, әлемді мәңгілік және шексіз деп санайды. Сонымен қатар, Ш. Уәлиханов адамдардың діни түсінігінің пайда болуы табиғат күштерінің ықпалының ақиқат шындықтың әлемді түсінуге, оның құбылыстарын түсіндіруге тырысқан адамға тигізген және адамның табиғат күштері алдында дәрменсіздігінің нәтижесі деп есептейді. «Қырғыздардағы шамандық қалдығы» мақаласында ол: «Табиғат пен адам, өмір мен өлім үнемі таңданыс туғызатын және құпиясы ашылмаған ерекше құбылыс болып келді. Табиғат пен адам! Адам мен табиғаттан асатын тамаша әрі жұмбақ құбылыс табылар ма екен? Бүкіл әлемді оның барлық кереметімен тануға, адамның өмірі мен өлімі туралы құпияны ашуға деген талпыныс шамандықты - бүкіл әлемді және табиғатты сүю, өлген жандардың аруағын қастерлеуді туғызды. Осылайша санасы әлі толықпаған адам баласы күнді, айды, жұлдызды, тағы да сондай мәңгілік әрі әртүрлі біз табиғат немесе әлем деп атайтын құбылыстарға бас иді»...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет