7. Философиядағы болмыс мәселесі. Болмыс ұғымы (онтология) Онтология грек тілінен аударғанда онтос — болмыс, логос — ілім яғни болмыс туралы
ілім болып табылады. Болмыс — тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды
философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі
философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де
болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық
мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі
орын алатынын ұғыну қажет.
Болмыстың негізгі түрлері:
1) Заттар (денелер), процестер болмысы: а) бірінші табиғат; б) екінші табиғат.
2) Адам болмысы: а) заттар дүниесіндегі адам болмысы; б) адамның өзіндік болмысы.
3) Рухани болмыс: а) жеке адамның рухани болмысы; б) қоғамның рухани болмысы.
4) Әлеуметтік болмыс: а) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысы;
б) қоғам болмысы.
Адам болмысы екіге бөлінеді:
1)Рухани болмыс — сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты
шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет — тіршілігінен бөліп
алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша
айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады. Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар — кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б. 2) Әлеуметтік болмыс- екіге бөлінеді: тарих процесінде жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына.
Бірінші философияға болмыс терминін антикалық философ Парменид енгізді. Парменидтің пікірінше,нағыз болмыс бұл ‑ әрқашанда бар нәрсе. Ал болмыс әрқашан да тұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ой да бүтін және бөлінбейді, оның үстіне оның өзінің болмысы бар.
Болмыс ‑ санаға тәуелсіз өмір сүретін дүниені, материяны адамдардың материалдық
өмірінің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым.