22. Қайта Өрлеу философиясы (ғылым) мен ағарту философиясының (қоғам, адам) ерекшеліктері. Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік – табиғат, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет). Қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті.Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм.
Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) – құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705). Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.Натурафилософия (табиғат туралы философия). Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған лім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады.
Гуманизм (лат. humanus — иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы
23. Конфуций ілімінің философиялық мәні оның қазіргі Қытай өмірінде алатын орны. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар – тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ та басқа Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған. «Лунь юий» - біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш.Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттеріне арнайы бөлінген қорымға жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналған. Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы. Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы.