Қожабек қанат мұратұлы қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу



бет11/18
Дата05.06.2023
өлшемі1,29 Mb.
#98900
түріМонография
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы мен қолжетімділігн қамтамасыз ету [96].

Ал медициналық мекеме деңгейіндегі ведомствалық бақылау мыналардың фукциялары болып табылады: бөлімше меңгерушілерінің (сараптаманың алғашқы сатысы); мекеме басшысының клиникалық-сараптамалық жұмысы жөніндегі орынбасарларының (сараптаманың екінші сатысы); мекеменің клиникалық-сараптамалық комиссиясының (сараптаманың үшінші сатысы).
Денсаулық сақтауды басқару органдарының деңгейінде медициналық көмектің сапасын бақылаубарлық деңгейдегі басқару органдарының клиникалық сараптамалық комиссияларымен; барлық деңгейдегі басқару органдарының бас штаттық және штаттық емес мамандарымен жүргізіледі.
Қажет жағдайларда сараптаманы жүргізуге жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері, ғылыми зерттеу институттарының және өзге де мекемелердің қызметкерлері шарттық негізде тартылуы мүмкін.
Ведомствалық топ қатысушыларымен осы топтың міндетінің мазмұнынан туындайтын медициналық көмек көрсетудің барлық компоненттеріне бақылау жүргізіледі.
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді саралай келе, біз медициналық көмектің сапасын бақылаудың ведомствалық жүйесін төмендегіше бағытталуы тиіс деп топтастырдық:

  • емдеу мекемесінің жағдайы, кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды қолдануын бағалау;

  • қызметкерлерді аттестаттау жолымен медициналық қызметкерлердің кәсіптік сапасын бағалау;

  • белгілі бір нақты пациентке көрсетілген медициналық көмектің үдерісіне сараптама жүргізу;

  • медициналық көмектің тиімділігне теріс әсер ететін және тиімділігін төмендететін дәрілерлік қателіктер мен өзге де факторларды анықтау және кемшіліктерді негіздеу;

  • емдеу-сауықтыру мекемелерінің және денсаулық сақтау саласын басқару органдарының басшыларына медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін жоғарылату үшін дәрігерлік қателіктер мен жұмысындағы кемшіліктердің алдын алуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу;

  • пациенттердің денсаулық сақтау мекемелерімен болған қатынасына қатысты пікірлерін зерделеу;

  • медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу және талдау;

  • барынша ұтымды шешімдерін таңдау, басқару шешімдерінің жүзеге асырылуына бақылау жасау.

Алайда, нормативтік құжаттар медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау саласын басқару органдарының арасындағы бақылау объектілерін бөлуді нақтылы реттемейді. Дегенмен, тәжірибеде көп жағдайда жоғарыда біз топтастырғандай бөлу қалыптасқан. Бірінші, екінші және үшінші сатыдағы сараптаманың емдеу мекемелерінде орын алуы технологиялық сапаны бақылау мен аурулардың емінің нәтижелеріне ерекше назар аудартады. Бұл құзыретті бақылауды денсаулық сақтау басқармасы органының бас мамандары жүзеге асырады.
Емдеу-профилактикалық мекемесінің басшылары мен басқару органдарының лауазымды тұлғалары медициналық мекемеге жүгінетін барлық ауруларды емдеу нәтижесінің сапасын бақылап, баға береді.
Тұрғындарға медициналық көмек көрсету нәтижесінің сапасына бақылау жүргізуді басқару органдарының әр деңгейдегі лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.
Медициналық мекеме тарапынан көрсетілетін көмектің құрылымдық сапасына басқару органдарының лауазымды тұлғаларымен қатар, сондай-ақ, мекеменің бас дәрігері де баға бере алады. Алайда, айтып өтетін маңызды жайт, бұл саланы қамтамасыз етудің тиімді тетіктері күні бүгінге дейін қалыптаспаған.
Медициналық көмек көрсетудің сапасына ведомствадан тыс бақылау біздің пікірімізше төмендегідей топтастырылуы тиіс:

  • тұрғындарға медициналық көмек көрсету нәтижелерін талдау;

  • медициналық көмек көрсетудің сапасы мен оның орындалуын бақылау және ұйымдарды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

  • көрсетілетін медициналық көмекке емделушілердің қанағаттылығын зерделеу;

  • сақтандырушы мен сақтандырылушы арасындағы шарттық міндеттеменің орындалуын тексеру;

  • денсаулық сақтау мекемесі мен медициналық сақтандыру ұйымының арасындағы шарттық міндеттеменің орындалуын тексеру;

  • азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын растайтын құжаттардың берілу тәртібі туралы нұқсаулықтың сақталуын бақылау;

  • денсаулық сақтау мекемесінің мүмкіндіктерін бағалау, медициналық көмек көрсетудің сапасына талап етілген деңгейде кепіл болу;

  • орындалған медициналық көмек көрсетудің көлеміне ақы төлеуге ұсынылған есепшоттың сәйкестілігі мен тарифтерді қолданудың дұрыстылығын бақылау;

  • субъектілердің өз құзыреті шегінде жүзеге асырылатын өзге де бақылау түрлері және т.б. қызмет түрлерін атқарады.

Медициналық көмек көрсетудің сапасын қамтамасыз етуде кезек күттірмейтін маңызды мәселе – бұл ведомствадан тыс топ субъектілерінің көптігі, олардың атқаратын қызметінің жіктелмеуі салдарынан туындап отыр. Сонымен бірге «сыртқы қадағалау жүйесінің сарапшылары үшін медициналық қызметкер (маман) жұмысының нақты нәтижесінің бұл кесел үшін қарастырылған белгілі бір технологиялық және экономикалық стандарттарға қандай дәрежеде сәйкес келуі маңызды. «...бұл жерде Қазақстан Республикасының әрбір аймағындағы медициналық қызмет көрсету жағдайының бір-біріне ұқсамайтының айта кеткен жөн. Сондықтан сапа сандарттарының сол немесе басқа пациенттердің ерекшеліктері мен медициналық көмектің жергілікті жүйесінің мүмкіндіктеріне сәйкестілік (адекваттық) проблемасы қазіргі заманғы денсаулық сақтау ісінің ең барынша күрделі мәселелерінің бірі болып табылады» [96].
Біздің ұсынған тұжырымдамамыздың біріне сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы бірқатар мемлекеттік функциялар тәуелсіз ортаға берілуі тиіс, соған сәйкес, медициналық қызметтің сапасын бақылау да Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан қоғамдық негізде құрылатын лицензиялық-аккредитациялық комиссиясының құзыретіне берілуі қажет. Ал олар медициналық қызметтің сапасын бақылауға байланысты төмендегідей өкілеттіліктерге ие болуы тиіс деп ойлаймыз:

  • емделушілер мен қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетудің қауіпсіздігін және денсаулық сақтау мекемелерін лицензиялау мен аккредитациялау, сондай-ақ, мамандарды сертификаттау кезінде олардың бекітілген стандарттарға сәйкестігін бақылау;

  • денсаулық сақтау мекемесі мен жеке тұлғалардың лицензиялық талаптарының орындалуын бақылау;

  • емдеу-профилактикалық мекемесінде қызмет атқаратын азаматтарға және осы қауымдастықтың мүшесі болып табылатын жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасына сараптама ұйымдастыру;

  • медициналық қызмет көрсетуге тарифтер бойынша келісімшарттарды, медицина мамандарының біліктілігін арттыру критерийлері мен бағдарламаларын, медициналық көмек көрсету стандарттарын әзірлеуге қатысу;

  • сарапшыларды тіркеуді реттеуге қатысу;

  • медицина қызметкерлерін аттестаттау, денсаулық сақтау мекемесінің қызметін аккредитациялау және лицензиялау, біліктілік емтиханы комиссиясының жұмыстарына қатысу болып табылады.

  • жеке және заңды тұлғаларға лицензия мен сертификаттар беру.

Ал еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты осы сақтандыру саласындағы қордың құрылатындығы белгілі. Сондықтан сақтандыру қоры медициналық қызметтерге ақы төлейтін болғандықтан, медициналық қызметтің сапасына да мүдделі болады. Демек, Медициналық сақтандыру ұйымының құзыретінде төмендегідей функциялардың болғаны жөн:

  • міндетті және ерікті медициналық сақтандыруды бақылау сапасын шарт негізінде, штаттағы сарапшылармен көрсетілген медициналық көмектің көлемі мен мерзімі негізінде, сондай-ақ, шарт негізінде тіркеуге енгізілген штаттан тыс сарапшыларды тарту жолымен жүзеге асыру және ұйымдастыру;

  • көрсетілген медициналық көмектің нақты көлемі мен сапасына байланысты төлеуге ұсынылған есептің сәйкестігін анықтау, ал міндетті медициналық сақтандыру үшін - медициналық көмек көрсету бойынша жартылай немесе толық түрде келтірілген шығынның орнын толтырмауға құқылы;

  • сақтандырылушы азаматтарға келтірілген зиянды өтеу бойынша емдеу-профилактикалық мекемелеріне шағым білдіру;

  • емдеу-профилактикалық мекемесі мен жеке тұлғаларды лицензиялау және аккредитациялауға қатысу;

  • лицензиялық-аккредитациялық комиссияға белгіленген тәртіпте лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату жөніндегі арызбен жүгіну;

Сақтандырушының құзыретіне:

  • медициналық сақтандыру шарты талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

  • тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің сапасына сараптама жүргізуге құқылы аумақта орналасқан ұйым жөнінде, олардың атқаратын қызмет тәртібі жөнінде қажетті ақпарат алу;

  • сақтандырылушыдан сақтандырылған медициналық көмек жағдайы және оларды жетілдіру шарасы туралы ақпарат алу;

  • сақтандырылушыларға медициналық көмек көрсету сапасын сараптамалық бағалаудың нәтижелері мен қабылданған шараларды жақсарту туралы мәлімет беру;

  • сақтандырылушыларға медициналық көмек көрсетуде бірнеше және негізді заң бұзушылық жағдайында медициналық сақтандыру шартын қайта жасасу жатады.

Денсаулық сақтау саласындағы медицналық көмектің сапасын бағалау мен оларға байланысты туындайтын дауларда Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамдарының рөлі ерекше болып отыр. Олар өз құзіреттері шегінде медициналық көмектің сапасына байланысты бірқатар мәселерді шеуге атсалысады. Мәселен, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы жөніндегі қоғам пікірін зерделеу; көрсетілетін медициналық көмектің олқылықтары туралы денсаулық сақтау басқармасының органдары мен ведомствадан тыс сапаны бақылау субъектілеріне ақпарат беру; әкімшілік және сот органдарында емделушілердің мүдделері мен құқықтарын қорғау.
Осылайша, медициналық сақтандыру ұйымдары өздерінің сақтандырылушы тұлғаларына көрсетілетін медициналық көмек көрсету сапасының барлық компоненттерін бақылауға міндетті болса. Емдеу мекемелерінде көрсетілетін медициналық көмектің құрылымдық сапасын бақылау және медицина қызметкерлерінің кәсіби сапасын бақылау лицензиялық-аккредитациялық комиссиялары мен кәсіби медициналық қаумдастықтар өз құзырына алуы тиіс.
Ведомствадан тыс топқа қатысушылардың атқаратын қызметінің қосарлануы мәселесін келесідей ретте шешуіміз қажет :
- жүйенің барлық қатысушылары медициналық көмек көрсетудің сапасын қамтамасыз етуде ведомствалық емес, керісінше, ортақ мүддені көздейтін көзқараста бір топқа бірігуі қажет;
- жүйедегі әр топ медициналық көмек көрсету сапасының барлық компоненттерін бақылауы қажет;
- егер сәйкесінше топ бірнеше субъектіден құралса, онда - олардың әрқайсысы бірыңғай қосарлану мақсатындағы компоненттерді бақылауы қажет.
Қоғамдық көзқарас бойынша медициналық көмек көрсетудің сапасын бақылау жүйесінің қатысушыларын, жүйенің барлық қатысушыларын 3 топқа бөліп қарастыруға болады :

  • медициналық (ішкі сапа бақылау) қызметін атқарушылардың тарапынан бақылау;

  • медициналық (тұтынушылық сапа бақылау) тұтынушылар тарапынан бақылау;

  • медициналық қызметті (сыртқы сапа бақылау) атқарушылар мен тұтынушылардан тәуелсіз ұйым тарапынан бақылау.

Ескеретін жайт, сапаның барлық компонентімен жүйенің әр қатысушысы емес, тиісінше, әр топ байланыста болуы қажет. Алайда, ішкі топ медициналық мекемемен танылатын болса, ал тұтынушылық топ - тұтынушылардың қоғамдық бірлестігімен танылады, осы топтардың әрқайсысы сыртқы топ субъектілері арасындағы уәкілеттіктерді бір ғана қатысушымен бөлуді қалыптастырады.
Лицензиялық-аккредитациялық комиссиялар ең алдымен, медициналық ұйымдардың құрылымдық сапасын бақылаумен айналысуы қажет, кәсіби медициналық бірлестіктер - әр медицина қызметкерінің кәсіби сапасын бағалаумен, сақтандырушылар - нақты сақтандырылушымен қатынас бойынша нәтижесінің сапасын және технологияның сапасын бақылаумен айналысуы қажет. Денсаулық сақтау басқармасы органдары аумақ тұрғындарына медициналық көмек көрсету нәтижесінің сапасын және есептік кезең бойынша емдеу мекемелерінде барлық емделушілермен қатынас бойынша сапа нәтижесін бақылауды жүзеге асыруы керек. Сөзсіз, аталған қатысушылар арасында қабылданатын басқарма шешімін нақтылайтын өзара ақпарат алмасу орын алуы қажет, осы себепті, өзара әрекет ережесі міндетті медициналық сақтандырудың аумақтық қорын қалыптастыруы қажет. Былайша айтқанда, сыртқы топ субъектілері медициналық көмек көрсету сапасының әр компонентіне емес, тек өзіне тиесілі компонентке бақылау жүргізеді. Өзге компоненттер бойынша қалған қатысушыларға жүргізілген бақылаудың талдау нәтижелерін пайдалануы қажет.
Қазіргі таңда медициналық көмек көрсетудің сапасын бақылау құралдарына сәйкес оннан аса түрлі әдістер қолданылады
Олардың ішінде бақылаудың негізгі құралы болып төмендегілер танылады:

  • медициналық стандарттар;

  • сараптамалық бағалау.

Стандарттар - бұл уәкілетті органмен бекітілген, объектілерді стандарттауға қойылатын міндетті талаптарды, құқықтарды, нормаларды реттейтін нормативтік-техникалық құжаттар. Медициналық стандарттарды келесідей түрлерге бөлуге болады.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша:

  • халықаралық,

  • ұлттық,

  • аумақтық,

  • локальдық.

Стандарттау объектісі бойынша :

  • Құрылымдық-ұйымдастырушылық стандарттар,

  • кәсіби стандарттар,

  • технологиялық (медико-экономикалық) стандарттар.

Пайдалану тетігі бойынша:

  • дара стандарттар,

  • топтық стандарттар.

Ұлттық стандарттар республикалық деңгейде бекітіледі және елдің барлық аумағында орындалуы тікелей міндеттеледі.
Жергілікті стандарттар - нақты медициналық мекемелерде қабылданған стандарттар, өз кезегінде аумақтық талаптарды толықтырады және дәйектейді.
Құрылымдық-ұйымдастырушылық стандарттар медициналық көмек көрсету жағдайларына міндетті талаптарды жүктейді, оның ішінде кәсіби стандарттар бұл – медицина қызметкерлерінің кәсіби сапасын, ал, технологиялық стандарттар – аурулардың жынысын, жасын, өзге де биологиялық факторларын қоса алғанда, нақты нозологиялық нысанда бақылау бойынша қажетті емдеу-диагностикалық манипуляциясының тізбесін қарастырады.
Стандарттардың иерархиялық құрылымы туралы мәселе әлі де пікірталас күйінде қалуда. Әлемдік тәжірибеде бұларды құру және қолдануда екі тәсіл қарастырылған. Бірінші тәсіл, өнім немесе қызмет көрсету (дара стандарт) стандартын қарастырады. Сол себепті, өнімнің (қызмет көрсету) стандартына сәйкестігін анықтау «сәйкес келеді – сәйкес келмейді» жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Сәйкес келмеу сертификат беруден бас тартуға себеп болады, міндетті сертификаттау аталған өнімді немесе қызметті жүзеге асыруға тыйым салады. Екінші тәсіл (топтық стандартпен) иерархиялық байланысты бір түрдегі стандарттардың кешенін әзірлеуді және пайдалануды қарастырады. Қызмет көрсетудің сәйкестігін анықтау бұл жағдайда «жоғарғы санаттағы (класс, дәреже) стандартқа сай – бірінші санат стандартына сай... – жалпы (базалық) санаттың стандартына сай- стандарттың біріне де сәйкес келмейді» жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда стандарттың санатына сәйкес сертификат беріледі. Сертификатты беруде, егер объект бірде-бір стандартқа сай келмеген жағдайда сертификатты беруден бас тарту әрекеті туындайды.
Дара немесе топтық стандарттарды әзірлеуде талаптардың мазмұнына сүйеніп қана емес, сондай-ақ, стандарттарды пайдалану негізінде қолданылатын ықпал етуші әрекеттердің түрлерін ескеру қажет. Егер ықпал етуші әрекет аппараты тек жауаптылыққа құрылатын болса, стандарттардың қарапайым түрін пайдалану қажет. Ондай жағдайда стандарттардың сәйкестігі жауаптылықтың туындауына әкелмейді. Топтық стандарттар ықпал етуші әрекеттердің жауаптылыққа және ынталандыру балансына негізделуімен түсіндіріледі. Бұл жағдайда жауаптылық базалық стандарттардың талаптары орындалмаған жағдайда қолданылады.
Медициналық көмек көрсетуді бақылау құралдарының негізгі жетістіктері мен кемшіліктерін саралай отырып, келесідей бірқатар тұжырымдарға келуге болады :
-Медициналық стандарттар – сараптамалық бағаны салыстыру бойынша бақылаудың объективті құралы. Стандарттарды құру және пайдалануда сараптамалық бағалауды салыстыру бойынша айтарлықтай құрал-жабдықтарды талап етеді. Сондай-ақ, стандарттың маңызды бөлімін үнемі қайта қарап отыру талап етіледі.
-Медициналық стандарттарды қалыптастыруда стандарт талаптарының «орындалуына» (бірқатар емдеу мекемелеріне, медицина қызметкерлеріне және т.б. жоғары міндетті талаптар қойылмауы тиіс) назар аудару қажет. Екінші жағынан, стандарт талаптарында ғылым мен техниканың озық үлгідегі жетістіктері ескерілуі тиіс.
Қазіргі таңда медицина мамандарының біліктілік сапасы мен теориялық білім деңгейі келесідей рәсімдермен анықталатындығы белгілі:

  • қызметкерлерді аттестациялау;

  • қызметкерлерді сертификаттау;

  • қызметкерлерді аккредитациялау барысында анықталады және бағаланады.

Сөзсіз, келешекте бұл барлық рәсімдерді біріктіру қажет деп ойлаймыз, ал, бақылау құралын кәсіби стандарт тобына, бақылауды жүзеге асыруды республикалық деңгейдегі кәсіби медициналық қауымдастыққа табыстау қажет.
Біздің көзқарасымыз бойынша медициналық көмек көрсету сапасын қамтамасыз ету тетігінің негізгі элементтері мыналар болады:

  • ақпарат жинау және талдау жүргізу;

  • сапалы медициналық көмек көрсету үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған (әрекет ету мүмкіндігін түзету) басқарушылық шешімді қабылдау;

  • қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуын бақылау.

Соңғы элементі бірнші элементке ұқсас келеді, екеуінде де ақпарат жинау және оларды талдау қарастырылады.
Ал сан алуан ықпал етуші әрекеттерді екі түрге бөліп қарастыруға болады: жауаптылық және ынталандыру. Бұл ретте құрылымдық сапаны қамтамасыз ету және сапаның нәтижесі көбінесе ынталандыру сипатына, технологиялық сапаға, талап ету сипатына негізделуі тиіс.
Осылайша, медициналық көмектің сапасын бақылау ұйымдары сараптамалық бағалау мен технологиялық стандарттарды бақылауды жүзеге асыра отырып, нақты емделушінің емделу технологиясының сапасы мен оның нәтижесін бақылауға міндеттенеді. Ең алдымен, орындалған емдеу-диагностикалық іс-шараларының технологиялық стандарттардың талаптарынан ауытқуы жағдайы талданады. Осы жерде айтып өтетін маңызды нәрсе, «Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының Европалық аймақтық бюросының сапаны қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобының ұсыныстарына сәйкес медициналық көмектің сапасын бақылау және қамтамасыз ету тұрғысындағы іс-әрекет төрт құрамдас бөлікті ескере отырып жүзеге асуы тиіс:
-медициналық көмектің қауіпсіздігі;
-медициналық көмектің қолжетімділігі;
-медициналық көмектің оңтайлылығы;
-пациенттің қанағаттануы» [97].
Лицензиялық-аккредитациялық комиссия медициналық көмек көрсетудің құрылымдық сапасын бақылау қажеттілігін жоғарыда атап өттік. Бақылау құралы болып құрылымдық-ұйымдастырушылық стандарттар құрайды, оның ішінде топтық стандарттар – бұл міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне кіретін медициналық мекемелерді аккредитациялау үшін, ал, дара стандарттар – бұл еркін бағада қызмет көрсететін мекемелерді аккредитациялау үшін. Топтық стандарттауда базалық стандарттарға сәйкес келмеген жағдайда басқарма шешімімен жауаптылық – сертификаттаудан бас тарту түрінде ал, ынталандыру болса - қызметтерге тарифтерді көтеру түрінде жүзеге асырылады. Міндетті медициналық сақтандыру енгізілмеген мекемелердің қызметі стандартқа сай келмеген жағдайда ғана оларға жауаптылық қарастырылған.
Кәсіби медициналық қоғамдастықтар нақты медицина кызметкерлерінің кәсіби сапасын бақылауы тиіс. Соңғысы құрылымдық сапаның элементі болып табылады. Бақылау құралы ретінде топтық кәсіби стандарттар қарастырылған. Қызметкердің жоғары стандарттарға сәйкес талаптарды орындауы және бірнеше жоғары санаттарды алуы қызметтік жалақыға үстемеақы алуына құштарлығын туғызады деп ойлаймыз. Жауаптылық болмаған жағдайда, ынталандыру шаралары болмаған жағдайда базалық стандартқа сәйкес, сертифкаттаудан бас тартылуы тиіс. Сөйтіп, бұл процедура мамандарды сертификаттау мен дәрігерлік және орта қызметкерлерін құрамының элементтерін біріктіреді.
Тұтынушылардың қоғамдық бірлестігі – тұтыншылық топ субъектісі – медициналық көмек көрсету сапасының барлық компонентіне бақылауды жүзеге асырады. Нормативтік базаларды талдау және олардың қызметінде тәжірибеде айғақталып отырғандай, тексеру белгісіз тұтынушылардың пайдасына емес, көбінесе нақты емделушілердің арыздары бойынша жүзеге асырылады.
Дегенмен, денсаулық сақтау басқармасы органдары аумақ тұрғындарына және барлық ауру жандарға, есептік кезеңде әр емдеу мекемелерінде ем қабылдаушыларға көрсетілетін медициналық көмек беру нәтижесінің сапасын бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Бақылау құралын – тұрғындардың денсаулығының көрсеткіштері және емдеу мекемесі қызметінің көрсеткіштері құрайды. Бұл көрсеткіштерді талдау басқару органдарына жедел басқаруды жүзеге асыруға және денсаулық сақтау саласын дамытудың келешегін анықтауға мүмкіндік береді.
Медициналық мекеме – ішкі топтың бірден-бір өкілі, сондықтан, медициналық көмек көрсету сапасының барлық үш компонентін бақылауды жүзеге асырады. Ақпарат жинау үшін емдеу мекемелерінде толтырылатын түрлі құжаттамалар, сыртқы және тұтынушылық топ субъектілерін тексеру нәтижелерінің құжаттары қолданылады. Бақылаудың негізгі құралы: сараптамалық бағалау және қызмет көрсеткіші болып табылады.
Міндетті медициналық сақтандырудың аумақтық қоры аумақта субъектілердің өзара қарым-қатынас ережесін қалыптастырады және міндетті медициналық сақтандыруға бағытталған құралдарды ұтымды пайдалануды бақылауды жүзеге асыруы тиіс.
Осылайша, қолданыстағы нормативтік база, медициналық көмек көрсетудің сапасын бақылайтын бірқатар қатысушыларды, олардың уәкілеттіктерін, атқаратын қызметін, бақылау объектілерін бөліп қарастырмайды, бұл жағдайда қосарлану мәселесінің шешілмейтіндігі сөзсіз. Жүйені қалыптастыруға ұсынылатын қағидаларды енгізуде аталған кемшіліктерді болдырмауымыз қажет. Сонымен бірге сапалы медициналық көмектің мына анықтамасымен толықтай келісеміз: «Сапалы медициналық көмек – бұл білікті медициналық қызметкерлер көрсететін, нормативтік-құқықтық актілерге, медициналық көмек көрсету стандарттарына, келісім-шарттарына немесе әдетте ұсынылатын талаптарға сәйкес келетін уақытылы медициналық көмек» [98].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет