Қожаберген Сабира мфпко-301 тобы Инклюзивті білім беру пәні


Психологиялық физиологиялық бұзылулар



бет7/8
Дата22.12.2023
өлшемі53,3 Kb.
#142720
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қожаберген Сабира Инклюзивті білім беру СРС СРСП 2

1.Психологиялық физиологиялық бұзылулар
2.Мінез-құлық және эмоционалды мәселелер
3.Нашар өмір сүру жағдайлары (әлеуметтік, экономикалық, тілдік мәселелер және т.б.)
1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар балалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар.
2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары бар балалар. Зияты қалыпты балалардың ерекше қиындықтары жеке оқу дағдыларын меңгеруде байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дискалькулия және т.б.). бұл қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны балаларға мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлардан (отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отбасы ішілік қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б.) құрдастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан (енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтілік) пайда болуы мүмкін.
3-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындайтын балалар. бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармайтын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, оралмандар) не- месе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі.
ЕБҚ бар балаларды мұндай топтарға бөлу мектепте білім алуында қиындығы бар бірде-бір оқушының назардан тыс қалуына жол бермейді.
ҚР инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп отырған жалпы білім беру педагогтары үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы - психикалық және дене дамуы бұзылған (мүмкіндігі шектеулі) бала ғана емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала екенін түсінулері маңызды.
Психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды. Сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс.
ЕБҚ ұғымы икемді болып табылады және білім беруде және тұтастай қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты кеңейеді. Осылайша, ЭЫДҰ елдерінде ЕБҚ анықтамасы «физикалық, психикалық ерекшеліктері, қабылдау мен мінез-құлқының бұзылуы бар, созылмалы аурулары бар балаларға, ауруханада немесе үйде ұзақ уақыт емделіп жатқан балаларға, эмоционалды проблемалары бар балаларға, қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға, зорлық-зомбылықты бастан өткерген балаларға, әскери қақтығыстар аймақтарындағы балаларға, босқындарға және қоныс аударған адамдарға» қолданылады.
Инклюзивті білім беру түсінігі халықаралық контексте кеңірек: бұл қандай да кемсітусіз сапалы, икемді және жеке білім. ЮНЕСКО-ның пікірінше, ол «барлық оқушылардың әртүрлі қажеттіліктерін оларды оқуға, мәдени іс-шараларға және әлеуметтік өмірге тарту арқылы қанағаттандыруға бағытталған және сонымен бірге білім беру жүйесінен әлеуметтік оқшаулану мен одан айрылу ауқымын төмендететін үдеріс» деп айқындалады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, «инклюзивті білім беру барлық оқушылардың негізгі білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, сапалы білім алуға қол жеткізу құқығына негізделеді».
2011 жылы «Сандж» зерттеу орталығы халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарындағы балалардың сапалы білім алуына қолжетімділігіне ситуациялық талдау нәтижелерін жариялады. Олар орта білімге қол жеткізуде қиындықтарға тап болған балалардың 10 тобын анықтады:

  • осал отбасы балалары;

  • толық емес отбасы балалары;

  • аз қамтылған отбасы балалары;

  • девианттық мінез-құлықты балалар;

  • шалғайдағы ауылдық аудандардың балалары;

  • даму мүмкіндігі шектеулі балалар (оның ішінде мүгедек балалар);

  • тілдік және этникалық азшылықтардың балалары;

  • мигранттар отбасыларынан шыққан балалар (экспаттар);

  • босқын отбасыларының балалары;

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Халықаралық контексте соңғы уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар деп тек физикалық немесе психологиялық бұзылулары бар оқушылар ғана емес, сонымен қатар оқуда қиындықтарға тап болған кез келген оқушы саналады. ЕБҚ анықтамасы дарынды, талантты және қабілетті студенттерге қатысты кеңінен қолданылады, өйткені олардың да таланттарын, әлеуетін және жеке қасиеттерін дамыту қажеттіліктері бар.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта ең қабілетті оқушылардың физикалық немесе психикалық ауытқуы бар жағдайлар көп кездесуде, бірақ олар мектептен ешқандай қолдау алмайды. Ежіктеп оқитын және IQ-ы жоғары оқушының жағдайы жақсы мысал бола алады, ол оқу бойынша тапсырмаларды басқа оқушылар деңгейінде орындайды, бірақ оның «өзгешелігін» мектеп пен мұғалімдер басқалардан артта қалмайтындықтан елемейді. Қазіргі білім беруде мұндай оқушылар «DME» - қосалды және мульти ерекшелігі бар оқушылар ретінде анықталады. Жақсы үлгеріміне қарамастан, мұндай оқушылар, әдетте, ерекше білім беру қажеттіліктеріне ие. Мұндай оқушыларға келесідей қолдау көрсетуге кеңес беріледі:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет