Қожахметова К. Ж. п.ғ. д профессор Алматы қ


Ә.КЕКІЛБАЕВ МҰРАСЫ АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет15/23
Дата21.01.2017
өлшемі1,61 Mb.
#2406
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

Ә.КЕКІЛБАЕВ МҰРАСЫ АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ 
 
ЖАҢҚҦЛ Т.А - ғылыми ізденуші  (Алматы қаласы) 
 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан 
дағдарыстан  кейінгі  дҥниеде:  болашаққа  интеллектуалдық  секіріс‖  атты 
республикадағы  зиялы  қауым  ӛкілдірі  мен  студенттермен  кездесуінде 
«Қазақстанға  біздің  ҧлтымыздың  әлеуетін  оятуға  және  жҥзеге  асыруға  жағдай 
жасайтын иннтеллектуалды  тӛңкеріс қажет.  
Біздің  ендігі  міндет  қазақстандықтардың,  бірінші  кезекте  жастардың 
білімділікке, интеллектіге, Отан мен халыққа қызмет етуге кӛзқарастарын ӛзгерту 
...  Біз  қазір  іргемізді  нығайтып,  кҥш  қуатымызды  арттырып,,  жетілген 
мемлекет  ретінде  келіп  тҧрмыз.    Қазақстан  бҥкіл  әлем  сыйлайтын  және 
есептесетін  беделді биік іргелі ел болды.  ... білімерің мен қайрат- жігерлеріңді ӛз 
елдеріңнің  мҥддесіне жҧмсаңдар» деп бҥгінгі жастарға ҥлкен сенім артады/1/.  
Ә.Кекілбаев  мҧрасы  бҥгінгі  егемен  еліміздің    тәуелсіздігі  мен  бірлігін 
сақтайтын  ҧлт  азаматын    қалыптастыруда  негізгі  орын  алады.  Жазушының 
еңбектерінде ҧлттық нақышты ӛрнектеген шығармалар кӛптеп табылады/2/. 
К.А.Оразбекова  ғылыми–зерттеу  жҧмысында  «ҧлттық  тҧлға»  ҧғымын 
ғылыми  термин  ретінде  енгізе  отырып,  «ҧлттық  тҧлға,  –    дегеніміз  ,  тілі,  діні, 
мәдениеті,    салт  санасы  қалыптасқан  ортада  жеке  адамға  тән  қасиеттермен  ӛз 
ҧлтының, халқының тҧрмыс тіршілігін бойына сіңіріп, ҧлттық намыс, талғам және 
ҧлттық сана белгілерін ӛз бойында тҧтастай кӛрсетіп, ең жоғары рухани деңгейде 
дамыған адам» /3,33/.   
Белгілі  психолог  М.М.Рубинштейн  «шынайы  патриот  тҧлға    –    жалпы 
адамзаттық  қҧндылықтардың  негізін  салушы  және  таратушы.  ...  Басқаға  қҧрмет 
кӛрсету  арқылы  ӛз  беделінді  арттыру»  /4,35/.      Жоғарыда  берілген  анықтамалар 
Ә.Кекілбаев  мҧрасындағы  кейіпкерлер  негізінде  ҧлттық  намыс,  ҧлттық  сана 
белгілерін ӛз бойында тҧтастай сіңірген тҧлғалар жиынтығы  тҧрғысынан кӛруге 
болады.    
 «Қазақ елі» монументінің ашылу салтанатында Ә.Кекілбайҧлы  « .... Бҧл  ел 
жолында  жҥк  қалдырмас  Ерлікке  ескерткіш.  Бҧл  абзал  армандар  мен  асыл 
мҧраттарға  қанат  бітіре  алатын  дарқан  елдікке  ескерткіш.  Бабалар  аманатын 
орындаған  ардақты  ҧлын  аялаған  халықтық  махабаттың  ескерткіші.  Жасампаз 
халық,  жаңашыл  қауым  екендігімізге    ел  жолындағы  еңбекті    әділ  әспеттей  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
127 
білетіндігімізбен сендіреміз», - деп зерделеуінен әр тарихи мҧра бҥгінгі жас ҧрпақ 
тәрбиесінде негізгі орын алады/5/. 
Әбіш  Кекілбайҧлы  мҧрасы  бҥгінгі  егемен  еліміздің  оқушы-жастарының 
бойындағы  ҧрпақтан-ҧрпаққа  жалғасын  тауып  отырған  ҧлтттық  қҧндылықтарды 
қалыптастыруда  негіз  орын  алары  сӛзсіз.    Ә.Кекілбаев  тҧлғасы    -  бҥгінгі  қазақ 
жастарының  пір  тҧтар  бейнесі    және  азаматттық  символы.    Педагогика 
ғылымында  тҧлға моделі деген ҧғым бар.  Осы тҧрғыдан алғанда Ә.Кекілбайҧлы 
бҥгінгі жастарға ҥлгі болатын  негізгі тҧлға. 
 Әбіш 
Кекілбайҧлы  мҧрасында    тҧлғаның    бойындағы  ҧлттық      
қҧндылықтарын  қалыптастырудың    негізі  болып    табылатын  Отан,  адам,  тҧлға, 
ӛмір,  адамдардың  бір-біріне  мейрімділік  қарым-қатынасы,  шыншылдық, 
әділеттілік,  білім,  ғылым,  ӛнер  адамның  ӛмір  сҥруіне  деген  материалдық 
жағдайлары толық қамтылады.   
Егер  Ә.Кекілбайҧлы  мҧрасына,  ол  туралы  жазылған  еңбектерге  талдау 
жасайтын болсақ  оның бойына адами және азаматтық қҧндылық қасиеттер бала 
кезден,  ана  сҥтімен  бірге,  ӛзінің  ана  тілі  арқылы,  мораль  негіздері  ретінде,  ӛз 
тарихын,  мәдениетін,  әдет-ғҧрыптары  мен  салт-дәстҥрлерін  игеру  нәтижесінде 
қалыптасқаны  кӛрінеді.  Ғалым-жазушының  мҧрасынан  ҧлттық  рух,  бір  ҧлттың  
асыл қасиетін  кӛреміз/2/. 
Жазушы-ғалым 
жалпыадамзаттық 
қҧндылықтарды 
 
халықтық 
дәстҥрлерден, адамгершілік принциптерден, әлеуметтік ойдың озық белгілерінен  
ала  отырып,    оқырманға  ҧсынады.  Тәрбиенің  негізі  болып  саналатын 
жалпыәлемдік  қҧндылықтардың  бірі  –  тәрбиенің  басқа  адамға  деген  қажеттілігі, 
басқа  адамдарды  сҥйе  білу  қажеттілігі  болып  табылады.  Әр  адамның  тағдыры 
әрқашан әлемдік дҥниемен, адамдармен, ҧжыммен байланысты. Жалпы тҧлғаның 
бойындағы қҧндылық, адамгершілік қҧндылық  бҥгінгі  қоғамның даму ҥрдісінде 
тҧлғаға  білім  және  тәрбие  беруде  негізгі  орын  алады.  Қҧндылық  –  философия, 
мәдениеттану,  әлеуметтану,  педагогика  және  психология  ғылымының  негізі 
ҧғымы  болып  табылады.  Қҧндылық    тҧлғаның  бойындағы  қасиеттердің 
жиынтығы.  Сондықтан  демократияландыру,  адамның  қҧқығы  мен  бостандығын 
сақтау  жағдайларында  ҧжымдағы  қарым-қатынас  мәселелері,  патриоттық  
қҧндылық, жан-жақты мәдениетті тҧлға бҧл кҥнде ерекше маңызға ие болуда/6/.  
Әбіш  Кекілбайҧлының  мҧрасын  зерттеушілердің  бірі  Т.Медетбек    ―Әбіш 
Кекілбайҧлы  еліміздің  рухани  тіршілігінде  болсын,  саяси-әлеуметтік  ӛмірінде 
болсын  қайталанбас  қҧбылыс.    Ол  –  феномен.  Ол  –тҧтас  әлем.  Ол  тҧтас  әлемді 
қамтып сӛйлеуге бір мақала тҥгілі, ҥлкен бір кітаптың қауқары жетпейді. Ол әлем 
айтқан  сайын  қадалған  сайын  тереңдей  тҥсетін  шыңырау  әлем.  Ол  шыңыраудан 
әлі талай ҧрпақ сусындап, талай ҧрпақ қуаттанары сӛзсіз. Ол – рухани ҧлы тҧлға‖,  
-  деп    атап  кӛрсетуі,  біріншіден  жазушының  әлі  бергенінен  берері  мол  екенін 
кӛрсетуімен  қатар,  оның  мҧрасының  ҧрпақ  тәрбиесінде  негізгі  тәрбие  қҧралы 
екенін кӛруге болады /7/. 
Жалпыадамзаттық  қҧндылықтар  халықтық  дәстҥрлерде,  адамгершілік 
принциптерде,  діни  мәдениетте  жақсы  жазылған  және  әлеуметтік  ойдың  озық 
белгілері,  жеке  тҧлғаның  қасиеттері,  адамгершілік  ҥлгілері  жинақталған  кҥйде, 
әдептіліктің  қоғамда  қабылданған  ҥлгісі  ретінде  кӛрінеді.
 
Жалпыадамзаттық 
қҧндылықтар – тҥрлі халықтың, тҥрлі діннің, тҥрлі дәуірдің рухани мақсаттарын 
жақындастыратын қҧбылыс/6/.  
Мектептегі  тәрбие  жҧмысын  жалпы  әлемдік  қҧндылықтарға  негіздей 
отырып, жаңа қҧндылықтар жасауда Ә.Кекілбаев мҧрасының маңызының ерекше 
екенін  байқауға  болады.    Ғалымның  еңбектерінің    мәні  жас  ҧрпақты  басқаларда 
бар  нәрсені  бағалай  білуге  ҥйрету,  жалпыадамзаттық  дамуға  ҥлес  қосуға, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
128 
халықтардың  кҥш-жігерімен  жасалған  қҧндылықтарды  қҧрметтеуге  және  қорғай 
білуге тәрбиелейді. 
Ана  тілі  Ә.Кекілбайҧлының    мҧрасының  негізгі  тәрбие  қҧралы  болып 
табылады.  Жалпы  адамзаттық  қҧндылықтарды  игеруде  біріктіруші  бастама  - 
тәрбиенің маңызды қҧралы ретінде ана тіліне берілуі тиіс. Тіл арқылы кез келген 
халықтың  даму  дәрежесін,  оның  тарихын,  мәдениетін  тҥсінуге  болады.  Ӛз 
ҧлтының  тілін,  музыкасын,  әдет-ғҧрпын,  ауыз  әдебиетін,  мақал-мәтелдерін 
білмеу, ол ӛз халқынан, ӛскен ортасынан, ҧлттық менталитетінен жҧрдай болып, 
қол  ҥзу  болып  табылады.  Ӛз  халқымен  рухани  байланысы  жоқ  адам,  тамырсыз 
ӛскен  ӛсімдік,  қуыс  кеуде  болып  қалады.  Ӛз  халқының  тілін,  мәдениетін 
білмейтін адам ӛз халқының тарихын, әдет-ғҧрпын мақтан ете алмайды. Тіл – ол 
тек ҧлттардың қарым-қатынас қҧралы ғана емес, ол сонымен қатар оның бейнесі, 
мәні, дҥниетанымының шегі. Әр  жеке тҧлға ӛз ҧлтының рухымен сомдалуы тиіс. 
Ҧлт менталитетінің бҥгінгі заман талабына сай бейімделуі, оның жаңа қоғамдық 
қатынастарды  қабылдауы  қазақ  философиясының  терең  зерттелуімен  тікелей 
байланысты.  Ӛйткен  себебі,  философиялық  деңгейде  бейнеленген  қҧндылықтар 
ғана  менталитет    қҧрылымында  мәңгілік  сипатқа  ие  болады  және  оның  қазіргі 
ерекшеліктерін  аңғаруға  мҥмкіндік  жасайды.  Менталитет  ҧрпақтан–ҧрпаққа 
ҧжымдық  бейсаналық  тҥрде  беріліп  отырады.  Бҥгінгі  қазақ  менталитетінде 
ғасырлар  бойы  ҧрпақтан  ҧрпаққа  беріліп  келе  жатқан  қҧндылықтар  мен 
архетиптер  кӛп.  Солардың  бірі  -  сӛз  ӛнері.  Сӛз  ӛнері,  шешендік  дәстҥр,  қазақ 
халқының  дҥниені,  қоғамдық  қатынастар  адам  арасындағы  байланыстарды 
талдаудағы  ӛнердің  бір  тҥрі.  Ҧлт  менталитетінде  даналықтың  орны  ерекше.  Ол 
қазақ  философиясы  мен  ҧлт  менталитетінің  ара  қатынасын  жақындатып  тҧрған 
және екеуіне бірдей тиесілі рухани қҧндылық. Даналық категориясы арқылы қазақ 
философиясының астарын ашып қана қоймай, сонымен бірге ҧлт менталитетінің 
даму ерекшеліктерін байқауға болады. Осы тҧрғыдан алғанда  Ә.Кекілбайҧлының  
мҧрасы даналықтың,  рухани қҧндылықтың  биік шыңы деп айтуға болады.  
 Тҧлғаның 
 
бойындағы 
ҧлттық 
қҧндылықтарды 
қалыптастыруда  
Ә.Кекілбаевтың    мҧрасында    алдыңғы  қатарлы  ҧлттық  идеялар,  ҧлттық  ой-сана, 
адамның  тҥрлі  ӛмірлік  қҧбылыстары  мен  жағдайлары,  ҧлттық  сезім  және  оны 
қҧрметтеу мәселелері  жан  - жақты қамтылады.  Оның шығармасын оқи отырып,  
бҥгінгі  тҧлғаның    ерік-жігерінің  іске  асуы,  ӛз  ойын  еркін  іске  асырудың 
дайындығы және оның іске асуының нәтижесін қамтитын тірбие жҥйесін кӛруге 
болады.  Жазушының ойы, кӛзқарасын  ҧлы педагог тҧрғысынан қарайтын болсақ, 
ол тҧлғаның ерік-жігер механизмін, адамның ӛзіне тән жеке бас қасиеттерін іске 
асыруға  мҥмкіндік  береді.    Оның  әр  образы    -    сезімнің,  әсердің  ішкі  кҥшінің  - 
сҥйініштің бойға жинақтаған кӛрінісі тҧрғысынан  камтылады.  
Егер 
жазушының 
шығармасындағы 
әр 
образында 
психолог 
К.Оразбекованың  ҧлттық  тҧлға,  тіл,  дін,  мәдениет,  салт  сана,  ҧлттық  намыс, 
талғам және ҧлттық сана, т.б.  қасиеттермен ҧштасып жатыр.   
Ә.Кекілбаев  мҧрасында  ҧлттық  парыз,  мақтаныш,  намыс,  сезім,  сана,  рух, 
т.б. қҧндылықтар ҧлттық идеяның негізгі кӛрінісі  болып табылады. 
Белгілі жазушы Т.Медетбек ―бҥгінгі таңда бҥкіл әлемдік рухани айналысқа 
тҥсіп  кеткен  мәңгҥртизмді  ең  алғаш  дҥниеге  келтірген,  сӛз  жоқ,  Әбіш 
Кекілбайҧлы.  Оған  ешкімнің  де  дауы  болмаса  керек‖-деп    ҧлттық  мәдениет,  ана 
тілі ҥшін кҥрескен  ҧлы тҧлғалардың брі екеніне тоқталады/7/.  
Ә.Кекілбаевтың  Махамбет,  Исатай,  Адайдың  алпыс  батыры  туралы 
зерттеулері  егемен  еліміздің    патриот  –азаматтарын  тәрбиелеуде  негізг  орын 
алып  отыр.  Оның  әр  тҧжырымы,  ой  толғауы    ҧлттық  философияның  негізін 
қалайды.    Махамбет  ӛмірін  саралай  келе,    батыр  тҧлғасындағы  ерлік  пен 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
129 
ӛрлікті    тӛмендегідей  философиялық  тҧрғыда  суреттейді:  ―  …  Қай  кезде  де 
қырық  қҧбылып,  қҧйқылжып  баққан  мына  дҥниеде  кімнің  қадірін  кім  ҧға 
қояды  дейсіз?    Әйтпесе  кейінгі  екі  жҥз  жыл  ішінде  қазақ  санасына  тап 
Махамбеттей болып мығым орныққан мәшһҥр тҧлғалар кем де кем ғой. Тәңірі 
оның  ӛзі  тҥгіл  сӛзін  тҧтқиылдап  тап  беріп,  тӛтеп  баурап  алатын  ӛзгеше  бір 
ӛктемдікке  ие  етіп  жаратқан  ғой.  Сӛйте  тҧра,  осындай  ӛле-ӛлгенінше  ӛртше 
лапылдап  ӛткен  маздақ  жанның  қаңқасының  қайда  қалғанынан  кҥні  кешеге 
дейін бейхабар келіппіз. Ал, дәл қай арада кіндігі кесіліп, жӛргекке тҥскенін әлі 
кҥнге ешкім дӛп басып айта алған емес.  Бас-аяғы қырық ҥш жыл жасаған қып-
қысқа  ғҧмырының  кей  сырына  таныс  болсақ,  кӛп  сырына  шалыспыз. 
Артындағы  біздер  тҥгілі  қасындағы  қанды  кӛйлек  ҥзеңгілестері  де  осынау 
бірегей сабаздың бҥкіл болмысын жете біле алмай, қаралай қайран қалып ӛткен 
тҥрлері бар» /2,7б./. Жоғарыдағы тҧжырымнан Махамбет бейнесінің қырық ҥш 
жыл жасаған қып-қысқа ӛмірінде лапылдап ӛткен ерлік ғҧмырын кӛреміз.  
Ә.Кекілбаев батырдың тҧлғасын суреттеу отырып, ҧлттық ерлік джәстҥрінің 
қырын айқындай тҥседі. ― ….Махамбет Ӛтемісҧлы да тӛл тарихымыздағы сондай 
бір сонадайдан кӛзді тҥртіп, сойқан елестейтін сирек сҥлейлердің сойынан болған 
сыңайлы.   
Неткен айбынды тҧлға! Неткен аянышты тағдыр! Айбындылығы – қансырап 
жатып  та  қарсыласады.  Жете  алмай  кеткен  мақсатын  кӛзі  тірісінде  жер 
жастандырғысы  келмейді.  ―Халық  ҥшін  қанды  тӛгем  деп,  қараны  ханға  теңеп 
берем деп, ол мақсатқа жете алмай, дегенімді ете алмай, қор болдым-ау, шырақ-
ай!‖ – деп аһ ҧрады. Бірақ, қанша арпалысса да, қайрансыз еді. Тіпті қасына ерер 
қарасыз  қалып  еді.  ―Қалы  кілем,  қара  нар    жарасады  қатарға,  аруана  жисаң 
жарасар,  ҧлы  кҥнде  сапарға,  қаумалаған  қарындас  қазақта  бар  да,  менде  жоқ, 
арызымды айтарға!‖ Бҧл аянышты болмағанда, не аянышты болмақшы?! 
Ең  ӛкініштісі  –  бҧл  кепті  Махамбетке  дейін  де  талай  ер,  қазаққа  дейін  де 
талай  ел  бастан  кешіп  еді.  Бірақ  ай  астында  кӛп  ештеңе  ӛзгере  қойған  жоқ-ты. 
Ӛйткені,  адамда  да,  қоғамда  да  кҥнделікті  кҥнкӛріс  қамынан  артылып  қалатын 
кӛп  кҥш-жігер  бар  еді.  Ӛкінішке  орай,  ол  бар  кезде  жасампаздыққа  жҧмсала 
бермеген-ді.  Сондықтан  да,  әлемдік  тарих  әлі  кҥнге  ірілі-ҧсақты  соғыстар  мен 
ҧрыс-жанжалдардың  шежіресіне  кӛбірек ҧқсайды/2,347/.  
Әсіресе жазушының Махамбет пен Исатай  мҧрасын зерттеп, ол туралы ой  
тҧжырымдары   педагогика ғылымы саласы бойынша талай зерттеушілерге азық 
болары сӛзсіз. Жазушы  - ғалымның Махамбет  мҧрасы бойынша зерттеулері, ой 
тҧжырымы    бҥгінгі  егемен  еліміздің  патриот  -  азаматын  тәрбиелеуде  негізгі 
тәрбие  қҧралы  болып  табылады.  Ал,    ―Кҥй‖  хикаясың    қабылдауы  ӛте  жоғары 
болды. Ол  әлемнің кӛптеген тілдеріне аударылды. Сыншы Э.Теракопян  ―Ӛткен 
ӛмірдің  кӛне  беттерін  аша  отырып,  тарихи  шындықтан  ауытқымаса  да,  Әбіш 
Кекілбаевтың бҧл повесі бҥгінгі кҥннің кӛкейкесті мәселелеріне жауап береді. Бҧл 
шығарма  адам  бойындағы  творчестволық  бастау  кӛзін,  ӛзінше  ойлау  қҧқын 
әспеттейді‖,  деген тҧжырым айтса,  неміс сыншысы Герберт Кремпиен ―Адайлар 
мен  тҥркімендер  арасында  жҥздеген  жылдарға  созылған  алауыздықтан  хабардар 
ететін  осы  оқиғалар  кӛшпенді  халықтарда  бҧрын  тарих  болмады  деген  қауесетті 
жоққа  шығарады,  мҧндай  қауесет  бҧрын  қазақтарға  да  таңылып  келген  еді… 
Сонымен  қатар,  Орта  Азия  даласында  ӛткен  кішігірім  қақтығысты  суреттеу 
арқылы  ҥлкен  қоғамдық,  гуманистік  мәні  бар  хикая  жазуға  болатынын 
дәлелдейді. Қазақ жазушысы ертедегі ҧлттық тарихқа ҥңілсе де, бҥгінгі  заманда, 
мысалы,  Африка  халықтары  ҥшін  айрықша  мәні  бар  ӛте  кӛкейкесті  мәселелерді 
қозғайды‖,- деп қазақ халқының ӛр тҧлғасының тағын бір қырын кӛрсетед/2/.   

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
130 
Жазушының  талантын бағалайтын жазушы  ―Дала балладаларының‖ заңды 
жалғасы  болып  табылатын  ―Аңыздың  ақыры‖  романы  да  ӛзінің  тҧтас 
кесектігімен,  масштабтылығымен,  әрі  терең,  әрі    биіктігімен  айрықша  орын 
алады.  Бҧл  роман  аса  қҥрделі,  қатпар-қатпарлардан  тҧратын  философиялық, 
психологиялық шығарма. Ол тартысты ішкі монологтармен, сана ағымы әдісімен 
жазылған.  Адам  жанының  тҥкпір-тҥкпірінде  болып  жататын  небір  қҧпия 
қҧбылыстарын,  ағысты иірімдерін жан-жақты ашып  кӛрсетуге тиімді  бҧл  тәсілді 
жазушы ӛте сәтті пайдалана білген,- деп адам табиғатымен қоса пендешілік ӛмірді  
де жақсы суреттей білгеніне тоқталады/2/. 
Белгілі  жазушы  Т.Медетбек  «рухани  ӛміріміздің  табалдырығын  әп  деп 
аттағаннан-ақ  Әбіш  Кекілбайҧлы  қоғам  мен  адам  арасындағы  қарама-
қайшылықты,  қоғамның  адам  санасы  мен  психологиясына  әсер-ықпалын, 
адамның  қоғамда  алатын  орнын,  болмысы  мен  табиғатын,  драмасы  мен 
трагедиясын  барынша  қазып  кӛрсетіп,  қазымырлана  сӛйлеп  келді.  Оның  ішкі 
ағымдары мен қат-қат боп жатқан терең қабаттарына ҥңілді.  
Әбіш Кекілбайҧлы – шығармашылық ісінде болсын, қоғамдық-қайраткерлік 
жҧмыстарында  болсын  халықтық  мән-маңызы  бар  ҥлкен  қағидалар  мен 
мҧраттарға  қызмет  етіп  келе  жатқан  ҧлы  тҧлға.  Ол  қандай  ҥлкен  қағидалар,  ол 
қандай ҥлкен мҧраттар? 
Ол халық халық  боп қатарға қосылу ҥшін, ҧлт ҧлт болып рухтану ҥшін, ең 
алдымен,  оның  тарихи  жадын  оятып,  тарихи санасын  жаңғырту  керек  деп  ҧқты. 
Халық  ҥшін  де,  ҧлт  ҥшін  де  тарихи  жад  пен  тарихи  санаға  жасалынған 
қастандықтан  ӛткен  жауыздық  жоқ  деп  білді.  Ӛйткені  тарихи  жад  ӛшіріліп, 
тарихи  сана  жойылған  тҧста  шыққан  тек  оталып,  тартылған  тамыр  қырқылмақ. 
Ӛткен- қҧрдымға кетіп, ал ертең  – беймәлім болып қалмақ. Ондай кезде ҧлт ҧлт 
болудан қалып, жетектегеннің  жетегінде, иектегеннің иегінің астында кетпек. 
Мҧндай  әрекеттер  тәуелсіздігіміздің  алғашқы  жылдарында  тіпті  бел  алып, 
қазіргі  таңда  сәл  бәсеңсігенімен  бҥтіндей  толастай  қойған  жоқ.  Міне,  осындай 
тҧста  Әбіш  Кекілбайҧлы  тәуелсіздік  хақында,  оның  алдындағы  мемлекеттің, 
қоғамның,  әр  адамның  міндеттері  мен  жауапкершілігі  хақында  байламы  берік, 
қайрауы жетік кӛптеген мақалалар жариялады‖/ 7/. 
―Егемен  Қазақстан‖  газетінде  жарияланған  ―Тіл  және  тәуелсіздік‖  деп 
аталатын  терең  зерттеулерден  туып,  ҥлкен  тебіреніспен  жазылған  сараптамалық 
мақаласын  айрықша  атауға  болады.  Ӛз  тілдерінен  айрылып  қалған  Латын 
Америкасы мен Африка елдерінің басынан ӛткен ауыр  халді алға тарта отырып, 
тілін жоғалтқан елдің бәрін де жоғалтатынын  нақты дәлелдер мен дәйектемелер 
арқылы  ескерту  жасайды.  Кейде  сол  мақаланы,  шіркін,  қоғамның  әр  мҥшесі, 
басшысы  да,  қосшысы  да  тағы  бір  зерделеп оқып, парасат  -    пайымынан  ӛткізіп 
алса ғой деп ойлаймын. 
Әбіш Кекілбайҧлы зорлық тек зорлық, жауыздық тек жауыздық, ӛшпенділік 
тек  ӛшпенділік  тудыратынын  терең  біледі.  Яғни,  кімде-кім  жауыздық  жасаса, 
жауыздықтың қолынан опат болмақ. Егер ол дер кезінде жазасын алмаса, бәрібір 
тҥптің  –  тҥбінде  зауалын  тартпақ.  Ӛзі  тартпаса  ҧрпақтары  тартады.  Бҧл  –  қолға 
ҧстауға  келмейтін,  кӛзге  кӛрінбейтін,  Қҧдіреттің  ӛзі  жҧмыр  басты  пендесін 
жаратқаннан  бері  ҥйретіп  келе  жатқан  дәрісі.  Қҧдайлық  заңдылық.  Оның 
шығармаларынан  тарайтын  тағылымдар  да,  қайраткерлік  тірлігіндегі  ӛсиет- 
пікірлер де осыған саяды. Бҧл ретте ол бҥкіл  адамзат  баласы  басынан ӛткізген 
тарихи тауқыметтерді, тарихи азап пен сорды алға тартады. 
        Әбіш  Кекілбайҧлы  егер  ел  ішінде  алауыздықтың  ала  қҧйыны,  ашкӛздік  пен 
дҥниеқоңыздықтың  ақ  тҥтегі  кірсе,  онда  ол  ҥлкен  қауіп  пен  қатердің  астында 
қалатынын  барынша  қазып,  барынша  қадап  айтумен  келеді.  Іргені  тек  ынтымақ 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
131 
бекітіп, шаңырақты тек бірлік ҧстап қалады деп ҧғады. Сондықтан да ол адам мен 
адам арасында жарасым, ҧлт пен ҧлт арасында ҥйлесім, мемлекет пен  мемлекет  
арасында  ықпалдастық  орнатуға  бар  кҥш-жігерін,  ілім-білімін,  парасат-пайымын 
арнап жҥр деп айтсақ артық емес/7/.  
        Әбіш 
Кекілбайҧлы  мҧрасы  -  тҧлғаның    бойындағы  ҧлттық      
қҧндылықтарды  қалыптастыруда  философиялық,  педагогикалық  және 
психологиялық тҧрғыда негізгі орын алады. Ә.Кекілбайҧлы мҧрасы және ӛзінің 
азамат тҧлғасы  интеллектуалды  ҧлтты қалыптастыруға негіз  болады.   
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Назарбаев 
Н.Ә.  Қазақстан  дағдарыстан  кейінгі  дҥниеде:  болашаққа 
интеллектуалдық секіріс. /Егемен Қазақстан. 2009. 14 қараша. 
2.Кекілбайҧлы Ә. Шандоз. Деректі тарихи баян. Алматы. Арыс.  2004. -360 б. 
3.Оразбекова 
4.Рубинштейн  
5.Кекілбаев  Ә.  Ордалы  Астана  тҧрғызу  олжалы  жорыққа  шығудан  қиын.    // 
Егемен Қазақстан.  2009 ж. 21 қазан.  2 – бет. 
6.Иманбаева С.Т. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориясы мен 
әдістемесі. Монография. Алматы. 2007.  – 310 б. 
7.Медетбек  Т.  Шыңырау.  / Егемен Қазақстан,  2009. 25 тамыз  2009.  5-6 бет.   
 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  психологические  основы  в  наследие 
А.Кекилбаева. 
 
ТҤЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада 
Ә 
Кекілбаев 
мҧраларының 
психологиялық 
негізі 
қарастырылады. 
 
 
 
 
МАЙЛЫҚОЖА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК, 
ЕРЛІК, ЕҢБЕККЕ БАУЛУ, АҚЫЛ-ОЙ  ЖӘНЕ ОТБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Жайлымысова Г.А.- оқытушы. (Алматы қ. ҚазмемқызПУ) 
 
Майлықожа  ақынның  термелерінде  адамгершілік  барысында  тәрбиеге 
шақыру шарықтай тҥседі. Ақын адамгершілікті жалпы 1 – ші орынға қойған десек 
қателеспейміз. 
Адамгершілік  қарым  –  қатынасты  сондықтан  да  кӛп  дәріптеген. 
Адамгершілік  (мораль)  дегеніміз  –  адамның  қоғамға,  еңбекке,  адамдарға  деген 
қатынасын  анықтайтын  тарихи  қалыптасқан  мінез  –  қҧлық  ережелері.  Ӛнеглік 
адамгершіліктілік –бҧл ішкі мораль, адамгершілік біреуге кӛрсету ҥшін емес, ӛзің 
ҥшін.  Ең  бастысы  терең  адамдық  адамгершілікті  қалыптастыру.  Адамгершілік 
тәрбиесі – қоғамның ережелеріне сәйкес адамгершілік тҥсінік, пікір, мінез –қҧлық 
әдеттері  мен  дағдыларын  қалыптастыру  міндеттерін  шешеді.  Адамгершілік 
тҥсініктері  –  не  жаман,  не  жақсы,  не  әділдік  және  әділдік  емес  екенін  тҥсінуге 
мҥмкіндік  береді.  Адамгершілік  тҥсініктері  мен  пікірлері,  сенімге  айналып,  іс  - 
әрекетте  кӛрінеді.  Тҧлғаның  адамгершілік  дамуын  анықтайтын  белгі  – 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
132 
адамгершілік қалақтар мен іс - әрекеттер.Адамгершілік сезімдер адамда оның іс - 
әрекетінің  қоғамдық  мораль  талаптарына  сәйкес  немесе  сәйкес  келмеуіне 
байланысты пайда болады. Сезімдер қиындықтарды жеңуге жетелейді. 
Жас  ҧрпақты  адамгершілікке  тәрбиелеу  негізінде  жалпыадамзаттық 
қҧндылықтар,  моральдық  ережелер  (қоғамныңы  тарихи  даму  барысында 
қалыптасқан)  мен  қатар,  қоғамның  қазіргі  даму  кезінде  пайда  болған  жаңа 
принциптер  мен  ережелер  де  жатыр.  Мәңгілік  адамгершілік  сапалар  – 
шыншылдық,  әділдік,  парыз,  парасаттылық,  жауапкершілік,  ар  –  ҧят,  абырой, 
еңбексҥйгіштік, ҥлкендерді сыйлау. 
Қоғамның қазіргі дамуында пайда болған адамгершілік сапалар – мемлекетті 
сыйлау,  интернационалдық  сезім,  барлық  ҧлттардың  теңдігін  мойындау,  билік 
органдарын,  мемлекеттік  рәміздер,  заң,  конституцияны  қҧрметтеу,  еңбекке  адал 
қатынас,  патриоттылық,  тәртіптілік,  азаматтық  парыз,  ӛз  -  ӛзіңе  талапшыл  болу, 
елде болып жатқан жағдайларға немқҧрайлы болмау,  белсенділік, кеңпейілдік. 
Адамгершілік тәрбиесі – жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын алады. 
Ол  отбасында,  отанға,  халықтар  достығына,  адал,  кіршіксіз  кӛзқараста,  қарым  – 
қатынаста болуды талап етеді. 
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: 
-
 
адам  бойында  қалыптасқан  жеке  қасиеттердің  (гуманизм,  адалдық,  батылдық, 
тӛзімділік)  жиынтылығы  болатын  сезім  мен  сенімді,  әдетті  адамгершілік  қасиет 
ретінде қалыптастыру; 
-
 
адамға  деген  сҥйіспеншілік,  қҧрмет,  қайырымдылық  сезімін  дамыту  арқылы 
тәрбиелеу; 
-
 
ӛз Отанын сҥю, басқаның мҥддесін ӛзінікіндей сезінуі, ҧлттар достығын қажет 
деп тҥсінетін интернационалдық рухта тәрбиелеу; 
-
 
адамгершілік – парыз, позиция, бағдар, мақсат. 
Ендеше 
біз 
осы 
талаптар 
мен 
міндеттерді 
Майлықожа 
ақынның 
шығармашалығында кӛреміз. Ақынның ӛлеңдерінен алып талқыға салайық,  яғни 
Майлықожа ӛлеңдеріне тоқталып талқылайық: 
Жақыныңа жау болып 
Қҧртамын деп ӛшікпе, 
Кезек екі дҥние 
Тығамын деме тесікке. 
*** 
Сырттың жалған ӛсегін 
Ӛз кӛзіңмен кӛрмесең 
―Рас қой!‖ деп есітпе. 
*** 
Тәуекел қылсаң жігіттер 
Қиындықта жеңілер. 
*** 
Адалдық жолын берік тҧтсаң 
Тайдырмас отқа табанды 
*** 
Мҥсәпір қайда кӛрінсе 
Ҧлық кӛргін ӛзіңе 
Едірейіп жҥрмегін 
Жан кӛрінбей кӛзіңе 
Бір ӛзің қайда барасың 
Адамсың халық елменен – 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
133 
деп  ақын  адамгершілік  тәрбие  барысында  ӛз  ҥлесін  осылай  ӛлең  –  жармен 
адамзатқа,  келер  ҧрпаққа  тоқтаусыз  толғана  отырып  жҥктейді.  Яғни  жақыныңа 
жау  болма,  ӛшікпе,  жамандық  жасама,  дҥние  кезек  не  істесең  де  алдыңнан 
шығады, ӛсекке ерме, жалған сӛйлеме, кӛзің жетпей біреудің жалған сӛзіне ерме, 
жаман сӛздің пайдасы жоқ, ӛсекті жолдас етпе қадірің кетер, оданда бҧл айтылған 
жаман  қасиеттерден  аулақ  болып  жақсы  азамат  болыңдар,  кӛп  кӛрген,  кӛңіліне 
тоқыған  қариялардың  айтқаның  тыңдаңдар.  Тәуекел  етіп  барлық  қиындыққа 
мойымаңдар,  ӛтірік  сӛйлеп  ӛкініп  жҥрмеңдер,  кекшіл  болмаңдар,  әрқашанда  ақ 
пейілді  азамат  болыңдар,  ақылмен  іс  жасаңдар,  білімді  ізденіңдңр,  білімді 
болыңдар,  алыста  болса  жақын  бол,  жақсы  адамдармен  жақсылық  қылсаң 
алдыңнан  шығады.  Адалдық  жолын  берік  тҧт,  біреудің  ақысын  жеме,  ала  жібін 
аттама, біреуге кесіріңді тигізбе, мҥсәпірді кӛрсең қол ҧщын беріп кӛмектес, ӛзіңе 
ҧлық  кӛр,  менменсінбей  кӛзіңе  ілмей  жҥрме,  жалғыз  кӛкірек  керме,  халықпен 
бірге бол, халықсыз ешқайда да бара алмайсың. 
Ағайын  –  туған  еліңе  қулық  жасама,  қашанда  жанашыр  қамқор  бол,  адал 
еңбек ет, кӛпті сҥй, кӛпшіл бол, ҥлкендерді қашанда тыңдап керегінкӛкірегіңе тҥй 
– деп тебірене толғайды. Осы жерде дана қазақ халқымыздың кӛптеген мақалдары 
еріксіз  еске  осы  айтылған  ӛсиеттермен  ҧштысып  жатады.  Яғни,  ―ырыс  алды 
ынтымақ‖,  ―Бірлік  болмай,  тірлік  болмас‖,  ―Ынтымақ  істі  бітірер‖,  ―Кӛпті  істі 
бітірер‖, ―Кӛпті сыйласаң ӛзіңді сыйлағаның‖, ―Татулық табылмас бақыт‖, ―Кӛпке 
топырақ шашпа‖, ―Жалғыз кісі жауынгер  емес‖,  ―Адал  адамның аты арып,  тоны 
тозбас‖,  
―Әдептілік ар – ҧят –  
Адамдықтың белгісі, 
Тҧрпайы мінез, тағы, жат –  
Надандықтың белгісі‖, 
―Ақылың болса арыңды сақта, 
Ар – ҧят керек әр уақытта‖,  
―Адамның  кҥні  адаммен‖,  ―Әлсіз  адам  сҥріншек,  ақылсыз  адам  еріншек‖, 
―Ҧлық  болсаң  кішік  бол‖,  ―Ӛтірікші  алдымен  ӛзің  алдар‖,  ―Ашу  дҧшпан,  ақыл 
дос, ақылыңа ақыл қос‖, т.б. осындай мақалдардан да кӛруге болады. 
Ақын  сондай  –  ақ  отбасы,  жан  ҧя,  ерлі  –  зайыптылар  қарым  –  қатыснасы 
тақырыптарында да аз тебіренбейді, бҧл бағытта да ӛз ҥлесін қосып ат салысады. 
Демек: 
Жақсы болса алғаның 
Қоғалды болар жан – жағың, 
Жаман болса алғаның 
Ҥйіңнен кетпес жанжалың,  
Бала – шаға отаның  
Орнаған – бау шарбағың, 
Бағасы кеткен жігіттің 
Бетінен алар зайыбы.  
*** 
Кӛргенді жерден қыз алсаң,  
Атыңды ерттер жҥгендеп 
Далаға жҥрер уақта  
Керектіңді тҥгендеп –  
деп ―алғаның жақсы болса есіктегі басыңды тӛрге сҥйрейді, алғаның жаман 
болса тӛрдегі  басыңды кӛрге сҥйрейді‖  – деген халқымыздың даналығын еріксіз 
еске алдырады. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
134 
Бҧл  жерде  ―жаман  болса  алғаның‖  –  деп  ер  адамның  жҧбайын  суреттейді. 
Алғаның  жақсы  жар  болса  орнаған  бағың,  қҧт  берекең,  ынтымағың,  ауыз  – 
біршілігің,  ал  ―жаман  болса  алғаның‖  ҥйінде  кҥнде  жанжал,  ҧрыс  –  керіс, 
келіспеушілік, берекесіз кҥй кешесің дегенді қатты тапсырады. ―Отан от басынан 
басталады‖ бала  - шағаң отаның деп бекер айтпайды, алғаның жақсыболса, бала – 
шағаңмен  тату  тҧрсаң  онда  ол  сенің  отаның,  жапырағы  жайқалғанбауың. 
Сондықтан да әрбір отбасында тәрбиелік сән, мақсат, міндет болу керек.. ―Баланы 
жастан, әйелді бастан‖ – деп дана халқым бекер айтпаған. Сондықтан да жастарға 
сабақ  болсын  деп  бір  топ  ӛлеңдерді  отбасылық  бекер  айтпаған.  Сондықтан  да 
жастарға  сабқа  болсын  деп  бір  топ  ӛлеңдерді  отбасылық  қарым  –  қатынасқа 
жазады. Бала тәрбиесі жӛнінде ақын кӛп жыр етеді. 
Еркімен ҧлды ӛсіріп, 
Еркелетпе баланы 
Тәлпіш қып қызды ӛсірсең 
Кӛңіліне дақ салады –  
деп. Бҧл жерде ―Баланы жастан‖ – деген қазақтың дана сӛзін санаға қҧйып, 
баланы  ӛз  бетімен  еркіне  жібермеу  керек  екендігін,  ҥнемі  бағыт  –  бағдар  беріп 
қадағалап отыруды негіздеген. Осыған орай ―тәрбие бесіктен басталады‖  – деген 
халқымыздың даналығын айқара ашып кӛрсетеді және сонымен қатар қыз баланы 
да тәрбие барысында жыр етіп ―Қыз ӛссе елдің кӛркі‖, ―Қызға қырық ҥйден тыю, 
одан  қалса  кҥңнен  тыю‖  –  демекші  қатты  сын  айтып,  орынды  тәрбиелеуді 
жҥктейді. 
Әдепті ӛскен боз бала, 
Ырғалып біткен тал болар 
Әдепсіз ӛскен бозбала 
Жҥретін жері шар болар 
 – депбала әдепті болып ӛссе, жайқалған бағың болар, кӛгерген талың болар, 
әдепсіз болса жҥрген жеррррррі жанжал, ҧрыс – керіс болады, абыройсыз опасыз 
жер  шарына  сыймай  бҧзақы  болар  ―әдепті  бала  арлы  бала,  әдепсіз  бала  сорлы 
бала‖ екендігін айтады. 
Майлықожа  ақын,  жалпы  адам  ммінездерін  тҥзетуді,  тәрбиелеуді, 
кӛздддддеген ақын. 
Ауызы басың сҥйреңдеп 
Ӛсек сӛзді тасыма  
Ӛтірікті әдет қылмағын  
Сӛзіңді сӛйле расына  - 
деп, ӛсек сӛзге ҥйір болма, сӛз тасыма, ӛтірік сӛз сӛйлеме бҧл жақсы қылық 
емес,  шыншыл  бол,  ―ауру  қалса  да  ,  әдет  қалмайды‖  –  деген  ӛтірікті  әдет  етсең 
онда  одан  қҧтылуың  қиын,  ол  кезде  сӛзіңе  ешкім  сенбейді,  қадір  қасиетің 
жоғалады. Ӛсекке ҥйір болсаң ―жылқының қотыр болған аласындай‖ жаныңа жан 
жуымай  шетте  қаласың,  ӛсек,  ӛтірік  алға  баспайды,  ол  ең  жаман  қасиет  –  деп 
сондықтан да одан алшақ болуымызды ескертеді. 
Ҥлкенді  сыйла,  қҧрмет  кӛрсет,  қолыңнан  келгенше  сыйлай  біл  ―ҥлкенге 
қҧрмет, кішіге ізет‖  – дегендей, ҥлкенді  сыйлай біл, орныңнан тҧрып сәлем бер. 
Кәріні,  қартты  сыйла,  егерде  сыйламасаң,  салем  бермесең  онда  қарттардың 
батасынан  қҧрқаласың.  Ӛзіңнен  кейінгі  жастарға  ҥлгі  бер,  қашанда  қҧрмет 
кӛрсетуге дайын бол, дағдылан. Ҥлкенді, қарттарды ренжітпе, кейіп кетсе жҥзіңе 
де  қарамайды.  Сондықтан  да  қарттарды,  кәрілерді,  яғни  ҥлкендерді  қадірлей  біл 
одан  жаман  болмайсың,  ҥлкенді  әрқашанда  сыйла  –  деп  жастарға  тәлім  тәрбие 
береді. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
135 
Майлықожа ақын еңбек тәрбиесі барысында ӛте кӛп ӛлең, терме – толғаулар 
жазады. Жалпы адам баласын еңбекке баулуға, еңбекқор болуға шақырады. Еңбек 
тәрбиесі – еңбек ӛмір кілті, бағыттың тҧтқасы. Еңбексіз адам ӛзінің бар адамдық 
қасиетінен  және  барлық  қҧнынан  айрылады.  Адам  ӛзінің  жеке  еңбегінсіз  бір 
адымда алға ілгерлей алмайды; бір жерге тҧрақтап қалуға да тиісті емес; ол адам 
кері қайтадан кетеді, - дейді К.Д.Ушинский. 
Еңбек  кҥн  кӛріс  қҧралы  ғана  емес  творчествоға  қуаныштың  қайнар  кӛзіне 
айналуы керек. 
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері: 
а) іскерлікке, еңбек негізгі міндеттері: 
ә)  халық  шаруашылығының  басты  салаларымен,  еңбек  тҥрлерімен, 
мамандық таңдауға тәрбиелеу; 
б) таңдаулы еңбек дәстҥріне тәрбиелеу; 
Ерте  тҧр,  кҥнмен  жарысып  жатпа,  кеш  тҧрсаң  тірлікте  жарымайсың, 
басыңнан дәулетің қашар, ерте тҧр, еңбек ет жемісін кӛр, сонда қазынаң кеңейіп 
жемісті  боласың,  еріншек  болма,  еңбекті  сҥй    -  дейді.  Осы  жыр    -термелер 
барысында дана халқымыздың кӛптеген мақалдары еске тҥседі: 
―Ерте тҧрған еркектің ырысы артық, ерте тҧрған әйелдің бір ісі артық‖, 
―Кім еңбек етсе  -сол тоқ‖, ―Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті‖. 
Міне, осындай керемет айтылған мақалдарын да, жоғарыда айтылған ӛлең – 
жырдың  кӛрінісін  кӛреміз.  Яғни  еңбексіз  адам  ол  –  қорқақ,  жаны  тәтті,  жалқау 
ӛмірде  ӛз  орыны  жоқ  адамдарды  айтамыз.  Ендеше  жастарды  сондай  жаман  жат 
қылықтардан  аулақ  болсын  деп  Майлықожа  ақын  еңбек  тәрбиесінде  осындай 
кӛптеген әсерлі ӛлең – жыр жазады.  
Сондай  –  ақ  ақын  ата  –  ана  яғни  ананы,  әкені  сыйлауда,  олардың  қадір 
қасиетін қашанда еш уақытта да жоғалтпауда әке  -шешені ӛле - ӛлгенше сыйлап 
ӛтуге жастарды шақырады. 
Ілтипатты жан болсаң 
Атаң мен сыйла анаңды, 
Ақыретке барғанда 
Сақтайтын кәгба – панаңды. 
Айналайын адамдар 
Бәрінің де анаң бар 
Қайғыға салмай жҥрегін 
Анаға дҧрыс қараңдар – деп 
ата  –  ананың  адам  ӛмірінде  қаншалық  сыйлы  болу  керектігін  айтып,  ата  – 
ананы  қапа  қылып  кӛңіліне  қайау  салмаңдар,  кҥнәһәр  болмаңдар,  ілтипатты 
болыңдар,  айтқанын  істеп  тыңдаңдар,  ата  –  ананы  қапа  еткен  дам  ӛмірде  жолы 
болмайды, ата  – ананың тек қана батасын алуға тырысқан жӛн, атаң мен нақыл, 
ӛсиет сӛздер арқылы жастарға тәрбиенің ең бір жақсы жақтарын айтып жҥктейді. 
―Анаңды  Меккеге  ҥш  арқалап  барсаң  да,  қарызыңнан  қҧтыла  алмайсың‖,  ―Ана 
жақсылығын  ауырсаң  білерсің‖,  ―Ата  –  ананың  қадірін  балалы  болғанда 
білерсің...‖, т.б. 
Қорытындылай келсек, ӛз еңбектерінде Майлықожа болашақ ҧрпаққа тәрбие 
беру  барысында  жҥктеген  ақыл  –  нақыл,  ӛсиет  термелерін  тәрбиенің  тҥрлеріне 
жіктеп, талдап кӛрсетілген. 
Яғни: 
-
 
отбасы тәрбиесі
-
 
адамгершілік тәрбиесі; 
-
 
еңбек тәрбиесі; 
-
 
бала тәрбиесі; 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
136 
-
 
ата – ана тәрбиесі; 
-
 
ерлік тәрбиесі; т.б. 
Жалпы  терме  ӛнерінің  адам  ӛмірінде  алатын  орны  зор  екенін  кӛрсетіп, 
адамгершілікке  тәрбиелеудің  қуатты  қҧралы  болып  табылатын  дҥние  екендігі 
анықталды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
С.Қалиев.  XV-XIX  ғасырлар  ақын  –  жырауларының  поэзиясындағы 
педагогикалық ой – пікірлер. Алматы, Рауан, 1999 жыл. 
2.
 
Майлықожа " Қара сӛз". Шымған баспаханасы, Шымкент қаласы, 1993 . 
3.
 
Ақындар толғауы, пернедегі термелер жинағы, 257 бет, Алматы, 1965. 
4.
 
"Ӛткен  талай  ақындар  ӛлеңі"  ӛлеңі.  Екі  томдық  шығармалар,  таңдамалы,  1  – 
ші том, Алматы, 1981. 
 
ТҤЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада Майлықожа ақынның шығармашылығындағы адамгершілік, ерлік, 
еңбекке  баулу,  ақыл  –  нақыл,  ӛсиет  термелерін  тәрбиенің  тҥрлеріне  жіктеп, 
талдап кӛрсетілген. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  показано  анализ  творчества  поэта  Майлыкожа  о  человечности, 
мужестве,  трудолюбии, познвательно  – назидательные мысли по воспитанию 
молодого поколения. 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет