Сократқа біреу келіп: досың жайлы не естігенімді айтайын ба?- дейді



бет1/2
Дата09.05.2022
өлшемі14,95 Kb.
#33772
  1   2
Байланысты:
3 - нұсқа


1 - мәтін
Сократқа біреу келіп: досың жайлы не естігенімді айтайын ба?- дейді.

  • Тоқта. Маған әңгіме айтар алдында 3 сынақтан өтуіңді сұраймын.

  • Үш сынақ?

  • Иә, менің досым туралы сөйлер алдында, бір сәт тоқтап, айтатыныңды ой елегінен өткізіп алғаның азбал болар. Бірінші - "Шындық сынағы". Досым туралы айтқаныңның 100% шындық екеніне сенімдісің бе?

  • Жоқ, негізі біреудің айтқанын естідім де, содан...

  • Жарайды, олай болса сен ол әңгіменің өтірік-рас екенін білмейсің.

Екінші - "Жақсылық сынағы." Досым туралы айтатының жақсы ма, әлде...?

  • Жоқ, жақсы емес, керісінше...

  • Сен рас болған-болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келді ме сонда? Оған қарамастан сынақтан өтуің мүмкін, соңғы - "Керектілік сынағы." Досым туралы айтатының керегіме жарай ма?

  • Білмеймін ғой енді, бәлкім...

  • Түсінікті. Маған айтатының шындық емес, жақсылық емес және қажеті жоқ нәрсе. Оны айтып несіне әуре боласың?




  1. Мәтін мазмұны бойынша 3 сынақтың реттілігі

A) Жақсылық, керектілік, шындық

B) Жақсылық, шындық, керектілік

C) Шындық, керектілік, жақсылық

D) Шындық, жақсылық, керектілік

E) Керектілік, шындық, жақсылық



  1. Мәтін бойынша әңгіменің тыңдаушыға пайдалы-пайдасыздығын анықтайтын сынақ

A) «Адалдық» сынағы

B) «Керектілік сынағы»

C) Барлық сынақ

D) «Жақсылық сынағы»

E) «Шындық сынағы»



  1. Сократқа әңгіме айтушының соңғы әрекеті

A) Әңгімесін айта алмады

B) Сократтың сынағынан сәтті өтті

C) Сократтан алғыс алды

D) Әңгімесін толық айтып берді

E) Әңгімесін қызықты баяндады



  1. Сократтың ақылының түйіні

A) Жаман әдеттен аулақ бол

B) Досыңды бағалай біл

C) Танитын адам туралы ғайбат сөйлеме

D) Қолыңнан келген жақсылықты жаса

E) Тыңдай білу – әдептілік белгісі
2 - мәтін



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет