Ойын баланың мінезін өзгертеді



Дата19.09.2023
өлшемі290,26 Kb.
#108809
Байланысты:
Новая презентация-1


Ойын баланың мінезін өзгертеді
Қазір қаланың кез келген үйінде компьютер бар. Балалардың көпшілігі бос уақытын осы көгілдір экрандағы ойынмен өткізеді. Онан қалса теледидардан шетелдің шуы көп мультфильмдері мен киноларын тамашалайды. Яғни, баланың өзге дүниемен айналысуына мүмкіндігі бола бермейді. Кейде үй тірлігіне алаңдаған ата-ана баласының тыныш отырғанын тәуір көріп, компьютер мен теледидарды көруіне ешқандай шек қоймайды. Керісінше ойынның түрін әкеліп баланы қызықтыратындар бар. Бірақ уақыт өте келе олар кішкентайларының компьютерге қалай тәуелді болып қалғанын аңғармайды. Ал компьютерлік ойын кімге бол­са да қызық. Кейде үлкендердің өзі осы ойынның шырмауынан шыға алмай қалады. Психолог мамандардың айтуынша, балалар бұл ойындарға қызықса, оларды жуық арада тоқтату мүмкін емес екен.
Компьютер алдында ұзақ отыру, біріншіден, баланың көзіне зиян. Өйткені үздіксіз экранға қадалу көз жанарының көруін әлсіретіп, құлақтың есту қабілетін төмендетеді. Көз экрандағы мәтiн немесе өзге де бейнелердің әлсіз дiрiлдеулерiн тез қабылдайды. Сөйтіп көзге шамадан тыс салмақ түсіп, көру қабілетін жоғалтады. Мәселен, экрандағы түрлі түстер, тіпті әріптер мен терезелер де көзге теріс әсерін тигізеді. Осының салдарынан көз жасаурап, тез шаршайды. Егер дер уақытда алдын алмаса, бұл түрлі көз ауруларына соқтыруы мүмкін. Баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың ойлау қабілеті әлсіреп, зейіні төмендейтіні белгілі. Екіншіден, бала компьютер алдында дұрыс отырмаса, сымбаты бұзылады. Бел омыртқаға көп күш түскендіктен, омыртқа қалыптасқан үлгіден өзгеріске ұшырайды. Соның салдарынан скалиоз, омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін. Бұған қоса электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді.
Бала бойындағы тәуелділіктің белгілерін қалай байқауға болады? Егер балаңыз:
- Уақытының көп бөлігін компьютердің алдында өткізсе;
- Бұрынғы сүйікті істерімен айналысудан бас тартса;
- Ата-анасы, туған-туысқан, достарымен қарым-қатынас жасауды азайтса;
- Оның мінезінен ашуланшақтық пен қатігездікті байқасаңыз, онда сіздің балаңызда компьютер ойындарына деген тәуелділіктің пайда болғаны.
Мұндай жағдайда сізге тез арада, әрекет жасауға тура келеді. Балаға дауыс көтеріп, оның ойын ойнауына бірден шектеу қоймағаныңыз жөн.
Мұндай әрекеттердің соңы жақсылықпен бітпесі анық. Сондықтан баланы компьютерлік ойындардан арылту үшін:
- Баланың ойын басқа жаққа аударуға тырысыңыз;
- Балаңызға көбірек уақыт бөліп, оны жақсы көретініңізді, онымен бірге уақыт өткізген өте қызық екенін айтыңыз;
- Баламен бірге киноға, кафеге барыңыз;
- Саябақтарға, табиғат аясына демалыс ұйымдастырып, адам денсаулығына пайдалы (доп, теннис ойнау, велосипед айдау,т.б.) іс-әрекеттермен шұғылданыңыз;
- Виртуалды өмірден де қызықты, шынай өмірдің бар екенін есіне түсіруге тырысыңыз.
Егер бұл іс-ірекеттерден ешқандай нәтиже болмаса, балаңызды психологқа, дәрігерге көрсеткеніңіз абзал.
«Ауырып – ем іздегенше, Ауырмайтын – жол ізде!»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет