Айы
|
Тақырыбы
|
Апта
|
Мақсаты
|
Шарты
|
Қыркүйек
|
«Әдемі гүл»
|
1
|
Түстер туралы ұғымын бекіту,түстердің атын білуге машықтандыру,түрлі түсті бояудағы түстерді сәйкестендіруге үйрету,саусақ моторикасын дамыту
|
Топқа гүл тістеген күшіктің кіруімен ғажайып сәт ұйымдастырылады. Күшік аузына тістеп кірген гүл шоғын терең дем алып иіскейді де, тыныс шығарған кезде гүлдер шашырап кетеді. «Ой балалар, мына гүлдерім шашылып қалды ғой, сендер маған көмектесесіңдер ме?» -деп сұрақ қояды. Ол үшін гүлдердің түстерін анықтайық. Әрқайсың жерден жинап алған гүлдің түсін атауларың керек. Енді осы түстерге сәйкес көбелектерді қондырайықшы-деп ұсыныс жасалады
|
|
«Не қайда тұрады?»
|
2
|
Ойын арқылы балалардың тілін, ой-өрісін дамыту
|
Балаларға иттің, қоянның, қойдың,торғайдың т.б суреттерін көрсетіп сұрақтар қою арқылы , әрқайсының тұру орталарына орналастыру қажеттігі түсіндіріледі (итке-үйшік, торғайға ұя, қойға-қора, қоян-қоршауға)
|
|
« Оң жақта, сол жақта »
|
3
|
Балаларды кеңістік қатынастарымен оң –сол ұғымдарымен таныстыру.
|
Заттардың өзара орналасуын, орынын ажырата білуге үйрету.Алған білімдерін жүйелі түрде көрсете білу, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге, өз ойларын жеткізе білуге машықтандыру.
|
|
«Биік-аласа »
|
4
|
Заттардың биіктігі туралы түсінік қалыптастыру және оларды салыстыруды үйрету;
|
Суретте және өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасу бағытын ажырату мен атап көрсету.
|
Қазан
|
«Суреттерді құрастыр»
|
1
|
Талдау және біріктіру қабілетін, кеңістік арақатынастарының заңдылықтарын құру, үлгіні көшіру іскерлігін дамыту
|
Балаларға кез-келген кесілген суреттер таратылады да, осы суреттерден бүтін суреттер құрастыру керектілігі түсіндіріледі
|
|
«Жемістерді жина»
|
2
|
Қалыпты көлемдегі заттарды берілген үлгіге қарай көз мөлшермен анықтауды дамыту
|
Тәрбиеші балаларға алма ілінген ағашты көрсетіп: - «Балалар кішкентай алмаларды кішкентай кәрзеңкеге,орташаны орташа кәрзеңкеге, ал үлкен алмаларды үлкен кәрзеңкеге салуларың керек» -деп ортаға 3 баланы шығарады,алмаларды үзуді тапсырады.Ойын аяқталған соң алмалар қайтадан орнына ілініп, ойын әрі қарай жалғасады
|
|
«Менің ойыншықтарым »
|
3
|
Ойыншықтардың кеңістікте орналасуын салыстыру.
|
Заттардың (ойыншықтардың) оң жақта ,сол жақта кеңістігін салыстырып, ойыншықтарды табу, оларды ретімен орналастыру.
|
|
«Фигуралар тізбегі »
|
4
|
Фигураларды ажырата білуге дағдыландыру.
|
Заттармен мен фигураларды ретімен сәйкесінше орналастыру.
|
Қараша
|
«Үлкен-кіші»
|
1
|
Түстер туралы білімдерін бекіту,заттарды көлеміне қарай айыра білуге үйрету.Үлкен-кіші, ұқсас емес деген сөздерді қолдана отырып, зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамыту
|
Әр түрлі көлемдегі ойыншықтар мен жануарлардың суреттерін атай отырып көлемдерін ажыратады
|
|
«Түсіне қарай таңда»
|
2
|
Түстер туралы ұғымдарын кеңейту,ойынға қызығушылығын арттыру
|
«Балалар, бүгін біз «Түсіне қарай таңда» ойынын ойнаймыз.Сендердің қолдарыңда түрлі түсті бөліктері бар кілемшелер бар. Қараңдаршы, қандай әдемі ойыншық» -деп көк машинаны көрсетеді. Бұл көк түсті машина. Ал мынау не?-қызыл түсті машина. Бұлардың айырмашылығы неде? (түстерінде) Ал енді кілемшенің ұяшықтарына түстері сәйкес келетін ойыншықтарды таңдаңдар-деп балаларға тапсырма береді. Енді біздің машиналарымыз кілемшелерге жасырынып қалды деп, ойынды әрі қарай жалғастырады
|
|
«Заттар тобын салыстырамын Артық, кем, тең»
|
3
|
Артық, кем, тең ұғымдарын салыстыруға жаттықтыру.
|
Топтардағы заттарды алып тапстап немесе қоса отырып санын салыстыру. Теңдік пен теңсіздікті анықтау. Топтарды салыстыру және санау негізінде сандық мәнін жалпылау.
|
|
«Фигуралар және денелер»
|
4
|
Геометриялық фигуларларды (дөңгелек , ұшбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы , сопақша)дұрыс айтуға жаттықтыру.
|
Үлгі бойынша қарапайым геометриялық фигураларды құрастыру. Фигураларды дұрыс атап, ажырату.
|
Желтоқсан
|
«Сипаттамасы бойынша тап»
|
1
|
Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту
|
Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады. Мыс.: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық» -бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақты дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады.
|
|
«Түрлі түсті сарафан»
|
2
|
Балаларға түстердің өзгеруін көрсету арқылы,бір түстен екінші түске көшу және түстер арасындағы байланысқа назар аударту
|
Балаларға айналмалы тұғыр және әр түсті қағаздан қырқылған дөңгелек пішіндер таратылады.Тәрбиеші: «Балалар, бүгін бізге көңілді биші қыз қонаққа келді. Қараңдаршы оның үстіндегі сары түсті сарафаны қандай әдемі! Қуыршақтың бұдан басқа да түрлі- түсті сарафаны өте көп екен» -деп қағаздан қырқылған дөңгелектерді көрсетеді. Балалар бұл сарафандар жәй сарафан емес,сиқырлы сарафан екен,ол билеп кетсе болғаны сары-жасылға, қызыл-күлгінге айналады екен деп тұғырды айналдыра отырып көрссетеді
|
|
«Саяхат маршруты.»
|
3
|
Фигуралар мен денелерді дұрыс атап ажырату.
|
Геометириялық фигуралар (дөңгелек , сопақша ,шаршы тіктөртбұрыш) мен денелер (шар, текше, целиндр) орындарына орналастыру. Фигуралар және фигуралар тізбегін құрастырады.
|
|
«Туған өлкеге саяхат. Қосамын және азайтамын »
|
4
|
Заттарды қосуға және азайтуға үйрету.
|
Заттарды бірнеше тең бөліктерге бөлу, бүтін мен бөліктерді салыстыру. Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу.
|
Қаңтар
|
«Таныс пішіндер доминосы»
.
|
1
|
Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру
|
Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар суретке сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді
|
|
«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»
|
2
|
Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту
|
Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «Алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?»
|
|
«Қуыршақ қонаққа дайындалуда»
|
3
|
Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру
|
Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу
|
|
«Бұлар нелер?»
|
4
|
Түрлі мамандықтың еңбек құралдарын танып айта білуге үйрету
|
Тәрбиеші тақтаға әр түрлі мамандық иелерінің суретін орналастырады.Үстел үстінде мамандықтарға қажетті құрал жабдықтар бейнеленген кәртішкелер. Тәрбиеші осы бейнеленген кәртішкелерді сәйкестендіріп, өз мамандық иелерінің қасына орналастыру керектігін түсіндіреді.
М/ы: тігіншіге-ине,құрылысшыға-қалақ, мұғалімге-кітап т.б
|
Ақпан
|
«Әдемі пішіндер» ойыны
|
1
|
Баланың шығармашылық іздену іс-әрекетін белсендіру, фантазиясын дамыту,геометриялық пішіндерден түрлі бейнелер құрай білуге үйрету
|
Ойын үшін алдын ала геометриялық пішіндер жинағы дайындалады. Тәрбиешілер балаларға геометриялық пішіндерден түрлі заттар бейнесін жасауды сұрайды, мысалы, геометриялық пішіннен жануар бейнесін жасайды
|
|
«Суретті тіз»
|
2
|
Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету
|
Тәрбиеші балалардың алдына суреттерді қояды да атайды. Сосын оларды бірінші дыбысын есітуіне қарай топтастыруын сұрайды. Мыс. : с- сабын,сүлгі,сурет,сиыр,сарымсақ
п-пальто,піл,пияз,парақ,парта т.б
|
|
««Үйдің есігін жабайық»
|
3
|
Заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту
|
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну
|
|
««Түрлі түсті заттар» ойыны»
|
4
|
Түстеріне қарай заттарды топтастыра білуді үйрету
|
Тәрбиеші балалармен бірге шеңберге тұрады және ойын ережесін түсіндіреді: «Менің қолымда доп бар. Мен бір түсті атаймын да, біреулеріңе допты лақтырамын. Допты кім ұстап алды, сол осы түсті затты атауы керек, содан кейін кез келген түсті атап, тағы біреуге допты лақтырады
|
Наурыз
|
«Кім не жейді?»
|
1
|
Логикалық ойлауды,сөйлеуді,
талғамды,байланыс құруды және түсіндіре білуді дамыту
|
Өсімдіктер мен жануарлары бар кәртішкелер жинағын дайындайды. М/ы: шөп-қоян-қасқыр: шаян-балық-итбалық-ақ аю:шырша бүршігі-тиін-сусар:өсімдік (шырын)-көбелек-бақа-құтан және т.б. Балаларға кәртішкелер таратылады.(кәртішкелерді лайықты суреттермен бетперделермен ауыстыруға болады)
|
|
«Шыршаны безендіреміз»
|
2
|
Түстеріне қарай топтастыруға үйрету
|
Балаларға шырша ойышықтарының силуэттері таратылады. Мольбертке шырша бейнесі бейнеленген планшет орналастырылады. Тәрбиеші: -«Балалар жақында бізде жаңа жыл мерекесі келе жатыр.Соған біз шыршамызды түрлі түсті ойыншықтармен безендіріп қояйық»-деп ұсыныс тастайды. Әрқайсыларыңның қолдарыңда белгілі бір түсті ойыншықтарың бар, мен қазір бір түсті атаймын, сол түс кім де бар , сол бала шыршаға келіп ойыншықты іледі.Бірінші қызыл түс,сонан соң сарғылт,сары,жасыл, көк,көгілдір т.с.с
|
|
«Көңілді санамақтар»
|
3
|
Сандардың ретін меңгерту
|
Жылдам санау дағдыларын ұштау
|
|
«Менің мерекем. Заттарды ретімен орналастырамын »
|
4
|
Заттарды ретімен орналстыруға дағдыландыру.
|
Заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырып, көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табу, оларды өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастыру.
|
Сәуір
|
«Апта күндері»
|
1
|
Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету
|
Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдансоңбалаларкезекпенауысыптақтағашығады
|
|
«Сипатына қарай шешуін тап»
|
2
|
Заттарды қасиетіне қарай айыра білуге тәрбиелей отырып, байқампаздыққа баулу
|
Тәрбиеші суреттер көрсетеді. М/ы: ақшақардың суреті – «Балалар сендердің алдарыңда ақшақардың суреті бейнеленген кәртішкелер бар. Бір қарағанда олардың бәрі бірдей сияқты,бірақ анықтап қарасаңдар оларда өзгешеліктер бар.Осыған байланысты сендерді суреттегі ұқсастықтар мен өзгешеліктерді байқап тез анықтауға шақырамын». Ақшақардың бетінде қандай өзгірістер бар?
-екі көзі,бір қызыл мұрыны бар
-бастарында ше?
-біреуінде шелек,екіншісінде кастрюль
-қолдарыңда қандай өзгерістер көріп тұрсыңдар?
-сыпырғыш,күрек,таяқшалар біреуінде оң, ал екіншісінде сол қолдарында
-түймелері нешеу?
-үш,төрт т/б
|
|
«Таныс фигураларды ата»
|
3
|
Фигураларды атауға үйрету.
|
Балалардың көз зердесін, есте сақтау қабілеттерін дамыту
|
|
«Мен достарыммен саябақтамын. 1 ден -10ға дейінсанаймын.
|
4
|
1 ден10ға дейін ретімен және кері санауға үйрету.
|
Заттарды саны бойынша салыстырып,олардың реттік номерін атау. Кез келген санды бір санға арттырса одан кейінгі сан шығатының түсіндіру. Кез келген саннан бір санды кемітсе (алдындағы) сан шығатынын түсіндіру.
|
Мамыр
|
«Түрлі түсті моншақтарды тізу»
|
1
|
Түстеріне қарай кезектестіріп тізуге үйрету
|
Қонаққа қуыршақ немесе аю келеді , өзімен бірге моншақтарды әкеліп, әдемі моншақ жасауға көмектесулерін сұрайды.
Тәрбиеші екі түсті моншақты қолына ұстай отырып,бірінші қызыл, сонан соң ақ моншақты тіземіз –деп көрсете отырып балалардың орындауларын қадағалап отырады
|
|
«Гараждар»
|
2
|
Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту, жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету
|
Ойынның мазмұны: балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар рульдерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде, рульдегі суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады
|
|
«Жылдың ай атауларын білемін »
|
3
|
Жылдың ай тауларын ретімен айтуға дағдыландыру.
|
Апта күндерімен ай атауларының санын білу. Оларды ретімен айтуға үйрету.
|
|
«Математикалық эстафета»
|
4
|
Балалардың алған білімін тексеру, бекіту
|
Қарапайым тапсырмалар мен мысалдарды шешу.
|