Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі:
Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді.
Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, тәртіп сақтау қабілеті, есте сақтау қабілеті қалыптасады.
Дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі – бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет.
Дидактикалық ойындардың мақсаты: 1. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру; 2. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау, тексеру.
Дидактикалық ойынның міндеті: 1. Баланың қызығушылығын туғызу; 2. Баланың белсенділігін арттыру.
«Дыбыстар әлеміне саяхат» ойыны.
Ойынның мақсаты: әріптер туралы білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Әр балаға жеке-жеке әріптерді тарату. Сол әріп туралы айту. Сөз құрау.
Достарыңызбен бөлісу: |