Статистикалық модель деп – объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі уақыт үзіндісін айтамыз.
Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерістерін көрсету мүмкіндігін береді.
Модельдерді көрсетілу әдісіне байланысты, материалдық және ақпараттық деп 2 топқа бөлеміз.
Ақпараттық модель екіге бөлінеді: таңбалық және вербальдік.
Таңбалықтың өзі екіге бөлінеді: компьютерлік модель және компьютерлік емес модель.
Ойын теориясына кiрiспе
Ойындар теориясы ойындық сипаттамадағы тиімді стратегияларды зерттейді. Оларға ғылыми және шаруашылық эксперименттердің ең тиімді өндірістік шешімдерін таңдауға байланысты жағдайлар жатады. Келіспеушілік жағдайларды математикалық қалыпқа келтіре отырып оларды 2, 3 және т.с.с ойыншыың ойыны реттелетінің ұсынуға болады. Осындай есептерді шешу олардың шарты анықталғаның талап етеді: ойыншылар саны және ойын ережесін құру, ойыншылардың мүмкін болатын стратегиясын және жеңістерін шығару. Есептің шартының маңызды элементтері стратегия. Стратегиялар саны әрбір ойыншыда ақырлы және ақырсыз болуы мүмкін. Осындағы ойыншылар да ақырлы және ақырсыз болып табылады.
Ақырлы ойынды зерттеуде ұтыстар матрицасы беріледі, ал ақырсыз ойындар зерттеуде ұтыстар функциясы беріледі. Есепті шешу үшін сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерге негізделген алгоритімдік әдістер, интеграциялық әдістер, сол сияқты дифференциялдық есептер қолданылады.
Өндірістік кәсіпорындарда ойындар теориясы тиімді шешіледі таңдау үшін пайдаланылады.
Адамзат баласы өте ертеде объектілерді, процестердi, зерттеулердiң нәтижелерi сона әр түрлi саладағы құбылыстарды зерттеу барысында модельдеу тәсiлiн қолданып келедi, нақты объектiлер мен процестердiң қасиеттерiн анықтауда, құбылыстардың болу себептерiн ашуда жаңа объектiлердi құрастыру мен ескiлерiн таңдауда маңызды орын алады. Адам қолымен жасалған абстрактiлi немесе материалды объектiлер - әрекетiн алдын ала жоспарлап дұрыс шешiм қабылдауға әсер етедi. Мұндағы шын мәнiндегi нағыз табиғи модельдi талдау нәтижесiнде шын мәнiндегi күрделi объектiнi тереңiрек бiлуге мүмкiндiк туады, түп тұлғасы ектiнi яғни нақты объекті немесе түпнұсқа деп аталады, процестi немесе құбылысты ықшам әрi шағын түрде бейнелеп көрсету. Тiлдердi, процестердi және құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың модельдерiн жасау.
Түпнұсқаның өзiн зерттемей, оның моделiн жасаудың қандай пайдасы бар деген сұраққа жауап берейiк:
1. Модельдеу арқылы шын мәнiнде жоқ немесе бұрын болып жойылып кеткен объектiнi зерттеуге болады. Модельдеу үшiн уақыт ешқандай кдергi жасамайды. Белгiлi деректерге сүйене отырып, гипотеза немесе ұқсастық әдiсiмен өте рете замандағы жағдайлар мен табиғи катаклизмдердi модельдеуге болады.
2. Түпнұсқаның қасиеттерi мен өзара әсерi орасан зор болуы мүмкiн. Кейбiр жағдайларды адамды қызықтыратын объектiлердiң қасиеттерiн зерттеу үшiн, оның басқа қасиеттерi ескерiлмей жасалған модельдер түпнұсқаға қарағанда, оның қасиеттерiн зерттеуге тиiмдiрек болады. Объектiлердiң модельдерi ретiнде әдеби шығармалар, архитектуралық ғимараттардың кiшiрейтiлген көшiрмесi, мектептегi оқу жабдықтары болуы мүмкiн. Модель – күн жүйесiндегi планеталар моделi, сутегi атомы және тағы да басқалар. Өмiрдегi нақты бар дүниенi бейнелеуi мүмкiн.
Модель ретiнде нақты бiр заттың абстрактiлi қорытындысын көрсетуге болады. Объектiлердiң немесе құбылыстардың моделiнде түпнұсқаның қасиеттерi, яғни олардың сипаттамалары мен параметрлерi бейнеленедi. Процестердiң моделiн жасауға, яғни материалдық объектiмен жасалатын iс - әрекеттердi модельдеуге болады. Мысалы, экономикалық немесе экологиялық процестердi бүкiл әлемнiң немесе қоғамның дамуын модель арқылы айтуға болады. әрбiр адамның күнделiктi iс - әрекетiнде белгiлi бiр мәселенi шешу немесе кез – келген жұмысты орындамас бұрын адамның сана сезiмiнде алдын ала ойлау моделi жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |