Ойын теориясының элементтері



бет1/5
Дата11.10.2024
өлшемі31,61 Kb.
#147847
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ерболат Нұрай-СӨЖ теория игр


Ойын теориясының элементтері

ТЕОРИЯ
Модель – күн жүйесiндегi планеталар моделi, сутегi атомы және тағы да басқалар. Өмiрдегi нақты бар дүниенi бейнелеуi мүмкiн.


Модель ретiнде нақты бiр заттың абстрактiлi қорытындысын көрсетуге болады. Объектiлердiң немесе құбылыстардың моделiнде түпнұсқаның қасиеттерi, яғни олардың сипаттамалары мен параметрлерi бейнеленедi. Процестердiң моделiн жасауға, яғни материалдық объектiмен жасалатын iс - әрекеттердi модельдеуге болады. Мысалы, экономикалық немесе экологиялық процестердi бүкiл әлемнiң немесе қоғамның дамуын модель арқылы айтуға болады. әрбiр адамның күнделiктi iс - әрекетiнде белгiлi бiр мәселенi шешу немесе кез – келген жұмысты орындамас бұрын адамның сана сезiмiнде алдын ала ойлау моделi жасалады.
Модель – көрнектi түрде, жазбаша жоспар, сызба түрiнде жасалуы мүмкiн. Мұндай модельдер бiздiң ойымызда бейнеленетiн прототип пайда болғанға дейiн жасалады. Кез – келген объект үшiн әр түрлi модельдер жасалуы мүмкiн. Модельдiң жасалуы зерттеу мақсатында және прототип жөнiнде жинақталған мәлiметтердiң көлемiне тәуелдi болады.


Модельдiң түрлерi.
Модельдердi қасиеттерiне байланысты мынадай топтарға жiктеймiз:
Қолданылу аймағы;
Модельдiк уақыт факторын ескеру;
Бiлiм саласына қарай топтау;
Модельдi көрсету тәсiлiне қарай топтау.

Қолданылу аймағына байланысты модель – оқу, тәжiрибелiк, ғылыми – техникалық, ойын және имитациялық болып беске бөлiнедi.


1/ Оқу модельдерi – көрнектi оқу құралы, әр түрлi жаттықтырушы және үйретушi программалар түрiнде болады.


2/ Тәжiрибелiк модель – жобалау объектiсiнiң кiшiрейтiлген немесе өте кiшкентай объектiлер үшiн олардың үлкейтiлген көшiрмесi болып табылады. Бұл модельдер объектiлердi зерттеп, қасиеттерiн болжау, зерттеу мақсатында қолданылады.


3/ Ғылыми – техникалық модельдер – процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында жасалады.


4/ Ойын модельдерi - әскери, экономикалық спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлi жағдайда объектiнi бақылауға жаттықтырады. Ойын модельдерi әр түрлi жағдайда адамға психологиялық көмек көрсетедi.


5/ Имитациялық модель – шын мәнiндегi нақты объектiнi өте жоғары дәлдiкпен бейнелей алады. Тәжiрибе нақты объектiнi зерттеу, бағалау мақсатында бiрнеше рет қайталанады немесе бiр мезгiлде әр түрлi жағдайларда жүргiзiледi. Дұрыс шешiмдi таңдаудың мұндай тәсiлi – байқау әдiсi деп аталады.


Модельдi уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екi топқа бөлемiз.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет