Қатысушылар екі қатарға бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Бұл өзен жағалаулары. Қатарлардың ара қашықтығы қолдары бір - бірлеріне тимеуі керек. Өзенге кеме көзін жауып жүзіп келеді. Оның қозғалысы ақырын немесе жылдам болуы мүмкін. Жағалаулар қолдарымен кеменің қозғалысына ақырын көмектесуіне болады. Кеме жолды өзі таңдайды; айналуына, бұрылуына, оралуына болады. Соңында кез келген жағалаудың шетіне тұруы қажет. Осы кезде басқа кеме жолға шығады. «Алақанға жан бітір» ойыны.
Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.
Қорытынды
Баланың ойыны шексіз қайталанбайды, бір ойын екінші ойынға ауысып отырады. Ойын кезінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты толығынан бере білу баланы белгілі ережелерге бағынуға үйретеді. Ойын арқылы балалар үлкендердің қоғамдық өмірімен таныса отырып, адамдардың қоғамдық функциясы олардың арасындағы ережелерін түсінуге де араласады.
Ойында қарым-қатынастың ойындық және нақтылы деп аталатын екі түрі болады. Ойындағы өзара қарым-қатынас мазмұн мен рольдің қарым-қатынасын бейнелейді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Асмолов А.Г. По ту сторону сознания: методологические проблемы неклассической психологии. – М.: Смысл, 2002.
Вилюнас В.К. Психология развития мотивации. СПб.: Речь, 2006.
Выготский Л.С. Психология развития человека. М.: ЭКСМО, 2003.
Гусев А.Н. Ощущение и восприятие. Общая психология. В 7 т.т. Под ред. Братуся Б.С. Т.4. М.: Академия, 2007.
Дормашев Ю.Б., Романов В.Я. Психология внимания. М.: Тривола, 1995 (или более поздние издания).
Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание, личность. М.: Смысл: Издательский центр «Академия», 2006.
Леонтьев Д.А. Психология смысла. М., Смысл, 2003.
Нуркова В.В., Березанская Н.Б. Психология. Учебник для ВУЗов. М., Высшее образование, 2008, изд. 2-е.
Петренко В.Ф. Основы психосемантики. М, Питер, 2005.
Психология внимания / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. М.: АСТ, 2008.