Ойыншықтармен танысу



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата23.09.2024
өлшемі33,3 Kb.
#145263
1   2   3   4
Байланысты:
1. Ойыншықтармен танысу

Оқу қызметінің барысы
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Аудиожазбаны тыңдау.
Әдемі, бала құлағына жағымды әуенжазбасы қосылады.
Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз
- Балалар, бүгін қонаққа барғыларың келе ме? Иә. Олай болса, бүгін бәріміз
қонаққа барамыз. Ол үшін алдымен қазір мен айтатын көркем сөзді мұқият
тыңдап алайық, оны жадымызда сақтауға тырысайық.
1.2. Көркем сөз (педагогтің мәнерлеп, түсінікті оқуы қажет).
Алдындағы әуенжазбасы бәсең дыбыста қосылады.
- Алдымызда ұзынша
Жайылып тұр жолақша.
Топ-топ етіп басайық,
Қадам басып барайық.
Секіреміз – оп-оп!
Біз жүреміз топ боп.
Аяқ ұшымен – тыныш.
Басылып жатыр тыныс.
Өзімен бірге ойын алаңына қарай шақыру, сергітіп ертіп жүру.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. "Сәлемдесу" жаттығуы.
– Міне, қонаққа да келіп қалдық. Балалар, бұл балабақша.
- Біз қайда келдік? Дұрыс, біз балабақшаға келдік.
- Балалар, біздің балабақшамыздың аты ... Қайталайық. Есте сақтап жүрейік.
2


Жарайсыңдар!
- Балалар, балабақшада тәртіп бар – сәлемдесу әдебі. "Сәлеметсіз бе!" - дейміз.
Қайталаңдар: "Сәлеметсіз бе!"
"Танысу әдебі" жаттығуы.
- Тағы бір әдеп - атымызды атап, өзімізді таныстыру.
Балалар кезекпен, мысалы "Менің атым Аслан"- деп өздерін атайды.
- Міне, бәрекелді! Балалар, біз таныстық.
- Ал, балабақшада не болады екенін көрейік.
2.2. Ойыншықтарды зерттеу.
- Балалар, балабақшада көптеген ойыншықтар бар.
- Қаламқас, жеке тұрған орындықта сен нені көріп тұрсың? Алып келші.
- Мынау не? Зарина, қайтала. Қаламқас, қуыршақта не бар?
Көрсеткішпен сілтеп, баланың жауабын сүйемелдеу.
Жауап берген бала қуыршақтың дене мүшелерін атайды: "Қуыршақта басы,
денесі, қолдары, аяқтары бар. Басында шашы бар. Бетінде көзі, мұрны, ауызы
бар".
- Жақсы, Қуыршақты ыдыс-аяқ деп атауға бола ма? Қуыршақ - ойыншық.
Қайтала. Жарайсың. Отыра ғой.
Доп балалардың алдына домалап келеді.
- Балалар, кім айтады, домалап келген бұл не?
- Иә, бұл - доп. Серікжан, қайтала. Жарайсың.
- Ескендір, допты атадың, келіп доп туралы әңгімелеп берші. Мен саған
көмектесемін.
- Доптың пішіні қандай? Иә, дөңгелек. Жарайсың. Доптың пішіні дөңгелек. Ажар,
қайтала.
- Доптың түсі қандай? Жақсы.
3


- Допты қолмен сипасаң, беті қандай екен? Иә. Доп жалтыр. Барлығымыз
қайталайық.
- Допты қолдан жерге жіберсең, ол не істейді? Иә. Доп домалап кетеді.
Қайталаңдар, Дамир, Женя. Жарайсыңдар.
- Балалар, доппен ойнауға да болады. Тыңдап көріңдер.
Педагог доппен түрлі қимылдар жасайды, сипайды, домалатады, жерге соғып
көреді, қолға алады және көрсетуді көркем сөз арқылы сүйемелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет