Ойыншықтармен танысу


 "Ойыншығыңмен таныстыр" сөздік жаттығуы



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата23.09.2024
өлшемі33,3 Kb.
#145263
1   2   3   4
Байланысты:
1. Ойыншықтармен танысу

2.5. "Ойыншығыңмен таныстыр" сөздік жаттығуы.
Балалардың назарына қорапшада жатқан түрлі ойыншықтар ұсынылады
(қуыршақ, күшік, құлыншақ, елік, көліктің түрлері).
Ойыншықтар саны бала санынан көбірек, кейбір ойыншықтар даналары бірнеше
болып жатады. Кейбір балалар жанындағы баланың қалауындай алғысы келеді.
5


- Балалар, өздеріңе ұнайтын ойыншықтарды алып, орындықтарыңа отырыңдар.
Әрбір бала өз қолындағы бар ойыншықты топтастарына көрсетіп, дауыстап
атайды: "Менде жеңіл машина (қуыршақ, елік, жүк машинасы, пойыз, ұшақ,
күшік, марғау, қонжық, сандық, доп) бар" сияқты сөйлем құрайды.
- Жазира, сенде не бар? Жарайсың.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
"Сөредегі ойыншықтар" рефлексиясы.
Балаларға сөрелерде тұрған куыршақ, сандық, доп көрсетіледі.
- Балалар, қараңдаршы, мына сөрелер бос тұр. Бұндағы ойыншықтардың жанына
өз ойыншықтарыңды қойып, отырғызып қойыңдар.
Балалар өз қолдарындағы ойыншықтарды сөрелерге орналастырады.
- Балалар, қандай тамаша. Ойыншықтар түп-түзу болып, сөрелерге орналасты.
- Осының барлығын қалай атаймыз? Иә. Бұлар ойыншықтар. Жарайсыңдар!
Мақтау, оқу қызметін пысықтау.
- Балалар, біз бүгін нелермен таныстық? Не істедік?
- Ойыншықтар сендерге риза. Ойнап, орнына, әдемі тізіп қойдыңдар. Міне,
тазалық!
- Оқу қызметіміз аяқталды. Жарайсыңдар, балалар!
6


7


8


9


10


11


12


13


14


15


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет