Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп ата-латын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық, қасиеттері айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттар-дың бір түрлі бегілерін көрсетумен қабат, басқа бел-гілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсете-ді. Ойлау операциясының күрделі түрі – абстракция мен жалпылау.
Абстракцияға қарама - қарсы процесті нақтылау деп аталады. Нақтылау – абстракциялық ұғымды соған сәкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой.