Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысқан. Бұлар-дың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы,дамуы,қалыптасуы жолдарын,яғни жеке адам-ның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарас-тырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекеті-нен заңдары мен формаларын айқын-дайды, адам ойы-ның нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел,ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ре-тінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланыс-ты екендігін көрсетеді.