Ойлау және сөйлеу



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата19.04.2023
өлшемі0,88 Mb.
#84668
1   2   3
Байланысты:
oylau-zhne-syleu 23 lecture

Ойлаудың дамуы дегеніміз — бұрын қалыптасқан формалардың өрі қарай дамуы деген пікірді 
корытындылай келе, қабылдау барысында өндірілетін процестерінде (жинақтау, белгілеу, категориялық 
қабылдау және қайта өңдеу классификациясы) де, логикалық байланыстар саласында (ұғым, пікір, 
қорытындылау, сын) да, мектеп жасының барысында ешқандай психикалық функция мен актілердің жаңа 
формалары пайда болмайды. Олардың барлығы алдында қалыптасқан, бірақ мектеп жасында айтарлықтай 
дамуға ұшырайды. Бұл маңызды даму олардың дифференцияланған және аз ғана өзгешелік сияқты саналы 
қасиеттерінен байқалады. Выготский бұл теория мазмұнын қысқаша тұжырымдай келе, жаңа реңнің 
немесе өзгешеліктің пайда болуы, қолдану аумағының неғұрлым көлемді түрде мамандануы, саналылығы 
— осының барлығы жасөспірім мен баланың ойлау қабілетіндегі бар айырмашылықты анықтайды деген 
ойды қорытып айтады.
Рубинштейн балалардың ой қорыту қабілеті толық 14 жасында қалыптасады деген Э.Мейманның пікірін 
теріске шығара келе, интеллектілік іс-әрекеттің бірде-бір формасы, соның ішінде ой қорыту, алғашқы рет 
өтпелі кезеңде пайда болмайды дейді. Автор ақыл-ойдың дамуы аясында балалық шақтың жастық шақтан 
айырмашылығы — ойдың негізгі әрекеті, ой қорыту — тек жастық шаққа тән дейтін пікірдің қате екендігін 
көрсетеді. Выготскийдің пікірінше, бұл — жалған сөз, өйткені балаларға ой мен ой қорыту тән екендігіне 
күмән жоқ. Рубинштейннің айтуынша, бала мен жасөспірімнің ойлауындағы бар айырмашылық мынадан 
көрінеді: біздер, үлкендер үшін сырттай қарағанда мардымсыз, кездейсоқ символдарды балалар маңызды 
етіп қабылдайды, тек қана ересектік және жасөспірімдік кезде ғана жалпы айырмашылық пен пікір 
сияқты алғышарттар маңызды белгілерге тола береді немесе дәл осыларды табу бағыты айқындалады.
Бұл теорияның негізгі идеясын автордың жасөспірім мен жас жігіттің ақыл-ой дамуында кенет жоғарылау 
және тереңдеу болмайды деген пікірге қарсылығынан байқауға болады. Яғни жасөспірімнің интеллектілік 
дамуы кенет жоғарылаумен, тереңдеумен сипатталады деген идеяны ұстанады. Осы ретте Выготский 
барлық авторлар интеллектілік формалар аймағында жаңа құрылымның пайда болуын теріске шығара 
отырып, өтпелі кезеңдегі барлық ойлау мазмұнының толық жаңаруын шарасыз мойындауы тиіс дейді. 
Адамзат тарихи дамуының жемісі ретінде жоғары психикалық функциялардың онтогенезде де ерекше 
тарихы бар. Мінез-құлықтың жоғары формасының даму тарихы баланың органикалық, биологиялық 
дамуы мен оның қарапайым психофизиологиялық функциясының өсуіне тәуелді және онымен тығыз 
байланысты. Бірақ тәуелділік тепе-тең емес. Сондықтан біз зерттеуде онтогенезде де мінез-құлықтың 
жоғары даму бағытын өзіндік заңдылықтарына сай бақылай отырып анықтап, оның баланың жалпы 
органикалық дамуымен байланыста болатындығын ұмытпауымыз керек. Выгосткийдің айтуы бойынша: 
«адамның мінез-құлқы тек қана биологиялық эволюцияның өнімі емес, сонымен қатар тарихи және 
мәдени дамудың өнімі». 
Мінез-құлықтың тарихи дамуы адамның қоғамдық дамуының органикалық бөлігі ретінде пайда 
болды және негізінен адам баласының жалпы тарихи даму барысын анықтайтын барлық заңдылықтарға 
бағынды. Осы сияқты біз онтогенезде де мінез-құлықтың тұтасқан күрделі динамикалық синтездегі даму 


Кітап:
Дәріс:
Ойлау және сөйлеу
Выготский іліміндегі жасөспірімдер педалогиясының кейбір мәселелері
4
жолын ажырата білуіміз керек. 
Шпрангер зерттеулерінен басқа түбегейлі ғылыми зерттеулер мінез-құлықтың мәдени дамуы 
процесінде ойлаудың мазмұны ғана емес, оның формасы да өзгеріп, тарихи дамудың ерте кезеңдерінде 
болмаған жаңа механизмдер, жаңа функциялар, жаңа операциялар, жаңа іс-әрекет тәсілдері пайда болып, 
қалыптасқандығын көрсетеді. Сол сияқты баланың мәдени даму процесі осы немесе басқа мәдени 
салаларға кірігіп қана қоймай, мазмұнның, ойлау формаларының дамуына, мәдени кірігуге негіз болатын 
қажетті шарттар — іс-әрекеттің тарихи қалыптасқан жоғары формалары мен тәсілдерінің пайда болуына 
әсер етеді.
Шындығында, қандай да шынайы терең зерттеулердің қайсысы болмасын, форма мен мазмұнның, 
құрылым мен функцияның ажырамайтындығын мойындауға үйретеді және ойлау мазмұнының әрбір 
даму сатысы мінез-құлықтағы жаңа механизмдер мен интеллектілік операциялардың жоғары сатыға 
көтерілуімен тығыз байланыста болатындығын көрсетеді.
Ойлаудың қарапайым және жоғары эволюциялық функциялары, интеллектілік іс-әрекетінің 
биологиялық және тарихи шартталған формалары арасындағы айырмашылықты ажыратпау ғана 
жасөспірімнің интеллектілік дамуындағы жаңа сапалы кезеңдерді мойындамауға әкелуі мүмкін. Жаңа 
қарапайым функциялар өтпелі кезеңде пайда болмайды. К.Бюлер дұрыс көрсеткендей, бұл жағдай ми 
көлемінің өсуі жайында биологиялық мәліметпен толық сәйкеседі. Миды терең зерттеген ғалымдардың 
бірі Л.Эдингер былай дейді: «егер кімде-кім кез келген тіршілік иесінің ми құрылысымен танысатын 
болса, сол жаңа қабілеттердің пайда болуы мидың жаңа бөлшектерінің пайда болуымен немесе алдыңғы 
бөлшектердің өсуімен тығыз байланысты екеніне көзі жетеді» деген жалпы тұжырым жасайды. Психика 
филогенезіне қатысты ми көлемінің өсуі мен жаңа қабілеттердің пайда болуына байланысты ми мен оның 
дамуы арасына параллель орнатуға ұмтылған Эдингердің бұл заңы онтогенезде жиі қолданылып жүр. 
Бұл мәселеге байланысты Лев Семенович келесі пікірді ұстанған. Мінез-құлықтың қарапайым 
формадан ең күрделі және жоғары деңгейге дейін тарихи дамуы жаңа ми бөлшектері мен бұрынғы 
бөлшектердің өсу нәтижесінен емес деп болжауға толық негіз бар. Мәдени даму кезеңі немесе жоғары 
психикалық функцияның басымдылығының дамуы ретіндегі өтпелі кезеңнің де мәні осы. Балалық шақ 
— баланың әріптік жазу мен жаңа техникадан бастап қазіргі ғылымды меңгеруге дейінгі өркендеу дәуірі 
деп П.П.Блонский өте дұрыс атап өткен. Өркениет — ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру үшін адам баласының 
қол жеткізген жетістігі.
Жоғары психикалық функциялардың эволюциясы тұқым қуалаушылық ықпалымен орындалатын ми 
дамуымен параллель жүреді деп болжау қиын дейді монографияның авторы. О.Пфистердің мәлімдеуінше, 
ең алғашқы жылда мидың салмағы бастапқы салмағынан екі есе, ал үшінші жылдың аяғында — үш есе, 
бүкіл даму процесінде 4 есе өседі.
К.Бюлердің ойлауынша, бала психологиясындағы бір құбылыс осымен толық сәйкес келеді. Бала 
барлық маңызды психикалық функцияларды ең алғаш өмірінің 3 немесе 4 жасында игереді және барлық 
кейінгі өмірінде сөйлеуге үйрену кезеңіндегі сияқты негізгі рухани жетістіктерге жете алмайды.
Бұл параллель, қайталап айтамыз, биологиялық эволюцияның өнімі болатын, мидың және оның 
бөліктерінің өсуіне байланысты пайда болатын қарапайым функцияларды жетілдіруде ғана күші бар. 
Сондықтан Выготский үлкен мидың құрылымы дамуындағы баланың рухани өміріне үлкен қозғаушы 
болатын физиологиялық негіздерді табуға үміттенетін Ш.Бюлердің тұжырымын шектеуге тырысқан. 
Оның Бюлердің ережесіне шек қоюының себебі мынада. Бюлер негізінен психикалық дамудың 
тұқым қуалаушылыққа негізделетіндігіне сүйенеді, бірақ баланың немесе жасөспірімнің мәдени даму 
процесіндегі күрделі жинақтаулары (синтездері) басқа да факторлардан, солардың ішінде баланың немесе 
жасөспірімнің қоғамдық өмірі, мәдени дамуы мен еңбек іс- әрекеті факторларынан туындайды.
Дегенмен өтпелі кезеңде ми үлкен қарқынмен дамиды және бұл дамуға өтпелі кезеңде байқалатын 
байсалды интеллектілік жылжуларды жатқызуға болады. Блонский ұсынған болжам бойынша, балалық 
шақтың фазасы, алдыңғы және кейінгі фазалармен салыстырғанда, ойлау мен сөйлеудің қарқынды 
даму фазасы емес, керісінше, моторлы әдеттердің, үйлестік пен эмоцияның даму фазасы. Бұл жағдайды 
Блонский балалық шақ фазасында интеллектілік дамуы күшті — мектеп жасындағы фазалармен 
салыстырғанда жұлын мен мишықтың қарқынды дамуымен байланыстырады. Мектеп жасында ми 
қабының алдыңғы бөлігінің ерекше дамитынына көз жеткізді. Алайда Лев Семенвич өтпелі кезең мен 
жасөспірімге қатысты бұл жора- малдардың ешқандай дәлелді мәліметтері жоқ деген сын айтады. 
Н.В.Вяземскийдің мәлімдеуінше, ми салмағы 14—15 жаста әжептәуір үлкейеді және кішкене тоқтау мен 
бәсеңдеуден кейін 17—19 және 19—20 жаста қайтадан жаңа әлсіз көтерілулер байқалады. Әйтсе де, жаңа 


5
Кітап:
Дәріс:
Ойлау және сөйлеу
Выготский іліміндегі жасөспірімдер педалогиясының кейбір мәселелері
мәліметтер бойынша, бүкіл 14 жастан 20 жасқа дейінгі даму кезеңінде ми салмағы өте аз жетіледі.
Сөйтіп, сыртқы көрініске, фенотиптік ұқсастыққа негізделген зерттеулерден бас тартып, ойлаудың әр 
жастағы генетикалық және құрылымдық табиғатын терең зерттеуге өту жасөспірімнің ойлау жүйесін үш 
жастағы баланың ойлау жүйесімен теңестіретін дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты жоққа шығаруға негіз 
болады. 
Выготскийдің ойынша, жасөспірімнің ойлауы абстрактілі нақтылықтан, дерексізі көрнекіден қол 
үзеді деген қате: ойлау қозғалысы бұл кезеңде интеллектінің нақтылы негізден байланыс үзілуімен 
сипатталмайды, ол ойдағы дерексіз және уақтылы кездердің жаңа қарым-қатынас формасының 
туындауымен сипатталады. Бұл біздің алдымызда баланың қарапайым, бұрыннан қалыптасқан көрнекі 
ойлауы, қабылдауы, практикалық интеллектісі функцияларының қосылып, жинақталып, осы кезеңде жаңа 
формата енуі арқылы көрінеді дейді автор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет