Ойлау және сөйлеу


Выготский Ш.Бюлер тұжырымдап сынай отырып, былай дейді



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата19.04.2023
өлшемі0,88 Mb.
#84668
1   2   3
Выготский Ш.Бюлер тұжырымдап сынай отырып, былай дейді. Жасөспірім ойлауында мүлде жаңа, 
яғни үш жастағы балада жоқ күрделі синтетикалық формалар қалыптасып қана қоймай, өтпелі кезеңде үш 
жастағы балада бар қарапайым формалар қайтадан жаңа негіздерге өзгеріп отырады. Жыныстық жетілу 
кезеңінде де жаңа формалар пайда болып қана қоймай, олардың пайда болу күші мен ескі формалар 
мүлдем жаңа негізбен қайта құрылады.
Жоғарыдағы айтқан пікірлерді қорыта отырып, біз дәстүрлі теорияның маңызды әдіснамалық арқауы 
— жасөспірімнің ойлау мазмұнындағы өзгеріс пен оның интеллектілік операциялар эволюциясының 
қозғалысындағы қандай да бір маңызды өзгерісті мойындамау, ойлау мазмұны мен формасының дамуына 
өзгеріс енгізе алмау ішкі қарама-қайшылығында жатқанын айта аламыз. Бұл қарама қайшылық — 
қарапайым функциялар мен жоғары психикалық функциялардың дамуы төңірегінде болды. Выготский 
алынған нәтижелерді қорытындылай отырып, барлық уақытта сыни зерттеулерді бағыттап отыратып
негізгі ойларын жеткізеді.
Ол форма мен мазмұн аясындағы негізгі үйлеспеушілікті, ең алдымен, ойлау мазмұнының эволюциясын 
тарихи, әлеуметтік қалыптасқан мәдени даму процесі ретінде, ал ойлау формасының дамуын баланың 
органикалық жетілуіне және параллельді ми көлемінің ұлғаюына негізделетін биологиялық процесс 
қалпында қарастырудан туындап отыр деп айтады. Ойлау мазмұны мен оның өзгеруі дегенде, автор, 
тарихи өзгермелі, әлеуметтік қалыптағы мәдени даму процесінде пайда болған шаманы айтады, ал ойлау 
формасы мен динамикасы туралы айтқанда, әдетте, автор дәстүрлі психологиядағы қателіктер ізімен 
метафизикалық қозғалыссыз психикалық функцияларды немесе биологиялық негіздегі органикалық 
формаларды ойға алады.
Бұл екеуінің арасында аса терең алшақтык, туындайды. Баланың дамуындағы тарихи және биологиялық 
даму үзіледі және ойлау формаларының динамикасы осы формаларды толтыратын мазмұн динамикасы 
жайында мәліметтердің арасын жалғастыратын дәнекер болмайды. Тарихи эволюцияның өнімі болатын 
мінез-құлықтың жоғары формалары туралы ілім енгеннен бері ғана мінез-құлық онтогенезінде форма 
динамикасы мен ойлау мазмұнын, олардың диалектикалық бірлігінде зерттеу арқылы аталған олқылықтың 
орнын толтыруға мүмкіндік туды дейді автор.
Сонымен, Выготский мазмұн және форма динамикасын ойлау мазмұнына, сондай-ақ жоғары психикалық 
функциялар ретінде бірдей ажырайтын жалпы тарихи құбылысқа жатқызады. 
Қосымша әдебиет:
Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет