Ойлау мəдениеті Ойлау


дәріс Қоғам және Мәдениет



бет42/56
Дата15.09.2022
өлшемі289,53 Kb.
#39159
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56
Байланысты:
Îéëàó ì?äåíèåò³ Îéëàó

12.дәріс Қоғам және Мәдениет
Жоспар:
1.Қоғам философиялық ұғым ретінде, қоғамның түрлері.
2.Мәдениет, оның табиғаты мен мәні.
3.Қазақтардың ұлттық мәдениеті-қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және оның рухани жаңғыру жобасы аясында дамуы.
4.Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Қоғам философиялық ұғым ретінде, қоғамның түрлері.
Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа ойщылдар, философиялық мектептер әртүрлі жауап береді. Біреулері бұл – санамен біріккен қауымдастық деп есептейді. Екіншілері үшін қоғам тірі қалу мақсатымен ұйымдасқан билогиялық жаратылыстардың жиынтығы болып табылады. Үшіншілері тіршілік ету құралдарын өндіру мақсатында құрылған адамдардың өзара әрекеттесуінің жемісі деп санайды. Жалпыланған түсіндірме мынадай: бұл – адамдардың бірлескен қызметінің ұйымдасқан формасы. Бірлескен өмірдің адамдарға ғана емес, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарларға да тән екендігін айта кету керек. Мұндай жағдайда адамдар бірлестігінің өзге өмірдің төменгі формаларындағы бірлестіктерден сапалық айырмашылығы бар ма екен? Бар. Адамзат қоғамы тек биологиялыққа ғана емес, сондай-ақ мәдени принциптерге де негізделген. Өйткені адамдардың бірлескен өмірі – бұл тек қорғаныс, тамақ табу мен ұрпақты жалғастыру ғана емес. Қоғам адамдарға дүниені тануға және түрлендіруге, өзі мен бірлескен өмірді жетілдіруге, жинақталған тәжірибені бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беруге көмектеседі.Осылайша, қоғам – бұл адамдардың жай ғана бірге өмір сүруі ғана емес, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі, яғни саналы түрде қойылған мақсаттарды жүзеге асыруы. Қоғам – бұл ортақ қажеттіктерімен, мүдделерімен және мақсаттарымен біріккен адамдардың зерделі ұйымдастырылған мәдени өмірі мен қызметінің формасы.Қоғам инвидидтердің, яғни жекелеген адамдардың жай ғана механикалық қосындысы болып табылмайды. Қоғам ол әртүрлі жеке қасиеттері бар индивидтердің біріккен жүйесі. Мысалы, ешқандай адам Жердің бет әлпетін өзгерте алмайды. Бірақ біріккен кезде адамзат тап сондай қуатты геопланетарлық күш болып табылады. Аристотель Платонның мінсіз мемлекет теориясын сынады, ондағы ортақ мүлік идеясына қарсы шығып жекемешікті қорғады. Оның пікірінше, ортақ меншік еңбекке немқұрайлы қарауға әкеліп, оның жемісін бөлісуде қиындықтар туғызады, әркім аз еңбектеніп көп және сапалы үлесін алуға тырысады, ол достық пен келісімділіктің орнына айтыс пен алдауға алып келеді.
Адам қоғамының мынадай негізгі сипаттамалары бар:
біртұтастық – элементтер мен қосымша жүйелердің бірыңғай жүйеге енуі;
өздігінен ұйымдастырылатындығы – ішкі күштер мен үрдістердің тіршілік етуімен дамуына әсері;
серпінділік – әлеуметтік формалар мен құрылымдардың қозғалғыштығы мен өзгергіштігі;
даму – қоғамның прогрессивті немесе регрессивті бағытқа қарай күрделі бағытталған өзгерістері;
заңдылық – қоғамның танып-білуге және адамдардың әлеуметтік өмірін жетілдіру үшін пайдаланылуы мүмкін белгілі бір объективті заңдарға бағынуы.
Кез келген қоғам тірі адам индивидтерінен құралады. Индивидтердің белгілі жиынтығы қоғамның өмір сүруінің алғышарты болып табылады, алайда ол толыққанды қоғам емес. Индивидтер қоғам құру үшін, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуі және соль қоғамның өзі орнықтылық және жүйелілік сипат алуы қажет. Индивидтердің тек осындай жиынтығын ғана қоғам ретінде қарастыруға болады. Қоғамды мемлекеттен ажырата білу қажет. Мемлекет – бұл аумақтық және саяси қауымдастық. Ол аумағының ортақтығымен, саяси билігінің ұйымымен және оның егемендігімен, қатынастарды құқықтық реттеуімен сипатталады. Қоғам бір сәтте және кездейсоқ қалыптасуы мүмкін емес, курделі, көп функциялы жүйе болып табылады. Әлеуметтік философияда қоғам өмірі үшін еңбек құралдарын ойлап табу мен өндірудің маңыздылығы негізделінеді. Қоғамның түрлеріне тоқталатын болсақ оларБос уақыт қоғамы - еңбек өзінің бұрынғы мәнінен айрылатын қоғам концепциясы. Осындай қоғамдарда жалдамалы еңбектің ең аз көлемі бұрын еңбек ие болған мәнге жеткен бос уақытқа мүдделілікке әкеледі делінген. Молшылық қоғамы - 50 жж. аяғындағы базистік экономикалық дефицит және қамтамасыздандырылмағандық негізінен женілген, бірақ жеке байлық «жалпыға ортақ босандықпен» (мысалы, автомобильдер шамадан көп өндірілді, бірақ жолдарды жөндеу және қоршаған ортаны ластауды бақылауға көңіл бөлінбеді) қатар жүрген және капитализмнің ауытқуларынан зардап шеккен тұлғалар жеткілікті қамтамасыз етілмеген кездегі американдық қоғамға берілген баға.Тәуекел қоғамы - қазіргі қоғамның жайы туралы тұжырымдама; оған сәйкес қоғамға әрқашан адамзат білімінің өсуі мен қоршаған орта әсерін көрсететін «сенімсіздіктен жасанды пайда болған» деп сипаттама беріледі (мысалы, ядролық соғыс, экологиялық апат себептеры бойынша).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет