пікір Қоғам және Мәдениет Адам проблемаларына Аристотель де ерекше көңіл бөлген. Әсіресе, ол философияның “Этика” бөлімінде түгелдей сол проблемаларды қарастырып, оларға тиісті талдау жасады. Аристотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті – азаматтарды жақсықылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана дәрежеге жеткізу. Оның “Алтын аралық”деп аталатын моральдық доктринасы адамның жан дүниесінің сырын ашуға бағытталған. Жоғары мінез-құлық қасиеттерінің әрқайсысы біріне—бірі қарсы екі түрлі ұшқары қылықтың аралығы болып табылады. Августин өзінің теологиялық шығармаларында Құдайды – жоғарғы болмыс деп қарастырады. Құдай дүниені жоқтан қажеттілікке байланысты емес, өзеркімен жаратты деп есептейді. Дүние біркелкі емес, осы сан алуан заттардың ішінде адамның орны ерекше. Адамдарға материалдық заттардың – өсімдіктер Н.Макиавелли өз дәуірінде қалыптасқан көптеген саяси мәселелерді шешуде аса маңызды, бірегей идеяларды айта білді. Оның пайымдаулары белгілібір тұжырымды құрайды, онда мемлекеттің табиғатына, оның мәніне, мемлекеттік құрылыстың формаларына, сонымен қатар мелекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдеріне және басқа да саяси мәселелерге түсініктеме берілген. Бұл оларды Қайта өрлеу дәуіріндегі алғашқы анық, жүйелі және салыстырмалы терең түсіндіру еді. Макиавеллидің пікірінше, саясат – бұл қоғамда билікті жүзеге асыру жөніндегі әртүрлі әлеуметтік күштердің (қоғам жіктері, адамдар тобы, жекелеген тұлғалар), өзара қарым-қатынасы. Сайып келгенде, саясат адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар ретінде баяндалады. Сөйтіп, саясатты тек адамның табиғи жаратылысының көрінісі ретінде түсіндіруге қарамастан оның әлеуметтік табиғатын ашып көрсетеді. Макиавелли қазіргі уақытта хрестоматиялыққа айналған ережені, атап айтқанда, саясаттың негізгі мәселесі билік туралы мәселе тұжырымдамасын анық қалыптастырды. Бұл жерде әңгіме негізінен мемлекеттік билік туралы екені түсінікті.Қайта өрлеу дәуірінде саяси ойдың дамуы – бұл Т.Мор, Т.Кампанелла және басқа да өкілдерден тұратын утопиялық социализмнің пайда болу уақыты еді. Ағылшынның көрнекті ойшылы, саяси қайраткері Томас Мор (1478-1535) англияның лорд-канцлері болған. Ол 1516 жылы «Мемлекеттік жақсы құрылыс туралы және жаңа Утопия аралы туралы, соншалықты пайдалы да қызықты Алтын кітап» деген еңбекті жарыққа шығарды. Кейін бұл кітап қысқаша «Утопия» деген атқа ие болды. Ол өзінің авторын есімі өшпестей етті және қоғамдық-саяси ойдың бір бағытына – утопиялық социализм деген атау берді. Мор өзінің «Утопия» атты кітабында Отанында – Англияда – өмір сүріп тұрған қоғамдық және саяси құрылысты сынға алады.«Утопия» кітабында халық бұқарасының ауыртпалығын жүйелеп баяндады, тарихта бірінші болып осы ауыртпалықтың себебін ол мүлікті аз ғана адамдардың қолына шоғырландырып, қалған бүкіл жұрттың кедейленуі мен қайыршылануына әкеп соқтырған жекеменшіктен көрді. Адамдардың ауыртпалығын жоюды ол «жекеменшікті толығымен жоюдан» көрді. Мор: «...Мен бәрін әділетті және тең бөлу, сонымен қатар адами істерді бақытты басқару меншікті жоймайынша мүмкін емес деп толық сенемін» деп жазды. Мордыңсаяси идеялары Италия философы, доминикан монахы, орта ғасырлық схоластика мен инквизицияға қарсы батыл күрескер Томмазо Кампанелланың (1568-1639) еңбектерінде дамытылды. Испанияның отарлауына байланысты өз Отанының еркіндігі үшін күреске қатысты. Сол үшін Кампанелла 27 жыл түрмеде отырды.Өзінің саяси идеяларын Кампанелла «Күн қаласы» кітабында барынша толық баяндады. Осы шығармасында ол Күн мемлекетіндегі идеалды қоғамдық құрылысты бейнеледі. Өзінің «Күн қаласы» еңбегінде адамдардың жаппай теңдігіне негізделген мемлекетті суреттейді. Мемлекеттік билік демократиялық принциптермен ұйымдастырылған. Мемлекет басшысының қызметін Күн қаласының өте ақылды әрі білімді азаматы атқарады. Мор мен Кампанелланың саяси көзқарастары, олардың утопиялылығына және тарихи шектеулілігіне қарамастан, сол жағдайларда аса маңызды болды. Олар халықтың төменгі топтарының жарқын болашақ туралы армандарын білдірді.Томас Гоббс (1588-1679) өзінің саяси ілімін «Азаматтық туралы» және «Левиафан, немесе Материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттің формасы мен билігі» еңбектеріндебаяндады. Макиавелли мен Гроциден кейін Гоббс мемлекетті құдай жаратпағандығын, оның адамдар тіршілік әрекетінің нәтижесі екендігін көрсетуге талпыныс жасады. Оның пікірінше, мемлекетке дейінгі кезеңде адамдар «барлығына қарсы бәрінің соғысы» жағдайында өмір сүрді. Бұл олардың құрып кетуіне қауіп төндірді. Бұған жол бермеу үшін адамдар мемлекет құрды, ол жаппай бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырды. Мемлекетке біріккеннен кейін адамдар бәрінің еркін білдіретін, қабылданған шешімдерді әркімнің орындауына, бейбіт өмір сүруіне мәжбүр ететін, мемлекеттік органдар мен ел басына өз құқықтарын өз еркімен берді. Н. Данилевский тарихи-мәдени типтердің арасындағы байланысты мүлдем жоққа шығара алмайды. Оның пікірінше, мәдениеттердің арақатынасының 3 түрі бар:
жою, тазарту (мысалы, еуропалықтардың Америкадағы үндістер өркениеттерін мүлдем құртып жіберуі);
будандастыру (I Петрдің еуропалық мәдениетті орыс жеріне енгізуі);
тыңайту (мәдениет өзінің негізін сақтап, басқалардың нөрімен толығады). Жалпы алғанда көптеген тың пікір айтқанымен, Н. Данилевский мәдениеттер тұтастығын жеткілікті ескермейді.
4.Пайдаланылған әдебиеттер. 1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. – Алматы: 2.Айталы А. Қазақстандық демократия ұлттық мұратты сақтай ма, әлде астамшылықты сақтай ма? // Саясат. – 2001. – №7–8. – 52–55 бб.
3. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б. 86. Аристотель. Саясат. Жетінші кітап (Н). ХІІІ. – 265 б.
4.. Косиченко А.Г. Свобода как условие духовного развития // Адам әлемі. – 2001. – № 4. – С. 72–77.