Ойлау мəдениеті Ойлау


Философияның негізгі ұғымдары



бет14/56
Дата19.12.2023
өлшемі289,53 Kb.
#141016
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56
Байланысты:
wiCpqdFATcO6hjIOVcixN80Ll3QJ3v1QnJYLIAuh

2.Философияның негізгі ұғымдары
Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас – дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.
Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) – әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуыт.б.
Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.
Философия (қазақша пәлсапа) – дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы – нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
Космоцентризм –әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі ЕжелгіҮнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
Теоцентризм – барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш – Құдай арқылы түсіндіру (Орта ғасырлық Еуропа философиясына тән ерекшелік).
Антропоцентризм – негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерін де қарастырылады).
Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.
Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары - философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасына турфилософиялық бағытта дамыды.
Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.
Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы - ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі - адам және оның әлемдегі орыны.
Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың ара қатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек.
Бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не - идея, рух па әлде материя ма дегенонтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды.
Екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле ала ма әлде танып-біле алмай ма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.
Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм.
Онтологиялық сұрақ – дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рух па деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология – дүниені танып-білу мүмкін бе әлде мүмкін емес пе деген сұрақ қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет