Ойлау мəдениеті Ойлау


пікір Өмір жəне өлім. Өмірдің мəні



бет29/56
Дата19.12.2023
өлшемі289,53 Kb.
#141016
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56
Байланысты:
wiCpqdFATcO6hjIOVcixN80Ll3QJ3v1QnJYLIAuh

пікір
Өмір жəне өлім. Өмірдің мəні.
Абай: Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті, ­ дейді. Алла ­ислам дінінде Құдай есімі. Алланы сүюге насихаттаушылар Абайға шейін де көп болған. Ақын Алланы адамзатты махаббатпен жаратқаны үшін сүй деп отыр. Демек, мәселе махаббатқа тірелген. Абай бұл тұста махаббатты Адамға емес, Аллаға қатысты айтып отыр. Алла адамзатты махаббатпен жаратқан. Олай болса, махаббат Адамға шейін болған шындық. Демек, махаббаттың субъектісі ­ Алла, Алланың құдіреті, қуаты, рухы. Бірақ ол әлі де танылмаған, сезілген тылсым, әзірше шындыққа айналмаған мүмкіндік. Бұл тылсым Алла құдіреті адамзатты жаратқанда айқындалмақ, сонда махаббат ­ Алланың көріну, айқындалу формасы. Алла өз әрекетімен, яғни махаббатпен адамзатты жаратқаны арқылы танылып отыр. Біз оның өзге қажеті, сипаты туралы сөз қозғамаймыз, себебі білмейміз, Алланың өзге қасиеті біз үшін құпия. Осы Алланың бір ғана ажырамас қасиетін танудың өзі ­ әр адам санасына салмақ салатын іс. Алланың жаратушы екенін мойындау адам ақылына тұғыр, ойына өріс береді. Адам Алланы «мүмкін бар шындық» деген дәрежеде қабылдай алады, одан әріге оның сол дәрежедегі санасы, ақылы жетпейді. Өлшеулі ақыл өлшеусіз Алланы танымақ емес. Алла Адамға нақтылы сана берген. Ол ­ өзінің Адамзатты махаббатпен жаратқаны туралы ақиқат. Адамзат жаратылғаннан кейін махаббат көріну формасының бір ажырамас қасиетіне айналған. Адамзатты жаратқан Алла деу тым қарабайыр түсінік, дұрысы, Абай айтқандай, Алла адамзатты өз махаббатымен жаратқан. Олай болса, Алланы жанымыздан да тәтті сүюге біз парыздармыз. Алланы сүю арқылы біз оған деген қарызымызды өтемекпіз. Әлемдегі ешбір діни философия махаббат мәселесіне соқпай өтпеген. Христиан дінінде «Құдай дегеніміз ­ махаббат» деген қағида бар. Махаббат туралы ілімдердің негізгі түп­тамырлары тоғысатынына еш таң қалуға болмайды. Себебі махаббат ­ адамдық өлшемнің белгісі. Абайдың «махаббатсыз ­ дүние бос» дейтіні де содан. Махаббат туралы ой міндетті түрде өмірдің мәніне, болмысына бастап апарады. «Махаббат философиясында», байқап отырсыз, тақуалық басым. Адам Аллаға махаббатын білдіргеннен өзге әрекетпен айналыспауы шарт. Бұны Абай ұғымға, ал «махаббат философиясын» Алланы тану құралы ретінде қабылдаған. Абай тақуалық (аскеттік) емес, өміршеңдік прагматикалық философияны жақтаған. Ол Алланы сүюге шақырғанда, адамның өзін­өзі танып, тазаруын мақсат тұтқан. Өзін­ өзі танушы жан өзгеге бөгде көзқараспен қарауы мүмкін емес. «Махаббат философиясы» ­ араб ­ парсы, Орта Азия және Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің орасан дамуына ықпал жасаған дүниетаным. Себебі махаббатты жырлау әдебиет пен өнерде демократияның, еркін ойдың өрісі болды. Сондықтан да орта ғасырдағы араб ­ парсы поэзиясына әлемде ешбір елдің поэзиясы тең келмейді. Міне, осы даму ислам діні шеңберінде болған. Абай заманындағы қазақ тұрмысында ислам саяси дертке ұшыраған еді.
Данышпан Абай дінге тағы бір тың көзқарас әкелетінін сезген, оның есімі Алланы тану мәселесіне сынаған. Себебі Алланы тану ­ адамның өзін өзі тануға бастайтын жол. Абай махаббат адамның жарамсыз қылықтарынан тазаратын күш екеніне кәміл сенген. Бірақ қазақ даласына «махаббат философиясы» «махаббат поэзиясы» ретінде сіңген болатын. Алла мен Адам арасындағы махаббат әйел мен еркек арасындағы махаббатқа ауысқан. Солай болғанымен, мәселенің түп қазығы сол қалпында, яғни адам бойындағы асыл қасиеттерді саудаға салмау. Адамдардың (қыз бен жігіттің) бір­біріне қалтқысыз берілуі, ғашық болуынан,із Құдай жолы. Ғашықтық тақырыбы қисса ­ қисса болып Шығыстан да келіп жатты. Өз ақындарымыз да жырлап жатты, ел жаттап алып айтатын болды. Сөйтіп, «махаббат философиясы» поэзия арқылы қазақ санасына сіңісті. Ғашықтық сезімін қыз жігітке, жігіт қызға арнайды. Махаббат адамдар сезіміне ауысты. Алайда тақуа, яғни махаббат үшін өзін құрбан етуге, өмірін арнауға апарды. Ғашықтық жырларда екі жастың бақытқа жетуі өте сирек болды. Көбіне ғашық болғандар мерт болады. Мысалы, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Төлеген мен Жібек. Демек, махаббат үшін құрбан болу ­ «махаббат философиясынан» қалған дәстүр. Бұл Еуропа халықтарында ешбір болмаған. Махаббат ­ Алланың қасиеті, сипаты ретінде шексіз, өлшеусіз шындық. Демек, ол туралы наным да шексіз. Махаббат ­ мәңгі сарқылмайтын тақырып. Өмірдің мәні махаббатта. Келе­келе адамның Аллаға махаббаты, рух махаббаты және тән махаббаты болып бөлінген. Ол туралы Абай «ғашықтық пен құмарлық ­ ол екі жол» деп нақты айтқан, себебі құмарлық негізінде нәпсі деген бар. Аллада мін жоқ, мін ­ адамда. Мәселенің нақ осылай болуы да ­ Алла әмірі. Олай болса, адамға ақыл мен мінді қоса берген ­ Алланың өзі. Демек, Алла мінсіз болғанымен, оның жаратқан мақұлығы мінді болса, кінә кімде? Бұл сұраққа жауапты данышпандар жазған том­том кітаптардан қиналып іздеудің еш қажеті жоқ. Оған жауапты Абайдың өзі берген. «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» дей келіп, адамның мінді болатын жайларына тоқталған: Мүмин болсаң, үйреніп сеп де ұқсап… Құран рас, Алланың сөзі дүр ол, Тәуіне жетерлік ғылымың шақ. Бұл жерде Алланың мінсіз, пайғамбардың хақ екендігін түсініп, мойындап, қабылдауың керек. Оны жасамасаң, оған ақылың, санаң, сезімің жетпесе, мінді боласың. Мұндай талап Алла жаратқан адамнан өзге мақұлықтарға қойылмайды. Оларда сана еркіндігі жоқ, оларға сана қажет емес. Олардың бар болмысы ­ өмір сүру, атап айтқанда, хайуандық тұрмыс кешу. Ал адамдарға өмір иесі Алланы, оның мінсіз екендігін тану парыз. Алланың сөзін ­ Құранды, ғылымың жетсе, ұқ, егер шамаң жетпесе, ғылыммен айналыс. Демек, тек тұрмастан, өзге адамға қатысты іспен айналыс. Міне, осы тұста адам мінсіз болып тұра алмайды. Онда қызығушылық, құмарлық, жалқаулық, айуандық мінездер бар. Оларды да адамға Алла берген. Алла өзі мінсіз болғанымен, адам мінді. Бұл да қажеттіліктен туған. Егер Алласымен қоса Адам да мінсіз болса, не болмақ? Онда Алла мен Адам арасында өзгешелік бола ма? Сондықтан Алланың мінсіз, Адамның мінді болғаны жөн, сонда өмір болмақ, мәселелер туындамақ, жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен әділеттілік, адамгершілік пен айуандық сияқты ұғымдар тайталасып, қысқасы, өмірге құмарлық, қызығушылық болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет