Ойлау мəдениеті Ойлау


дәріс Дүниені философиялық түсінудің негіздері.Сана, рух және тіл



бет9/56
Дата19.12.2023
өлшемі289,53 Kb.
#141016
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56
Байланысты:
wiCpqdFATcO6hjIOVcixN80Ll3QJ3v1QnJYLIAuh

3.дәріс Дүниені философиялық түсінудің негіздері.Сана, рух және тіл.
Жоспары:
Жан, ақыл, парасат, рух.
Сананы онтологиялық түсіну.
Ойлау және тіл.


1.Жан, ақыл, парасат, рух.
Жан — адамның , жан-жануарлардың (кейде өсімдіктердің де) бойындағы тіршілік қуаты туралы түсінік. Жанның заттық қасиеттері жоқ болғандықтан, оны ғылым жолмен тану мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан жан туралы дінде,мифологиядафилософияда әртүрлі түсініктер қалыптасқан. Діни дүниетанымда адамдарға жан беруші және оны алушы — Құдай. Бұл барлық діндерге ортақ түсінік. Демек жан иесі —ҚұдайИслам философиясында жан— Алланың нұры немесе Алланың нұрынан жан пайда болады. Қалай болғанда да жан адамға қатысты емес, ол Алла әмірімен болатын іс. Жанның тәнге тұрақтаған кезі “жалған” өмір болса, тәннен бөлініп “ұшып” кеткен соң, ол “мәңгілік”. О дүниеде жаратушы сұрақтарына жауап беретін де жан Философия тарихында жантуралы көптеген ғұламалар пікір айтқан. Аристотель жан тәннің формасы деген. Грек философы Плотин жан тәннің формасы емес, ол — ақыл иесі дейді. Оның айтуынша ақыл тән де емес, жан да. ибн Сина өсімдіктер жаны, хайуанаттар жаны және адамдар жаны деп жіктеген. ибн Сина дүниетанымында ақылсыз жан деген — түйсік, яғни хайуандар жаны, ал ақылды жан иесі — адам. Мұндай жағдайда өсімдік жанның хайуан жанына, одан адам жанына өтуі, немесе керісінше болуы мүмкін емес. Жанның бір денеден екінші денеге ауысуы будда дініндегі түсінік. Жан мифологияда, көркем өнерде түрлі образдарға негіз болған. Жанға қатысты философия тарихындағы негізгі проблемалар мынандай:
Жанның растығы. Плотин жан субстанция деген. Жанның растығын Платон, Аристотель, ибн Сина, т.б. мойындаған;
Жан жаратылмаған. жан жаратылған болса, оның өлімі мойындалуы керек. Жан өлімі деген дінде, мифологияда жоқ;
Жанның мәңгілігі;
Жанның даралығы. Жан туралы жазушылар оның даралығын мойындайды.
Ақыл — адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол — пайым және парасат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет