Пікір Таным және шығармашылық Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды.
Локктың таным теориясының үш қағидасы
1.Адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;
2.Адамның дүниеге келген кездегі ақыл ойын ештеңе жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты,ол тек тәжіри-бе арқылы мазмұнға толады.
3.Ақыл -ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе - түйсік.
Кант «таным субъекті» және «таным объекті» деген ұғымдарды жаңаша қарастырды. Таным субъекті - өзімен өзі өмір сүретін, дара адам, аралдағы Робинзон емес; Ол - басқа адамдармен әр алуан қарым-қатынаста болатын, әлеуметтік ортада тәрбиеленіп жетілген қоғам өкілі; таным субъекті — бүкіл қоғам. Субъект бүкіл адамзат игілігіне — мәдениетіне, ғылымына, біліміне, техникасына арқа сүйеді. Таным процесінде, ғылымда, философияда қоғам алға тартқан мәселелер қойылып, шешімін табады. Таным объектін де Кант жаңаша түсінеді: бұл - бүкіл объективтік реалдылық емес, онымен субъект қарым-қатынас жасай алмайды. Объективтік дүние - шексіз. Таным объекті сол шексіз дүниенің бір жағы, бөлшегі (фрагменті) ғана.
М.Хайдеггер – адам болмысты тыңдай білу керек. Болмысты тыңдау – тіл арқылы жүрмек. Тіл – болмыстың үйі. М.Хайдеггердің негізгі шығармасы – «Болмыс және уақыт».
"Білу деген не?" деген сұраққа берілетін жауаптың маңыздылығы Гетенің"Фаустында" былай жазылған:
"... Білудің мәні не? Міне, досым, мәселе қайда? Бұл тұрғыда бізде бәрі орнында емес. Заттардың мәніне үңілгендерді, Барлық жандарға сырын жайып салғандарды Алауларға өртеді және тепкіледі. Бұл сізге бесенеден белгілі..."
Декарт заманының батысеуропаның философиясында танымды “субъект-объект” арақатынасы негiзiнде қарастырып келе жатыр. Таным субъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк-практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, мұда жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады.
Танымның эволюция теориясы (Фоллмер т.б.) танымның негiзi ретiнде “орташа өлшемдегi әлем”, “мезокосм”, тек ол ғана адамның танымына мәлiм болады, онаң ғана адам түйсiк-бейнелердi ала алады. Ал танымның нәтижелерi мен танылатың әлемге сәйкестiгi психиканың қабiлетiне, эволюциялық және қоршаған ортаның өзгерiстерiне беймделуiне байланысты болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Словарь Дворецкого
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006 жыл. ISBN 9965-808-82-1
↑ ab Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 10-сыныбына арналған окулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-570-2
↑ “Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008.
6-шы тақырып. Білім, ғылы 6.дәріс Білім,ғылым,техника және технология
1.Танымның негізгі әдістері
2.Ғылымды – білім , қызмет және әлеуметті институт ретінде талдау