Ойлау мəдениеті Ойлау


Пікір Білім,ғылым ,техника және технологиялар



бет23/56
Дата19.12.2023
өлшемі289,53 Kb.
#141016
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56
Байланысты:
wiCpqdFATcO6hjIOVcixN80Ll3QJ3v1QnJYLIAuh

Пікір
Білім,ғылым ,техника және технологиялар
Абай – халықты білімге, ғылымға, еңбекке көп үндеген ақын. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл прогреске апаратын жол деп түсінді. Ғылымның әлеуметтік орнын адамдардың жақсы қасиеттерімен байланыстыра қарады.
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек...
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек», -деп ақылды тереңдетіп, шалқыта түсетін, адамның жігерін, қайратын өсіріп, жөніне жұмсауға жол көрсететін, оны тасыта түсетін, жүректі де ізгілікке, адалдыққа, адамдыққабаулитын, адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік ізгі күшке айналдыратын осы ғылым деген қорытындыға келеді. Абай ғылымның әлеуметтік рөлін терең талдап, қайрат, ақыл және жүрек үшеуін айтыстыра келеді де ғылымға жүгіндіреді. Ғылым жүректің әділеттілік, ұят, рақымшылық, мейірбанды ққасиеттерінің артықшылығын қолдайды. Бұдан, Абайдың топшылауынша, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, әділеттің орнауы адамдардың ұятына, рақымшылдығына, мейірбандығына, әділдігіне байланысты. Ғылымды оны бақталастық үшін емес, ақиқатты білмек үшін үйрену керек екенін баса айтады. Өйткені, бақастық адамды бұзады, «жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі, бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін», - деп қорытады Абай. Ақын бірқатар шығармаларында еңбекке немқұрайлы қараушылықтың, жалқаулықтың, еріншектіктің қоғамды жұтатып, тоқыраушылыққа ұшыратып отырғанын, соның нәтижесінде әлеуметтік жүдеуліктің орын алып отырғанын сынайды, еңбек етуге шақырады. «Еңбек жоқ, қаракет жоқ, қазақ кедей, Тамақ аңдып қайтеді тентіремей...» - деп еңбексіздік пен қаракетсіздікті ашына шенейді. Өз тұсында қулықпен, сұмдықпен, ұрлықпен мал тапсам деген әлеум. Топтың қалыптасқанын сипаттай келе, ақын: «Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас, Сұм нәпсің үйір болса тез тыйылмас... Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы сықылды тез суалар...» - деп еңбексіз тапқан олжаның құтсыздығын ескертеді. Абай адал еңбекпен мал тап, еріншек болма деп үйретеді.
Ғылым таппай мақтанба
«Ғылым таппай мақтанба...» өлеңінде: «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рахым ойлап қой - Бес асыл іс көнсеңіз...» -деп, адамның әлеуметтік қасиеттерін жинақтап көрсетеді. Кісінің адамшылық қасиетін бірінші орынға қояды. Адам болам десең, байлық пен озбай ақыл, әділеттілік, ғылым, ар, жақсы мінезбен оз дейді. Абай қазақ қоғамында жан-жақты жетілген адамды арман ете отырып, оның мінезді болуына, мінездің әлеуметтік өмірдегі қызметіне айрықша мән береді. Абай – демократ қызметіне, халықтың шығармашылық күшіне сенді. Туған халқын барынша сүйгендіктен, оның әлеуметтік өміріндегі кемшілігін мінеп, сонны жоюға күш салды. Өз мінін көре алмаған халықтың прогреске ұмтылмайтынын түсінді. Сондықтан, ол кертартпа патриарх.-феод. дәстүрлерге қатал да батыл қарсы күресті, әлеум. Өмірдің жаңа да озық өлшемдерін уағыздады. Өз шығармаларында прогресшіл әлеум. Күштердің мүддесін қорғады. Кемеңгер Абайдың әлеум. ойлары – әлеуметтік іліміне қосылған үлкен үлес.
Абай Құнанбайұлы:Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.
Исаак Ньютон:Ғылымды танып – білуде ережеден мысал пайдалырақ.
АльбертЭнштейн:Дін, өнер және ғылым – бір ағаштың бұтақтары.
Жак-ив-Кусто:Алғашқы саяхатшыларды қызуғышылық тартса, келесі ізімен ғылым келеді.
Оноро де Балзак:Сұрау белгісі (?) – барлық ғылымдар кілті.
Генрих Гейне:Ғылым үшін барлығы да маңызды.
Дмитрий Менделеев: Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.
Василий Вильямс :Ғылымда демалыс жоқ. Ғылым үшін демалыс жұмыстың өзгеруі ғана.
Саади Ширази:Ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданбаған кісі — жерін айдап, дәнін сеппеген адамға ұқсас.
Луи Пастер: Ғылымның отаны жоқ.
Пайдаланылған әдебиеттер
Словарь Дворецкого
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006 жыл. ISBN 9965-808-82-1
↑ a b Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 10-сыныбына арналған окулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-570-2
↑ “Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет