Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет10/33
Дата16.10.2023
өлшемі0,68 Mb.
#116322
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Байланысты:
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі-emirsaba.org

Сана, идея алғашқы 
Материалдық болмыс алғашқы 
Тәжірибе
Зат-ол
түйсіктер
жиынтығы
Идеялар
адамнан тыс
өмір сүреді
Нақты-ғылыми теориялар
Объективтік
идеализм
Субъективтік
идеализм


5. Әлеуметтік формалары.


Бұл формалар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Кеңiстiк және уақыт. Қазiргi фантастикалық романдардың кейiпкерлерi
ғарыштық саяхаттар барысында жердегi олардың қатарлары қартайып қалса, ал олар сол
жас қалпында қалып қоятыны жиi кездеседi. Бұл романдардың авторларының бүгiнгi күнi
ғылыми жаңалық ашуға ұмтылған талпыныстарында шындықтың ұшқыны бар ма? Кез-
келген материалдық объект өзге объектiлерден белгiлi бiр қашықтықта орналасып, белгiлi
бiр орынды иеленедi және белгiлi бiр конфигурацияда және үш өлшемдi көлемде болады.
Материалдық объектiлердiң бұл қатар өмiр сүру формаларын кеңiстiктiк формалар немесе
қатынастар, немесе жай ғана кеңiстiк деп атайды. Құбылыстардың ұзақтығы, тек бiр
өлшемдегi құбылыстардың бiрiн-бiрi алмастыруы, – құбылыстардың бұл өмiр сүру
формаларын уақыттық формалар немесе қатынастар немесе жай ғана уақыт деп атайды.
Құбылыстардың кеңiстiктiк және уақыттық сипаттамалары бiздiң санамыздан тыс,
өз-өзiнен бар нәрсе екендiгi туралы көзқарасқа материалдық әлемнiң барлығына сенетiн
барлық ойшылдар мыңдаған жылдар бойы иланып келдi. Классикалық немiс
философиясының негiзiн қалаушы Иммануил Кант та заттардың объективтi өмiр
сүретiндiгiне күмән келтiрген жоқ. Бiрақ ол материалдық заттардың кеңiстiктiк және
уақыттық сипаттамаларының объективтi өмiр сүруi туралы кең таралған сенiмдiлiкке
келтiрген алғашқы философ болды. Канттың бұл мәселенi көтеруiне сол дәуiрдегi ғылым
мен философия жетiстiктерiнiң де ықпалы болды.
Қазiргi кезде мектепте оқытылатын геометрияның негiзгi қағидаларын ертедегi
гректер ойлап шығарып, оны өзiнiң “Бастауларында” түйiндеген Евклид (б.з.д. III ғ.)
болатын. Евклидтiк геометрия ХIХ ғасырдың алғашқы ширегiне дейiн адамзатқа белгiлi
жалғыз геометрия болып келдi. Осыған байланысты және Кант дәуiрiнде евклидтiк
геометрияның аксиомалары (мысалы, “екi нүктенiң арасындағы ең қысқа қашықтық –
түзу”, “түзуден тыс нүкте арқылы, дәл сол жазықтықта, берiлгенге параллель тек бiр ғана
түзу жүргiзуге болады”) ешқандай артықшылық пен түзетулердi көтермейдi, олар мәңгiге
орныққан жалпы және қажеттi шындықтар деген пiкiр үстем болып келдi. Дәл осы сияқты
уақыт туралы да жалпы қалыптасқан пiкiрлер де түзету мен ерекшелiктердi көтермейтiн
шындықтар деп есептелдi. Мысалы, заттарға бағынбайтын тек жалғыз бiр ғана уақыт бар
деп есептелдi, өйткенi ол уақыт заттар өмiр сүре ме әлде жоқ па, олар тыныштықта ма әлде
қозғалыста ма, оған тәуелсiз ешқандай өзгерiстерге ұшырамай, бiрқалыпты ағып отырады.
Мысалы, француз философы Пьер Гассенди осылай деп есептедi. Ақырында, Кант
заманында да заттармен контакт, тәжiрибе – бiзге белгiлi бiр әсер қалдыратын заттардың
бiзге ықпалы, бақылау (соның арқасында зерде түйiндер жасайды); бақылаудан жалпы
қағидалар, заңдар шығару мүмкiн емес, өйткенi, сол заңға бағынатын айғақтардың саны
шексiз және олардың барлығын бақылау мүмкiн емес деп есептелдi. Евклидтiк
геометрияның аксиомалары бекiтiлген сәттен берi көптеген ғасырлар бойы адамзат орасан
зор тәжiрибе жинақтағанына қарамастан кеңiстiк пен уақыт туралы жалпы қабылданған
пiкiр ешқандай өзгерiске ұшыраған жоқ. Олардың шынайылығы ешқандай күмән туғызған
жоқ, және Кантқа дейiнгi iрi ойшылдар да мұндай пiкiрлердiң қайнар көзi тәжiрибе емес
деп түйiндедi.
Заттарға тән нәрселер туралы бiз тек олармен контакт жасау арқылы ғана, тәжiрибе
арқылы бiле аламыз деп пайымдады Кант. Кеңiстiк пен уақыт туралы бiздiң пiкiрлерiмiз
тәжiрибеден алынған жоқ, демек олардың қайнар көзi сыртқы заттарда емес, бiздiң
ақылымызда. Және Кант былайша түйiндейдi: кеңiстiк пен уақыт туралы көзқарас бiздiң
ақылымызға барлық пайымдауға дейiнгi, барлық тәжiрибеге дейiнгi “пайымдаудың
формасы” ретiнде тән, ешқандай тәжiрибе осы формаларсыз мүмкiн емес, барлық
тәжiрибеде бiз оларды пайдаланамыз. Кеңiстiк пен уақыт – бұл бiз онсыз заттарды көре
алмайтындай көзiлдiрiк тәрiздi. Жасыл көзiлдiк барлығын да жасыл етiп көрсетедi. Кеңiстiк
пен уақыттың көзiлдiрiгi барлығын да кеңiстiк пен уақытта өмiр сүретiн етi көрсетедi. Бiрақ
бұл көзiлдiрiк бiздiң санамызға тән, онсыз кеңiстiк те, уақытта жоқ.


ХIХ-ХХ ғасырлар кезеңi – бұл математика мен жаратылыстанудың қарқынды


дамыған дәуiрi. Математикада метрикалық геометрияның (онда тек шамалас фигуралар
ғана эквиваленттi деп саналады) iзiнше проективтi геометрия (онда көлемнен алшақтайды
және эквиваленттiлiк үшiн бiрi бiрiнiң перспективасы болатын екi фигура жеткiлiктi)
қалыптасты. Геометриялық кеңiстiктердiң өлшемдерiнiң саны ендiгi жерде үшеумен ғана
шектелмейдi. Құбылыстардың өте кең шеңберiн қамтитындай топология (онда
эквиваленттi фигуралар тек үздiксiз өзгерiстермен ғана байланыстырылады) қалыптасты.
Ақырында, геометриялық және геометриялық емес математикалық объектiлер арасындағы
айырмашылықтардан алшақтайтын теориялармен қатар көпшiлiк және құрылым сияқты
кең ұғымдар да пайда бола бастады. Өте жалпы және алшақтаған теориялар мен ұғымдарды
қалыптастыра отырып, математиктер жүйелер құра бастады. Бұл жүйелерде сәйкес
шектеулердi ретiмен қабылдау жолымен неғұрлым кең және жалпы теориялардан
логикалық жолмен тар, арнаулы теориялар туындайды. Көпшiлiк теориясының негiзiнде
барлық кеңiстiк ұқсас қатынастар туралы iлiм (топология), кейiнiрек бiздiң әдеттегi
көзқарасымызға жақынырақ проективтi-кеңiстiктiк қатынастар туралы iлiм (проективтi
геометрия) және ақырында бiзге күнделiктi тәжiрибеден және мектеп курсынан белгiлi
евклидтiк геометрия бөлiнiп шықты. Мұнда мынадай маңызды нәрсенi ескеру керек. Бiздiң
күнделiктi бақылайтын сыртқы заттардың кеңiстiктiк сипаттамалары математиктердiң
ойша құрылымдарында заттардың жалпы сипаттамасының соңғы логикалық салдары
(мұның алғашқылары о баста математиктер үшiн бастапқы пункт болғанына қарамастан)
екендiгiнен бұл кеңiстiктiк сипаттамаларды математиктер ойлап шығарған, ал заттардың
өздерi оларға ие бола алмайды деген пiкiр туындамауы керек.
Алайда неопозитивистер дәл осылай түйiн жасайды. Р.Карнаптың көрсетуiнше,
көпшiлiк теориясының негiзiнде бiз “тәжiрибе және пайымдаумен анықталатын
логикалықемес құрамдас бөлiктерге бағынбайтын” қатынастардың құрылымын
құрастырып жәнеешқандай қашықтық та, түзу де жоқ топологиялық көп өлшемдi кеңiстiк
қалыптастырамыз. Сонан соң олардың мәнiн өз қалауымызға орай “еркiн” анықтай отырып,
қашықтықтық және түзу ұғымдарын енгiземiз, “тәжiрибелiк айғақтар бiздi бұған
мәжбүрлей алмайды”. Осылайша табиғаттың белгiлi метрикалық кеңiстiгi пайда болады.
Демек, жаратылыстанымның және бiздiң күнделiктi өмiрiмiздiң кеңiстiгi – бұл ешқандай
тәжiрибеге де, ешқандай сыртқы әлемнiң заттарына да қатысы жоқ, бiздiң ақыл-
ойымыздың туындысы.
Материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі. Яғни, материяның кеңістікте
аяқталатын немесе таусылатын шегі жоқ. Материя таусылмайды. Материя уақыт жағынан
мәңгі деудің мәні – ол жағынан алғанда, ешқашан пайда болмайды және еш уақытта
жоғалып кетпейді. Материя тек бір формадан екінші формаға ауысып, өзгеріп кетіп
отырады.
Кеңістік пен уақыт қасиеттері:
Ұзындық, қашықтықта созылу әр объекті келесі бір объектінің қасында орналасады,
соған байланысты материяның құрылымы да айқындалады;
Болмыстың шынайы кеңістіктегі өлшемі – үш, осы өлшемдік кеңістікте болмыстың
шексіздігі мен таусылмастығы өз көрінісін табады;
Біртектілігі – кеңістікте нақты “белгіленген” нүктелер жоқ;
Изотроптылық – кеңістікте барлық бар болатын бағыттардың тең құқықтығы.
Қозғалыстағы материя бір қалыпта тұрмайтынын, үнемі өзгеріп, дамып, бір күйге, бір
жағдайдан келесі жағдайға ауысып жататын үдерісті уақыт ұғымы сипаттайды. Басқаша
айтқанда, уақыт дегеніміз – қозғалушы материяның объективті түрде өмір сүруінің
формасы. Уақыт материалдық үдерістер өрістеуінің жүйелілігін, бір үдерістердің түрлі
сатысының бір –бірінен бөлек екенін, олардың ұзындығын, олардың дамуын сипаттайды.
6. Болмыс философиялық категория ретінде: оның мәні және ерекшелігі, негізгі
формалары.


Болмыс тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым.


Адамдар ерте заманнан-ақ табиғат пен қоғамда әрқашан өзгерістер болатынын, сондай-ақ,
дүние біршама тұрақты тұтастық ретінде сақталатынын байқаған болатын. Философия тек
заттардың өмір сүруін белгілеп қана қоймай, оның жалпылық сипатын, күрделі байланысын
қарастырады. Заттар мен құбылыстар өздерінің барлық ерекшелігімен, қасиеттерімен өмір
сүреді, сондай-ақ, олар барлық өмір сүрушілермен бірігеді. Осы бірігу, байланысу
философиялық
болмыс
категориясымен
көрсетіледі.
Философиялық
болмыс
категориясымен дүниенің өмір сүру мәселесі анықталады. Болмыс туралы ілімді
философияда онтология деп атайды. Болмыс ұғымына анықтама берсек, болмыс – бар
болып, өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын, құбылыстардың нақты өмір сүруін
білдіретін категория. Болмыс категориясының ауқымы басқа ұғымдардан кең.
Дүние бар, ол шексіз, өткінші емес, біртұтас. Дүние адамның санасынан тыс және
оның еркіне тәуелсіз түпкілікті бірлік ретінде өмір сүреді. Әрине, бұл бірлік көптүрліліктен
көрініп тұрады. Болмыс мәселесін философиялық тұрғыдан ойлау – дүниенің бірлігі неде
деген мәселемен шектелмейді.
Болмыстың философиялық мәселесінің екінші қоры: табиғат, қоғам, адам, сана – бәрі
де тұтас алғанда тең өмір сүреді. Ал, бұл өмір сүрушілер формалары жағынан әр алуан. Бар
нәрсенің өмір сүруі – дүниенің бірлігінің алғышарты болып есептеледі.
Адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі бәрі де – болмыс. Болмыс
мәселесінің үшінші қоры – дүниеде өмір сүретіндердің бәрі іс жүзінде бар нақты шындық,
бұл шындықтың өмір сүруінің өз логикасы бар, ол санада нақты түрде бейнесін таба алады.
Былайша айтқанда, дүниенің өмір сүруі мен дамуы шындықты, объективті нақтылықты
құрайды.
Болмысты жалпы түрде нақты және идеалды деп бөлуге болады. Нақты болмысқа
кеңістіктік пен уақыттық сипаттағы заттардың, құбылыстардың және адамдардың нақты
өмір сүруі жатады. Идеалды болмыс уақытқа тәуелсіз, өзгермейтін мәңгілік сипатқа ие.
Оған: рухани құндылықтар, идеялар т.б. жатады.. Кейде идеалды болмысты ақиқат болмыс
деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет