Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет19/33
Дата16.10.2023
өлшемі0,68 Mb.
#116322
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Прагматизм қандай да бір ерекше нәтижені күтпейді, бұл тек қана тәсіл деген пікірін
тиянақтаған Дж. Уильям, тәжірибе мен шындықтың бір нәрсе екендігін ұсынып, ақиқат –
қоғамға шынайы әсер ету күші аясында алынған білімнің тексерілуі деген қорытындыға
келеді. Оның пікірінше, ойлау мидың жай ғана қызметі немесе ғылым үшін қажетті
құбылыс емес, оның құндылығы – өмірлік сауалдарды шешу үшін, жетістікке жету үшін
қажетті құрал болуында және ол – сәттілікке жету үшін организмнің қоршаған ортаға,
қоғамдық өмірге бейімделуінің құралы. Білімнің мазмұны практикалық салдар арқылы
анықталады. Демек, білім беруді түрлендіру белгілі бір деңгейде нақты және нәтижелі
болуы тиіс. Адамдар практикада ешқандай теориялық негіздемесі болмайтын, яғни,
қоғамдық өмірде еш пайдасы жоқ шешімдер қабылдауға жиі мәжбүр болады. Егер таңдау


болмаса, әрекет ету керек, бұл да шешім. Яғни, дағдарыстарда ештеңе істемеу емес, бір


нәрселер жасау қажеттігі, бұл да нақты шешім. Ал ақиқат дегеніміз, өзімізге тиімді, әмбебап
үйлесімді болып келетін, өмірлік тәжірибе қорымызға қосуға болатын нәрсе. Мұндағы
практика объективті ақиқаттың тәжірибеде тексеріліп қаралуында емес, адамдардың жеке
мүдделерінің қанағаттандырылуы, ол – бізді ең жақсы жолмен жетелейтін, өмірдің кез
келген сәтіне ең жақсы бейімделген т.б. сапаларды иеленуі тиіс. Джон Дьюй де таза
өмірмәнділік мәселелБарлық құқықтар сақталған. Материалды көшіріп бассаңыз
https://turkystan.kz/article/44137-pragmatizm-ruhani-zha-yrudy-zh-zege-asyrar-zhol
гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз.
Абай дүниетанымының өзегі, күре тамыры – адам. Адам Абай үшін оның
организмін, іс - әрекетінің мақсатын және үйлесімділігін, талап – тілегі мен
қызығушылығын зерттегенде физиологиялық – психологиялық нысан, ал таным процесінің
мәнін түсіндіргенде – философиялық нысан, жақсылық пен жамандықтың мағынасын алып,
«Адам бол» этикалық принципін негіздеген уақытта этикалық нысан болып табылады.
Таным, Абайдың пікірінше, - адам тіршілігінің маңызды мақсаты, адам жанының
бірден – бір қажеттілігі.
Табиғат пен қоғам ұдайы өзгерісте, дамуда. Қоғам дегеніміз – ұрпақтың үнемі ауысып
отыруы.
«Адам бол» деген Абай принципінің мәні адамды, оның ролін жоғары бағалауында.
Ойшылдың пікірінше, әр адам еңбекқор, әділетті және гуманды, адал, мейірімді болуы
керек.
«Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалаң.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан», - деп жазды Абай.
Қазақ философиясының көрнекті өкілі – Шәкәрім Құдайбердиев. Ол арнайы
философиялық трактат «Үш анықты» жазған. Өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Абай,
Ыбырайға қарағанда грек, европа философиясының тарихын тереңірек біліп, оған баға
беріп, өзіндік ой қорытты. Шәкәрім өте білімді адам. Ол Батыс пен Шығыстың мәдениетін
жетік білген.
«Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар.
Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті, ұқсамайтын бір
түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде
жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет - өлгеннен соңғы өмір жолы дейді.
Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын
деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді»– деп жазды Шәкәрім «Үш
анықта».
Шәкәрім өзінідік концепция ұсынады.
Оның пікірінше, бірінші ақиқатты жаратушы мен жанның мәңгілігін мойындайтын
сенім, яғни діни ақиқат құрайды.
Екінші ақиқат – сезімдік қабылдаулар мен рационалдық ойлауға сүйенетін ғылыми
ақиқат.
Үшінші ақиқат – бұл жан ақиқаты, оның субстанциалдық негізі - ұждан. Адам жақсы
өмір сүру үшін таза еңбекке, ұждан ақылға, шын жүрекке сүйенуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет