Мораль адамның тәртібінің ішкі, терең реттеушісі ретінде өзінің адамгершілік
борышының қоғамдық мағынасын анықтауына өлшем болады, жалпы қабылдаушылық,
көпке белгілік одан жауапкершілікті алып тастамайды.
Дәл осы жерде адамның ұжданы өз қызметіне кіріседі.
Ұждан дегеніміз – адамның
моральдық міндеттерді анықтауы және оны орындалуын өзінен талап етуі, өзінің тәртібі
мен жүріс – тұрысын бақылау.
Өзінің ұжданына сүйене отырып, адам жақсылық пен жамандық,парыз, әділеттілік,
адамгершілік туралы өз түсініктеріне жауапкершілігін сезінеді, өзінше моральдық өлшемді
анықтайды, өзін өзі бағалайды.
Рухани адам үшін
ұждан – рухани құндылықтар мен сенімнің түйіскен жері, өзін -
өзі сыйлаудың және өзін өзі қадірлеудің негізі.
Ұждан адамды гуманизм мен мейірімділік идеалдарына, парыз бен арға толық
бағындырады.
Жоғары дамыған ұждан адамға үлкен талап қояды, ешқандай келісім мен енжарлыққа
жол бермейді.
Ұжданға негізделген өмір тұлғаның өзін өзі жоғары бағалауын күшейтеді және
нығайтады.
Ар мен қадір – қасиет ұғымы моральда кез келген адамның адамгершілік тұлға
ретіндегі құндылығы туралы көзқарасты білдіреді.
Ар, абырой және қадір қасиет адамға қоғамда тек сыйлау, құрметтеуді қамтамасыз
ететін іс - әрекеттерді ғана жүзеге асыруды міндеттейді, ешкім де өзінің абыройын төгетін
әрекет жасамайды. Абырой әр адамның қоғамда оған өзінің орнына, репутациясына
лайықты әрекет жасауға міндеттейді.
Ар адамның ең асыл қасиеті.
«Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза» деген М.Әуезов.
Моральдық сананың тағы да бір маңызды қасиеті - әділдік ұғымы. Ол адамдардың
қарым – қатынасындағы тазалықты, тәртіпті білдіреді. Әр адамның құқығын, қадір –
қасиетін сыйлау әділдікпен тығыз байланысты.
Адамгершілік құндылықтарын білдіретін моральдық категориялар бақыт пен және
өмір мәні ұғымымен аяқталады.
Бақыт пен өмірідің мәні бір – бірімен тығыз байланысты.
Өйткені, адам өзі істеген мәнді істерінен моральды қанағаттандығын сезінеді. Өзін - өзі
толық дамытқан, өзінің қолынан келетін қоғамдық іс - әрекетте сүбелі табыстарға қол
жеткізіп, қоғамдық қарым – қатынастардың дамуында белгілі із қалдырған адам бақытты
адам.
Бақыт дегеніміз - әр адамның өзіне өзі риза болуының жоғары деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: