№ 3
Дәріс
Сана, рух және тіл
1.
Жан, ақыл, парасат, рух ұғымдарының антик дәуірінде, орта ғасырларда
түсінілуі.
2.
Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана феномендері.
3.
Сана және өзіндік сана. Сана және ұлттық сана.
4.
Ойлау және тіл. Тіл философиясы.
Жан, ақыл, парасат, рух. Антикалық
философиясындағы рух пен
парасаттың космологизмі. Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн-Сина рух
туралы. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі.
Сананың гносеологиялық моделдері. Жаңа
заман философиясындағы тума
идеялар концепциясы және cogito статусы. Неміс классикалық
философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері. Шәкәрімнің үш
анығы. Шәкәрім рух туралы. Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты.
Тәндік және руханилық.
Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері. Сана
феномендері.
Сананың
қалыптасуын
анықтайтын
факторлар.
Антропосоциогенез. Сананың шығу тегі мен мәні: негізгі концепциялар.
Шығыс философиясындағы сана мәселесі. Сана құрылымы. Бейсаналық, сана,
санадан жоғары.
Сананың сезімдік-перцептілік, эмоциялық,
құндылықтық-
мотивациялық, жігерлік, логикалық компоненттері.
Бейсаналықтың
философиядағы негізгі концепциялары (З.Фрейд, К.-Г.Юнг). Постмодернистік
философиясындағы сана мәтін ретінде (Ж.Деррида, Ж.Делез). Сана және
өзіндік сана. Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді
түсіну,
өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен
үйренуге қабілеттілік. Сана және ұлттық сана-сезім.
Қазіргі Қазақстанның
рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық сана-сезім. Рухани жаңғыру – ұлттық
сананың әртүрлі полюстерінің ымыраға келуі.
Ойлау және тіл. М.Қашғаридің тіл философиясы. ХХ ғ. философиясының
«лингвистикалық бұрылыс»: сана философиясы
тіл философиясы ретінде
(аналитикалық және структуралистік интерпретациялары). Тіл және ұлт.
Латын графикасына көшудің қазақ ұлты мен қазақ тілінің дамуындағы рөлі.
Достарыңызбен бөлісу: