басқа да ойлау үдерістерінің түрлері арқылы айқындалады. Әрине,
мұнда
сезімдік танымның рөлі де жоққа шығарылмайды, алайда ол ғылыми
танымның теория ауқымында жанама, екінші рөл атқарады.
Ғылыми таным
құбылыстар мен процестердің ішкі әмбебаптық байланыстары мен
заңдылықтарын эмпирикалық білім мен ақыл-ойға табан тіреп,
рационалды
түрде сараптау арқылы бейнелейді. Мұндай сараптау ұғымдар жүйесі, ой
қорытындысы, заңдар, категориялар мен принциптер сияқты жоғары
дәрежедегі абстракциялар жүйесі арқылы іске асады. Ғылыми танымның ең
маңызды міндеті –
мейлінше ақиқатқа жету, оның мазмұнын жан-жақты
ашу. Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркациясы мәселесі. Ғылым
құндылықтары.
Ғылымды білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде
талдау. Ғылым әлеуметтік институт ретінде-бұл ғылымның қызмет етуі мен
дамуын, еңбектің қоғамдық бөлінісі құрылымындағы ғылыми қызметтің
орнын, оның әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі
функцияларын және басқа да
әлеуметтік институттармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін
әлеуметтік коммуникациялардың қалыпты статустық-рөлдік жүйесі.
Ғылымдардың классификациясы: Аристотель, әл-Фараби, Ф.Бэкон, Г.Гегель,
О.Конт. Шоқан Уәлихановтың ғылым философиясы.
Қоғам өміріндегі ғылымның рөлін бағалаудағы қайшылықтар. Сциентизм
және антисциентизм. Ғылым және техника.
Ыбырай Алтынсариннің білім
философиясы. «Білімді адам» моделі. Ғылыми-техникалық прогресс және
қазіргі ғылымның даму болашағы мәселелері. Қазіргі ғылым және этика.
Қазақстан ғылымы дамуының келешегі. Отандық ғылым мен білімнің
дамуындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»
жобасының үлесі.
Достарыңызбен бөлісу: