Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


 Қоғамдық сана, оның түрлері



Pdf көрінісі
бет7/33
Дата14.02.2023
өлшемі1,19 Mb.
#67989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
3. Қоғамдық сана, оның түрлері 
Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің 
барлық 
түрлерін 
қамтитын 
философиялық 
категория; 
әртүрлі 
әлеуметтік 
қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және 
өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі. Оған қоғамдық идеялар, 
теориялар, 
саяси, 
құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және діни 
қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-
күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, ұлттар мен 
халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық 
болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі 
болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам 
мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни 
артта қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол бейнеленген 


нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады. Оның күрделі ішкі құрылымдарының деңгейі 
мен түрлерін ашып көрсетуге болады. Қоғамдық сананың деңгейлеріне тікелей бүқараның, 
жекелеген әлеуметтік топтар өмірінің күнделікті жағдайларынан туатын қарапайым
эмпирикалық сана және қоғамдық топтардың түпкілікті мүдделерінің рухани көрінісі 
ретінде ғылыми-теориялық сана жатады. Қоғамдық сананың түрлері объективтік дүние мен 
қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуін көрсетіп, адамның тәжірибелік іс-
әрекеттерінен байқалып, қоғамның рухани мәдениетінің қүрамдас бөлігіне айналады. 
Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер 
қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді. Оның 
әрқайсысының өз нысанасы мен бейнелеу тәсілінің болуына қарамастан, болмыс пен адам 
санасына өзіндік әсерін тигізіп, идеялық-саяси күресте ерекше рөл атқаруымен 
сипатталады. 
Қоғамдық сананың құрылымы. Зерттеушілер қоғамдық сананың құрылымында 
қарапайым және теориялық, қогамдық психология және қоғамдық идеология деңгейлерін, 
сонымен қатар, мынадай түрлерін: саяси сана, құқықтық сана, мораль, дін, өнер, гылым 
және философияны атап көрсетеді. Қарапайым немесе әдеттегі сана — адамның қоршаған 
ортаны бейне-леуінің тарихи жағынан алғанда алғашқы тәсілі, қоғамның рухани өмірінің 
ажырамас бөлігі. Кейбір ойшылдар қарапайым сананы тоғышарлық сана, жаңаға қабілетсіз 
деп, төмен бағалайды. Мысалы, осындай менсінбеушілік Гегельде кездеседі, бірақ ол 
қарапайым сана жалпы адамзаттық мәдениеттің байлығын игеруге талпынса, ғылыми 
деңгейге дейін көтеріле алады деп сенеді. Ал Кант қарапайым санаға құрметпен қарады. 
Шынында да, қарапайым сана нақты өмір сүріп отырган адамдардың, қогамның құрамдас 
элементтерінің санасы, бір тұлганың екінші тұлғадан айырмашылығын көрсететін және 
оларды бір қогамдыц тұтастыққа біріктіретін рухани микрокосм, адамдардың күнделікті 
өмірлерінің қара-пайым уаиым-қуаныштарының, үміттерімен түңілулерінің жиынтыгы. 
Қарапайым сананы зерттеу арқылы қоғамның жалпы көңіл-күйі, тыныс-тіршілігі туралы 
мол мәлімет алуға болады. Осы жерде «қогамдық психология » ұғымын қарастырған дұрыс. 
Қоғамдық психология дегеніміз — белгілі бір қызмет және басқа да жағдайлар арқылы 
біріктірілген адамдардың әлеуметтік көңіл-күйлері мен сезімдері, қоғамдық пікірлері, салт-
дәстүрлері мен мінез-құлықтары және әлеуметтік әдеттері. «Қоғамдық психология» 
терминін ғылыми айналысқа итальяндық марксист Антони Лабриола 1896 жылы енгізіп, 
оны қоғамдық сананың бүкіл мазмұнына кіргізді. Бұл терминнің философиялық әдебиетте 
кеңінен тарауына орыс ойшылы Г.Плеханов үлкен үлес қосты. Ол «қоғамдық сана» 
терминін «қоғамдық психика» және «таптық идеология» деп бөліп, коғамның 
психологиясын зерттеудің маңыздылығын атап көрсетті және онсыз құқық пен саяси 
мекемелердің тарихың, мәдениеттін, әдебиеттін, философияны сондай-ақ рухани 
құбылыстардың да тарихын түсіну мүмкін еместігін ескертті. Қазіргі кезенде қоғамдық 
психологияны зерттеумен әлеуметтік психология ғылымы айналысады. Жалпы алғанда
қоғамдық психология мен қарапайым сана қоғамдық сананың бір деңгейінде орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет