Ойлау пмно 22/5 Төребек Дания Ойлау жалпы түсінік



Дата31.03.2023
өлшемі416,58 Kb.
#78046
Байланысты:
Психология Ойлау

Ойлау

ПМНО 22/5 Төребек Дания

Ойлау жалпы түсінік

  • Ойлау – заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттамаларын, олардың арасындағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс.
  • Ойлау – таным процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғарғы процесс. Ойлау – адам баласына ғана тән меншікті психикалық процесс. Ойлау сөзбен тығыз байланысты.

Ойлау

  • . Ойлау сөзбен тығыз байланысты. Ойлаудың арқасында біз фактілер мен құбылыстарды біліп қана қоймаймыз, сонымен қатар олардың болу себептерін де түсінеміз. Адамның нақты ойы адамдарды білімнің құдіреттілігімен қаруландырды, оларға табиғат күштерін өздеріне бағындыруға мүмкіндік береді.

Ойлау жалпы түсінік

Ойлаудың формалары

  • Ойлаудың формалары
  • Ойлаудың негізгі формалары – зат пен құбылыстың байқалмайтын ішкі сырын, олардың маңызын, мәнін ашып отыруға тән меншікті жұмыс. Ұғым – шын дүниедегі заттар мен құбылыстардың жалпы және мәнді сипаттарын бейннелейтін ойдың формасы. Ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді. Ұғымды сөзбен айтуға болады. Бірақ, ұғым мен сөз екеуі тепе-тең деп есептеуге болмайды. Біріншіден, бір ұғымның өзін бірнеше сөзбен айтуға болады. Екіншіден, бір сөздің өзі бірнеше ұғымды білдіреді.

Ойлау әдістер

  • Ойлау әдістері
  • Ойлау күнделікті өмірде кездесетін міндеттерді шешуден басталатындықтан, адамда ойлау әдістері болады. Мұндай әдістерге талдау мен біріктіру, салыстыру, абстракциялау мен нақтылау, қорыту жатады. Талдау деп белгілі бір затты, құбылысты, процесті, оның құрамды элементтеріне, бөліктеріне, сипаттарына ажыратуды айтады. Біріктіру – құбылыстың барлық элементтерін жинақтау.Абстракция – елеулі қасиеттерін бөліп алу (квадрат, трапеция).Нақтылау – жеке ұғымдарды түсіндіру. Жалпылау - құбылыстардың ортақ қасиеттерін ойша біріктіру.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет