Ойшылдардың қоғамға, мемлекетке әлеуметтік-философиялық көзқарастары (антикалықтан қазіргі заманға дейін) тақырыбына кесте жасау және толтыру


Философиядағы мәдениеттің концепциялары



бет3/3
Дата05.12.2023
өлшемі20,65 Kb.
#134453
1   2   3
Байланысты:
Îéøûëäàðäû? ?î?àì?à, ìåìëåêåòêå ?ëåóìåòò³ê-ôèëîñîôèÿëû? ê?ç?àðàñ

Философиядағы мәдениеттің концепциялары

Оның сипатамалары

құндылықты нормативтік

Құндылықты-нормативтік міндет нормалардың, құндылықтардың, дәстүр мен әдет ғұрыптың, мәдени үлгінің сапталуы мен берілуін қамсыздандырумен байланысты. Олардың көмегімен адамның, топтың, қоғамның өзін-өзі тануы іске асады. Жеке құндылыққа бейімделу, егер ізгіліктік мазмұн оны бағалау өлшемі ретінде берілсе, адамның мәдени деңгейін көрсетеді.

әлеуметтендіргіш

Әлеуметтендіргіш міндеті адамның алдына оның қоғамның толыққанды мүшесіне айналуына қажетті білім мен дағдыларды игеру мақсатын қояды. Ол қоршаған ортаға сәйкес әрекет етуге, өзінің өмір салтын дербес қалыптастыруға, әлеуметтік мәдени орта жағдайының ұдайы өзгеріп отыратын ахуалына бейімделіп қана қоймай, өз мұқтажына қарай оған әсер ете білуге тиіс.

Ізгілікті

Ізгіліктілік міндеті: Адамдар ерте заманнан-ақ мәдениеттің басты міндетін адамзатты рухани жетілдіру деп түсінді. Мәдениет жеке адамды дамытуға, оның рухани өсуі мен еркіндік деңгейін қамсыздандыруға тиіс. Қытайда мәдениетті “жэнь” – адамгершілік түснігімен мағыналас деп қарастырады. Қазіргі уақытта оның ең дәл мәнін А. Швейцардың мына сөзімен беруге болады: “Бірде-бір адам зат ретінде жағдайға орай құрбандыққа шалынуға тиіс емес және осы этикалық заң адамның өзінен оның мәдениетінің басты принципі өмірдің кез-келген нысаны алдында имандылықты сақтауды талап етеді.

ұйымдық реттегіш

Ұйымдық-реттеушілік міндеті қоғамның немесе оның бір бөлігінің өмір сүруінің қамсыздандырылуы мақсатында қоғамның, топтың, жіктің теңдігін ұстауға бағытталған.

коммуникативті ақпараттық

Коммуникативтік-ақпараттық міндет күрделі және сан қырлы. Кез-келген қызметтің табысы мәдениеттің гносеологиялық қуатын, аппараттық байлығын құрайтын білімнің, ақылдық, дағдының жиынтығынан тұратын барлық аппараттық саласына, сәйкестігіне байланысты. Мәдениеттің осы міндетін іске асыратын маңызды құрал – тіл. Мәдениетте аппараттың алмасуы белгі, бейне, символ (рәміз) орнына іске асады. Олардың пайдаланылуы мәдениет пен адамды ажыратуы немесе біріктіруі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет