Ойшылдардың қоғамға, мемлекетке әлеуметтік-философиялық көзқарастары (антикалықтан қазіргі заманға дейін) тақырыбына кесте жасау және толтыру



бет1/3
Дата05.12.2023
өлшемі20,65 Kb.
#134453
  1   2   3
Байланысты:
Îéøûëäàðäû? ?î?àì?à, ìåìëåêåòêå ?ëåóìåòò³ê-ôèëîñîôèÿëû? ê?ç?àðàñ




Ойшылдардың қоғамға, мемлекетке әлеуметтік-философиялық көзқарастары (антикалықтан қазіргі заманға дейін)» тақырыбына кесте жасау және толтыру.



Ойшылдар

Қоғамға, әлеуметтік философияға қатысты пікірлері

С.Л. Франк



Оның айтуынша әлеуметтік философия – «қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі негіздерін» зерттеумен айналысатын философиялық таным. «Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады». Мұнан шығатыны: әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің барлық «әлемдерінің» – тарих, мәдениет, дін, саясат, құқық, экономика және т.б. әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық ілім саласы.

Д. Белл



Постиндустриалдық қоғам - экономикалык дамыған елдердің «индустриялықтан», «индустриялықтан кейінгі» қоғам типіне өтуімен сипатталатын қазіргі жағдайын білдіретін ұғым. Бұл терминде аталмыш қоғамның кызмет көрсету экономикасын калыптастыру, ғылыми-техникалық мамандардың басымдылығы, жаңа «интеллектуалды» техниканы жасау сияқты негізгі белтілер қалыптастырған.



В. Даль


«культура» сөзінің мынадай мағыналарын берген: «өсіру», «өңдеу» және «күту», «білім, ақыл-ой және ізгілік».

Г.Ф.Гегель



табиғи көзқарасқа орайластырылған адамның «екінші табиғаты» және «екінші ақиқат» деп атап көрсетеді.
теориясында қалау- тілектерге тыйым салу немесе мәжбүрлеу мәдениеттің негізі болып табылады.

З. Фрейд


Оның көзқарастарының негізінде адамдағы табиғи бастау, бейсаналылық, кысым көрсету мен табиғат нормалары арасындағы қарама-қайшылықтар жатыр деген ой-тұжырым жатыр. З.Фрейдтің айтуынша, әрбір мәдениет алғашқы талап-тілектер, қажеттіліктер күштеу, мәжбүрлеумен және басумен құрылады. Сондықтан, адамдарда қоғамға қарсы және антимәдени үрдістер жиі кездеседі.

К. Юнг

Сексуалдылық теориясын теріске шығарып, либидо түсінігін тұлғаның психикалық үрдістерінің белсенділігін анықтайтын және мәдениет пен өркениет дамуының психоэнергетикалық негіздерін анықтайтын психикалық энергия деп түсіндіреді. Рухани мәдениет және шығармашылық бейсана шарттарында негізделеді. Шығармашылық үрдіс архетипті бейсаналық жандандыру мен оны ашудан, оның толық аяқталған өнер туындысына дейін көтеруден тұрады.

Н.Я.Данилевский



Ғалым мәдени қызметтің төрт түрін бөледі: а) діни, Б) мәдени (ғылыми және эстетикалық шығармашылық), в) саяси, г) қоғамдық-экономикалық. Данилевский келесі мәдени-тарихи типтерді (немесе өзіндік өркениеттер) ерекшелейді: 1) Египет, 2) қытай, 3) ассирия-вавилон-финикиялық, 4) Үнді, 5) Иран, 6) еврей, 7) грек, 8) Рим, 9) жаңа-семитикалық, немесе араб, 10) Герман-романдық, немесе еуропалық, 11) мексикалық, 12) Перуандық (соңғы екеуі өз дамуын аяқтамаған). Бір мәдени-тарихи түрдегі өркениеттің негіздері басқа түрдегі өркениеттерге берілмейді. Мәдени-тарихи түрдің өсу кезеңі айқындалмаған.

Т. Шварц


қазіргі замандағы психологиялық антропологияның көрнекті өкілі. Оның пікірінше, мәдениет тілді қамти отырып, адамның алғашқы бейімделу әрекетін білдіреді. мәдениеттің мәні адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсу барысындағы тәжірибесінен шығады, кейіннен ерекше жолмен ұйымдастырылып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады, соған қоса әрбір жаңа ұрпақ оған өзінің өзгертулерін енгізіп отырады.








«Қоғам типтері және олардың қысқаша сипаттамасы» тақырыбына кесте жасау және толтыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет