Ҽок 372. 4: 398. 9 Мақал-мәтелдер сапалы ҧлттық білім берудің шарты ретінде



Pdf көрінісі
Дата24.03.2017
өлшемі293,17 Kb.
#10311

ҼОК 372.4:398.9 

 

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР – САПАЛЫ ҦЛТТЫҚ БІЛІМ 



БЕРУДІҢ ШАРТЫ РЕТІНДЕ 

 

Елеубаева Е.Ш. 

 

Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей 



Ғылыми жетекші- п.ғ.к., доцент А.Ж. Едігенова

 

 



Ел  басымыз  Н.Назарбаев:  «...  жаңа  жағдайларға  сай  біздің  бҽрімізді  алаңдататын 

мҽселе - білімді, кҽсіби даярлығы бар адам тҽрбиелеу ғана емес, қоғамдық ҿмірдің барлық 

саласында  ҧлттық  жҽне  дҥниежҥзілік  қҧндылықтарды  қабылдауға  қабілетті,  рухани 

жҽне ҽлеуметтік-адамгершілік мҥмкіндігі мол тҧлғаны қалыптастыру болып табылады», 

- деп қоғам алдындағы нақты міндеттерді айқындап берді. 

 

Сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  да  ҧлттық 



жҽне  жалпы  адамзаттық  қҧндылықтар,  ғылым  мен  техника  жетiстiктерi  негiзiнде  жеке 

адамның сапалы бiлiм алу ҥшiн қажеттi  жағдайлар жасау, ҽрбір тҧлғаны азаматтық пен 

патриотизмге,  ҿз  Отаны  -  Қазақстан  Республикасына  сҥйiспеншiлiкке,  мемлекеттiк 

рҽмiздердi  қҧрметтеуге,  халық  дҽстҥрлерiн  қастерлеуге  тҽрбиелеудің  қажеттілігі  баса 

кҿрсетілген. 

 

Қазіргі  кезде  қоғамдық  ҽлеуметтік  жағдайдың  жаңаруына  байланысты  білім  мен 



тҽрбие  беру  жаңаша  бағытта  қалыптасып,  жаңа  талап-міндеттер  қойылуда.  Демек,  сана-

сезімі  жетілген,  елін,  жерін,  Отанын  қорғай  білетін,  мемлекеттік  рҽміздерді  қасиет 

тҧтатын жеке тҧлғаны тҽрбиелеу педагогтар алдындағы басты міндет болуы тиіс. 

 

Сондықтан ҽр педагог қазақ халқының ҧлттық тҽлім-тҽрбиесінің мазмҧнын, қазақ 



халық  педагогикасын  жетік  біліп,  оларды  кҥнделікті  педагогикалық  процесте  нҽтижелі 

пайдалана білуі аса қажет. 

 

Этнопедагогика  – ғасырлар бойы қалыптасып, келешекте кемелдене беретін ғылым 



екені  сҿзсіз.  «Қазақ  этнопедагогикасы»  ғылымының  ілкі  бастауы  –  халық 

педагогикасының негіздері ертеден тамырын жайып, ХХ ғасырда ғылым ретінде 

 

333


 

қалыптаса бастады. Оның ҧлттық ғылым ретінде дамып, пҽн ретінде оқытыла бастауына 

жҽне ғылым ретінде қалыптасуына 

Қ.Б.Жарықбаев,С.Қ.Қалиев,С.А.Ҧзақбаева,К.Ж.Қожахметова,М.Х.Балтабаев, 

Ж.Ж.Наурызбай, Ҽ.Табылдиев, жҽне т.б. республика ғалымдары зор еңбек сіңірген . 

 

Халық  педагогикасының  тҽрбиелік,  дҥниетанымдық  мҽні  зор,  себебі  ол  халықтың 



тарихи тҽжірибелерін; ҧлттық тҽрбиені; қазақ халқының ауызекі шығармаларын;ҧлттық 

салт-дҽстҥрлерді;  ҧлттық  болмысты,  дінді,тілді;  ҧлттық  мҽдениет  пен  ҿнерді;  ҧлттық 

дҥниетанымды; ҧлттық ойындарды сипаттайды. 

 

Қазақ  халық  ауызекі  шығармашылығының  бір  саласы  мақал-мҽтелдер  –  халық 



даналығының  қазына  байлығы.  Олар  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  сол  халықпен  мҽңгі 

бақи  бірге  жасап,  біте  қайнасып  кеткен  дҥние.  Сондықтан  да  оны  жҧртшылық  жадына 

сақтап,  ҿзінің  кҥнделікті  ҿмірінде,  ҿзара  қарым-қатынасында  пайдаланады.Қазақ 

халқының  мақал-мҽтелдерінің  шығу  тегі  жҿнінде  қалыптасқан  ой-пікірлерде  мақалда 

тҧрмыста  қолданылып  жҥрген  сҿздеріміз  шындықпен  астасып  келіп,  мақалдап,  шешен 

тілмен айтылатын сҿздер болса, ал мҽтелде тҧрмыста қолданылатын сҿздердің шындыққа 

жанаса қоймайтыны байқалады делінген. 

 

Ауыз ҽдебиетінің басқа тҥрлеріне қарағанда, мақалдың ҿзіне тҽн ерекшеліктері мен 



ҿзгешіліктері  бар.Ең  алдымен,  ҽдебиеттік  жағынан  алғанда,  мақал  ҥлкен  толғау,  образ 

арқылы  берілген  логикалық  ой  қорытындысы  болып  келеді.  Ол  адам  ҿмірінде,  тҧрмыс 

тіршілікте,  қоғамдық  жағдайларда  кездесетін  ҽр  тҥрлі  қҧбылыстарға,  тарихи  мҽні  бар 

оқиғаларға берілген даналық баға, тҧжырымды тҥйін есебінде қолданылады. 

 

Қандай  мақалды  алсақ  та,  оның  шығуында  ҥлкен  уақиға,  мҽнді  ҽңгіме  себеп 



болған.  Мақалдар  халықтың  тҧрмыс-тіршілігіне,  қоғамдық  ҿміріне,  еңбегі  мен 

тҽжірибесіне  байланысты  туғандықтан,  оның тақырыбы  да  орасан  кҿп:  ҿнер-білім,  ақыл 

туралы; ынтымақ-бірлік жайындағы;адамгершілік-сыйластық жайында;ел мен жер жайлы; 

адамның  мінез-қҧлқы  жайындағы;денсаулық  турасындағы;  еңбек  туралы  ;ҽділдік 

туралы;жақсы  мен  жаман  туралы;барлық  пен  жоқтық  турасындағы;отбасы  туралы;  сҿз 

ҿнері,  тіл  жҿніндегі  жҽне  т.б.  Қазіргі  жазбаларда  сақталған  осындай  мақал-мҽтелдер 

тақырыптарының  кҿп  тҥрлілігімен,  ҽрі  кҿлемділігімен  қҧнды  жҽне  ҧлттық  тҽрбиеде 

айрықша  маңызды  болмақ.  Сондықтан  қарастырылып  отырған  тақырып  бҥгінгі  кҥні 

кҿкейкесті мҽселелердің бірі болады. 

 

Ҽсіресе,  болашақ  педагогикалық  мамандыққа  даярланып  отырған  болашақ 



мамандардың  этнопедагогика  қазынасы  турасындағы  білімді,  оны  педагогикалық 

процесте пайдалана білу іскерлігін меңгеруі аса қажет деп ойлаймыз. 

 

Біз  зерттеу  тақырыбымызға  сҽйкес  бастауыш  сыныпта  оқу  пҽндерін  оқытуда 



мақал-мҽтелдерді  қолдану  тҽжірибемізді  баяндаймыз.Бастауыш  мектепте  білім  беру 

процесі  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты  негізінде  ҧйымдастырылады.  Бастауыш 

сыныптарда жалпыға міндетті білім беру стандартына сҽйкес келесі пҽндер оқытылады: 

 

-



 

Ана тілі;  

 

-

 



Дҥниетану;  

-

 



Математика;  

-

 



Қазақ тілі;  

-

 



Бейнелеу ҿнері;  

-

 



Еңбек;  

-

 



Дене шынықтыру;  

-

 



Музыка.  

 

Тҽжірибелік  жҧмыстары  жалпы  білім  беретін  мектептің  бастауыш  сыныптарында 



жҥргізілді.  Экспериментке бастауыш  сыныптың оқушылары жҽне мҧғалімдері  қатысты. 

Эксперименттің  анықтау  кезеңінде  бастауыш  мектептің  оқу-тҽрбие  процесіне,  барлық 

қҧжаттарға  мақал-мҽтелдерді  қолдануына  талдау  жасалынды.  Тҽжірибелік  жҧмыс 

барысында бастауыш сынып мҧғалімдерінің педагогикалық процесте қаншалықты 

 

334


 

деңгейде мақал-мҽтелдерді қолданатынын анықтау мақсатында сауалнама жҥргізілді, іс-

қҧжаттарға талдау жасалынды. Сауалнама ҥлгісі тҿмендегідей: 

 

1.

 



Нақты қандай тақырыпқа арналған мақал-мҽтелдердерді білесіз?  

2.

 



Оқу процесінде  мақал-мҽтелдерді қаншалықты қолданасыз?  

3.

 



Отан туралы мақал-мҽтелдерді атаңыз.  

4.

 



Адам туралы мақал-мҽтелдерді атаңыз.  

5.

 



Ел туралы мақал-мҽтелдерді атаңыз.  

6.

 



Еңбек туралы мақал-мҽтелдерді атаңыз.  

7.

 



Ана туралы мақал-мҽтелдерді атаңыз.  

8.

 



Жануарлар туралы мақал-мҽтелдерді атаңыз.  

9.

 



Ҿнер туралы мақал-мҽтелдерді атаңыз.  

10.


 

Жақсылық пен жамандық туралы мақал-мҽтелдерді атаңыз.  

11.

 

Мақал-мҽтелдердің тҽрбиелік мҥмкіндіктерін атай аласыз ба?  



 

Осы  сҧрақтарға  жауап  беруде  бастауыш  сынып  мҧғалімдері  мақал-мҽтелдерді 

нақты  тақырыптар  бойынша  бҿле  бермейтіндіктері  жҽне  қойылған  сҧрақтар  бойынша 

мақал-мҽтелдердің  арасынан  дҽстҥрлі  қолданылып  жҥргендерін  ғана  атайды,  жеке 

пҽндерді  оқытуда  ізденіс  кҿрсетіп,таңдау  жасамайтындықтары  байқалды.Сонымен  қатар 

эксперименттік  жҧмыстың  осы  кезеңінде  бастауыш  сынып  оқушыларының  да 

қаншалықты  деңгейде  мақал-мҽтелдерді  қаншалықты  деңгейде  білетіндіктері  де 

анықталды. «Мақалды жалғастыр ...» деп аталатын ойында балалар оны жалғастыру ҥшін 

кҿп  ойланды.  Оқушылар  да  кҿбінесе  кҥнделікті  тіршілікте  ҿз  отбасылары  мен  мектепте 

кҥнделікті қолданылатын мақал-мҽтелдерді ғана атай алады. 

 

Эксперименттік  жҧмыстың  келесі  кезеңінде  осы  айтылғандарды  ескеріп  бастауыш 



сыныпта жеке пҽндердің кейбір тақырыптарын оқытуда  мақал-мҽтелдерді қолдану  ҥшін 

сҧрыптау жҥргізілді. Мысалы: 

 

-

 



Ана тілі;  

-

 



Дҥниетану;  

-

 



Математика;  

-

 



Қазақ тілі;  

-

 



Бейнелеу ҿнері пҽндерінде.  

 

Мҽселен, бастауыш сыныптарда оқытылатын дүниетану пәні негізгі пҽннің 



қатарына  жатады.  Бҧл  пҽн  баланың  адам,  табиғат,  Отан  туралы  білім  алуында 

рҿлі ерекше. 

 

Дҥниетану пҽні бастауыш сыныптың оқу процесінде негізгі оқытылатын пҽндердің 



қатарына  жатады.  Жекелеген  тақырыптарды  оқытуда  бастауыш  сынып  жасындағы 

балалардың  жас  шамасына  сҽйкес  келетін  жҽне  балалардың  танымына  жақын  мақал-

мҽтелдерді тиімді таңдап, ҧтымды қолдана білу керек. 

 

Дҥниетану  пҽнінің  мазмҧнында  қарастырылатын  тақырыптар  бойынша  бастауыш 



сынып  оқушыларының  жасына  сай  келетіндей  мақал-мҽтелдер  таңдау  ҥшін  келесі 

тақырыптар таңдалды: 

 

-  «Адам  табиғат  перзенті»  тақырыбын  меңгертуде  қолдануға  болатын  мақал-



мҽтелдер: 

 

«Сезім мүшелері; сезім мүшелерінің гигиенасы» туралы тақырыпты меңгертуде 



қолданылатын мақал-мәтелдер: 

 

-



 

«Денсаулық – зор байлық»;  

-

 

«Ҽуелгі байлық - денсаулық»;  



-

 

«Басы аманның малы тҥгел»;  



-

 

«Тҽні саудың жаны сау»;  



-

 

«Он екі мҥшең сау болса жарлымын деме»;  



-

 

«Тазалық денсаулыққа кепіл»;  



-

 

«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі»;  



-

 

«Аурудың алдын ал»;  



 

335


 

-

 

«Ауруын жасырған ҿледі»;  



-

 

«Сынықтан ҿзгенің бҽрі жҧғады»;  



-

 

«Тимаған ауызда бҽле бар»;  



-

 

«Жан ауырса тҽн азады, қайғы басса жан азады»;  



-

 

«Аш кісі ҧрысқақ, ауру кісі тырысқақ».  



«Жан-жануарлар»  тақырыбын  меңгертуде    қолдануға  болатын  мақал- 

мәтелдер: 

-

 



«Ҥйірлі қҧлан ақсағын білдірмес»;  

-

 



«Мал ашуы – жан ашуы»;  

-

 



«Ағайын ащы – мал тҧщы»;  

 

-



 

«Бірінші  байлық  –  денсаулық,  екінші  байлық  –  ақ  жаулық,  ҥшінші  байлық  –  он 

саулық»;  

 

-



 

«Мал ҿсірсең қой ҿсір, ҿнімі оның кҿл-кҿсір»;  

-

 

«Қойдың сҥті қорғасын»;  



-

 

«Сойып жесең бір кҥндік, сауып ішсең мың кҥндік»;  



-

 

«Сиырлының ҥйі - айран, сиырсыздың ҥйі - сырдаң»;  



-

 

«Мал адамның бауыр еті»;  



-

 

«Қайтқан малдың қайыры бар»;  



-

 

«Жақсы ат жанға серік»;  



-

 

«Семіздікті қой ғана кҿтереді»;  



-

 

«Жылқы малдың патшасы, тҥйе малдың қасқасы»;  



-

 

«Жуас тҥйе жҥндеуге жақсы»;  



-

 

«Бойына сеніп тҥйе жылдан қҧр қалыпты».  



 

«Отан туралы, Жер ана» туралы тақырыпты меңгертуде қолданылатын 

мақал-мәтелдер: 

 

-



 

«Отан оттан да ыстық»;  

-

 

«Туған жерге туыңды тік»;  



-

 

«Жекен жерінде кҿгерер, ер елінде кҿгерер»;  



-

 

«Отан ҥшін отқа тҥс кҥймейсің, арың ҥшін алыс кҥймейсің»;  



-

 

«Ер жігіт елі ҥшін туады, елі ҥшін ҿледі».  



«Ел туралы»» туралы тақырыпты меңгертуде қолданылатын мақал-мәтелдер: 

-

 



«Елдің іші алтын бесік»;  

-

 



«Елде тҥлкі аштан ҿлмес»;  

-

 



«Басқа елде сҧлтан болғанша, ҿз еліңде ҧлтан бол»;  

-

 



«Ел қҧлағы елу»;  

-

 



«Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ»;  

-

 



«Қҧралай бастаған киік оңбайды, кҿш басшысы жоқ ел оңбайды»;  

-

 



«Елді сҿкпе, кенді тҿкпе»;  

-

 



«Тҥрлі-тҥрлі заман бар, заманға қарай амал бар»;  

 

-



 

«Заманы бірдің амалы бір»;  

-

 

«Тауына қарай тҥлкісі, заманына қарай кҥлкісі»;  



-

 

«Жан қиналмай жҧмыс бітпес, талап қылмай мҧратқа жетпес»;  



-

 

«Тҿртеу тҥгел болса тҿбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді»;  



-

 

«Екі қҧзғын таласса бір қарғаға тҥсер»;  



-

 

«Тірліктің кҥші бірлікте»;  



-

 

«Бірлік болмай – тірлік болмас»;  



-

 

«Байлық байлық емес, бірлік байлық».  



-

 

«Кҿп тҥкірсе кҿл болар»;  



-

 

«Кҿп кҿмектессе, қонақ аттандырады»;  



-

 

«Кеңеспен пішкен тон келте болмас»;  



-

 

«Жҧрт ауызы дуалы»;  



-

 

«Кҿпке ҧнаған  қҧдайға ҧнайды»;  



 

336


 

-

 

«Кҿпті жамандаған кҿмусіз қалады»;  



-

 

«Жаман айтпай жақсы жоқ»;  



-

 

«Бірқҧмалақ бір қарын майды шірітеді».  



 

Ана  тілі  пәнін  оқыту  барысында  балаларға  туған  ел,  туған  жер,  жыл  мезгілдері, 

табиғат,  еңбек  жайлы  білім  беріледі:  «Туған  елім,  туған  жерім»;  «Маужырап  барқыт 

қоңыр  кҥз»;  «Білім  ҿмір  шырағы»;  «Ҿткен  ҿмірден»;  «Жақсыдан  ҥйрен»;  «Еңбекпен  ел 

кҿгерер»;  «Қыс бейнесі»;  «Жақсы ай мен кҥндей ҽлемге бірдей»;  «Кім сендерді балалар 

сҥйетҧғын»; «Масатыдай қҧлпырар жердің жҥзі»; «Табиғат менің ҿз ҥйім»; «Жаздыгҥн 

шілде болғанда»; «Сарқылмас қазына». 

 

Мҽселен,  «Жақсыдан  үйрен»  тақырыбында  «Адам  болам  десеңіз»  атты 



А.Қҧнанбаевтың  ҿлеңін  мазмҧндауда  осы  мҽселеге  сҽйкес  мынадай  мақал-мҽтелдер 

қолданылады: 

-

 

«Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында»;  



-

 

«Жақсыға сҿз ереді»;  



-

 

«Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат»;  



-

 

«Жақсының шарапаты тиер тар жерде, жаманның кесапаты тиер ҽр жерде»;  



-

 

«Ақылды болсаң арыңды сақта, ар-ҧят керек ҽр уақытта»;  



-

 

«Ҿтірік ҿрге баспас»;  



-

 

«Ҿтіріктің қҧйрығы бір ақ тҧтам»;  



-

 

«Ҿзін-ҿзі мақтаған ҿліммен тең».  



 

«Дос сӛзі» тақырыбы Ҽсет пен Нҧрлан деген екі баланың арасындағы қыл ҿтпейтін 

достықты  баяндайды.  Бҧл  екеуі  бір-бірімен  жанжалдасып,  керілдесіп  кҿрмеген  балалар. 

Ҿздері  сырлас.  Осы  балалардың  арасындағы  достықты  оқушыларға  ҽңгімелей  отырып, 

ҥлгі етуде мақал-мҽтелдерді ҧтымды қолдануға болады: Мҽселен, 

 

-

 



«Дос кҿтерер кҿңілді, мал кҿтерер ҿлімді»;  

-

 



«Есептескен дос болмас»;  

-

 



«Тоң айырған май жейді, дос айырған боқ жейді»;  

-

 



«Айтулы достың малы бір, кемедегінің жаны бір»;  

-

 



«Дос егіз, дҧспан сегіз»;  

-

 



«Дос басқа қарайды, дҧспан аяққа қарайды»;  

-

 



«Дос жылатып айтады, дҧспан кҥлдіріп айтады»;  

-

 



«Алыстағы дҧспаннан, аңдып тҧрған дос жаман»;  

-

 



«Досыңмен дос болғанға шаттан, дҧспаныңмен дҧспан болғаннан сақтан».  

 

«Ер  еңбекте  сыналады»  тақырыбы  маңдай  терімен  еңбектеніп,  соның  несібесін 



кҿріп,  жҧмыс  барысында  ҿздерін  ҽр  қырынан  кҿрсететін  адамдарды  балаларға 

таныстыруға  арналғандықтан  осы  тақырыптың  мазмҧнын  толықтыру  мақсатында 

мынадай мақал-мҽтелдерді қолдануға болады: 

 

-



 

«Ексең егін, ішерсің тегін»;  

-

 

«Еңбек те ептілікті тілейді»;  



 

-

 



«Еңбекке бейім болсаң, қатарыңнан кейін болмассың»;  

-

 



«Егіннің жайын еккен білер»;  

-

 



«Ерінбеген емер, қажымаған жеңер»;  

-

 



«Ерінбеген етікші болады»;  

-

 



«Жалқаулық жаман ауру»;  

-

 



«Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»;  

-

 



«Ерінбей еңбек қыл, жалықпай ҿнер біл»;  

-

 



«Аузыңмен айтқанды, қолыңмен істе».  

 

Жҥргізілген  жҧмыс  нҽтижелері  ҿзінің  тиімділігін  кҿрсетті,  балаларда  жеке  пҽндерді 



оқуға деген қҧлшыныстары арта тҥсті, балалар ҿздері ізденіс байқатты. Осы кезеңде мақал-

мҽтелдерден  тақырыптық  жарыстар,  ойындар  ҿткізілді.  Мҽселен:  «Ойымды  жалғастыр...»; 

«Кім кҿп біледі»; «Кім жылдам»; «Зерек бала» жҽне т.б.Балалар ҽр тҥрлі

 

 



337

 


жағдайда ҿзін басқалармен салыстыра отырып жарысады; кім жылдам жауап береді, кім 

жылдам табады жҽне т.б. 

 

Ҿткізілген  жарыстар  оқушылардың:  ерік  қасиеттерін  дамытты;  ой-ҿрісін, 



тапқырлығын, шеберлігін, қабілетін жетілдірді; жақсы мінез  – қҧлықты қалыптастырды; 

болған істі аяқтап шығуға ҥйретеді; ойлаған істің сҽтті аяқталуына ат салысуға, ҧжымда 

жҧмыс істей білу тҽрізді жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпал жасады. 

 

Сонымен,  ҧлттық  тҽлім-тҽрбие  ілімдерін,  яғни  халық  тҽжірибесін  мектептің 



педагогикалық  процесінде  тиімді  қолдану,  қазіргі  білім  беру  саласындағы  заңнамалық 

қҧжаттарда берілген басты міндеттерді жҥзеге асыруда маңызды рҿл атқарады. 

 

Қолданған  әдебиеттер тізімі 

 

1.  НазарбаевН.Ҽ. Қазақстан – 2030.Барлық қазақстандықтардың ҿсіп- ҿркендеуі, 



қауіпсіздігі жҽне ҽл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына 

Жолдауы.- Алматы: Білім, 1998. 

 

2.

 



ҚР «Білім туралы» Заң.- Астана, 2011.  

3.

 



Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тҽлім-тҽрбиесі.- Алматы., 1995.  

4.

 



Ҧзақбаева С.А. Тамыры терең тҽрбие. - Алматы, 1998.  

5.

 



Табылды Ҽ. Қазақ этнопедагогикасын оқыту ҽдістемесі. - Алматы, 2011.  

6.

 



Мҽшһҥр Ж. К.-Шығармалары.5том.-Павлодар:«ЭКО» ҒҾФ, 2005.-410 б.  

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет