Қол басы және аяқ басының өзектері мен синавиалды қынаптары


Сан өзегі (canalis femoralis)



бет5/6
Дата25.11.2023
өлшемі3,3 Mb.
#126269
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Анатомия сөж шығару

Сан өзегі (canalis femoralis) санның жоғарғы медиалды бөлігінде орналасқан, сан кірнесі пайда болған жағдайда қалыптасатын саңылаулы кеңістік. Оның үш қабырғасы, ішкі және сырткы тесіктері бар. Өзектің алдыңғы кабырғасы ең қысқа, ол ligamentum inguinale және онымен бітіскен cornu margo falciformis fasciae latae құралған. Артқы қабырғасын fascia pectinea (қырқалы бұлшықетті жабатын жалпақ шандырдың терең табағы) құрайды. Латералды кабырғасы болып vena femoralis саналады.
Сан өзектің ішкі тесігі сан сақинасы (annulus femoralis) кан тамыр лакунасының медиалды бөлігінде орналасқан. Оны алдынан ligamentum inguinale, артынан - ligamentum pectineum, медиалды - ligamentum lacunare, латералды - vena femoralis шектейді. Ол калыпты жағдайда лимфа түйіндерімен толтырылған. Оны кұрсақ куысы жағынан ішастар (peritoneum) және fascia transversalis жабады. Алдынғы кұрсақ қабырғасынын артқы бетінде орналасқан бұл жер құрсақ қуысы жағынан сан шұнқырымен (fovea femoralis) көрсетілген.Сан кірнесі шығатын сан өзектің сыртқы тесігіне тері асты саңылау (hiatus saphenus) сәйкес келеді. Ол латералды жағынан орақ тәрізді жиекпен (margo falciformis), жоғарыдан cornu superius margo falciformis, төменнен cornu inferius margo falciformis, медиалды - fascia pectinea шектелген.
Сан-такым өзегі (canalis femoropopliteus) немесе санның әкелетін бұлшықеттері өзегі (canalis adductorius), Гунтер өзегі санның алдыңғы аймағын тақым шұңқырымен байланыстырады. Өзек sulcus femoralis anterior жалғасы. Өзектің үш қабырғасы және үш тесігі бар.

  • Өзектің медиалды қабырғасын musculus adductor magnus, латералды қабырғасын musculus vastus medialis, алдыңғы қабырғасын аталған бұлшықеттер арасындағы шандырлық табақша septum intermusculare vastoadductorium құрайды.

Жоғарғы тесігі musculus sartorius-пен жабылған және musculus adductor magnus, musculus vastus medialis және septum intermusculare vastoadductorium жиегімен шектелген. Төменгі тесігі musculus adductor magnus сіңірінің дисталды бөлігінде, os femoris бекіген жерінде орналасып, сіңірлі саңылау (hiatus adductorius) атауын алады. Өзектің төменгі тесігі арқылы тақым шұңқырына сан артериясы мен тамыры барады. Өзектің алдынғы тесігі septum intermusculare vastoadductorium фиброзды табақшасында жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет