Ол өз кезегінде мұнай ағынын жақсартып оның өндірілу көлемін арттырады. Бұл тәсіл әртүрлі типті кенорындарында әртүрлі жағдайларда қолданыла алады



бет4/6
Дата14.08.2023
өлшемі318,73 Kb.
#105274
1   2   3   4   5   6
Е: SAGD жұмыс істеу принципі

SAGD операциясы бір – бірінен шамамен 5 метр қашықтықта, 1000 метр горизонтал бойымен жүріп, бір площадкадан бірнеше жұп ұңғы болып бұрғыланады. Жоғарғы ұңғы қоршауындағы зонаны қыздыру, тұтқырлықты төмендету және ауыр мұнайдың кеңею зонасының мобилизациясы үшін қолданылады. Ал астыңғы ұңғы ауыр мұнайды өндіру үшін қолданылады. SAGD технологиясының түпнұсқасы бу мен еріткіштің, көбінесе бутан, комбинациясын айдауды қамтиды. Осындай әдіс бу мен мұнайдың қатынасын төмендетуге және өндіру процессін жылдамдатуға көмектеседі. Айдалған еріткіштің көп бөлігін қайта шығару экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылады.


SAGD (1.1 – 2 сурет) технологиясы алғашқыда Канадада қозғалғыштығы төмен битум көп кездесетін кенорындар үшін ойлап табылған (Dusseault 1998). Бұл процессте жұптасқан горизонталды ұңғылар қолданылады. Процесстің бірнеше вариациясы келтірілген. Біреуінде бу айдау үшін бір ғана горизонталды ұңғы қолданылып, өндіру үшін сақиналы кеңістік қолданылады. Басқасында буды вертикалды ұңғылардан айдап, өндіруді төменде жатқан горизонталды ұңғыдан жүргізеді.
Осылай, SAGD басқа гравитационды процесстер сиақты тұрақтылыққа ие. Себебі, процесс зонасы тек гравитайионды сегрегациясы есебінен ғана өседі. Ал қысыммен, каналдармен және жарықшақтықпен байланысты тұрақсыздықтар орын алмайды. SAGD процесінде берілген көлеммен шығарылған көлемнің әрбір данасын орынбасып, көлем балансын сақтап отыру өте маңызды. Егер түптік судың келуі артылса, ол судағы қысым булы камерадағы қысымнан артық екенін көрсетеді. Бұл жағдайда қысым балансын қалпына келтіруге бағытталған іс – шараларды дереу жүргізу керек. Сулы зонада қысымды азайту мүмкін болмағандықтан, эксплуатационды ұңғы аймағындағы және булы камера зонасындағы қысымды арттыру керек. Осы көрсеткішке булы камерадағы жұмыстық қысымды бу айдау арқылы арттыру немесе төменгі ұңғыдан дебитті төмендету арқылы қол жеткізуге болады. Уақыт өте келе, арындар өз тепе – теңдігіне келе бастап, су келуі тоқтайды. Осыдан кейін көлем балансын сақтап отыру қажет.
Өндіру ұңғымасы мен түптік сулар арасындағы қысым градиенті төмен көрсеткіште сақталуы керек. Егер булы камера зонасында қысым арта берсе, ыстық су шығындары да көбейеді. Осындай жағдайларда қысымды теңестіру үшін, булы камерадағы қысымды азайтып, өнімділікті арттыру керек. Альтернативты жағдайларда фазалар арасындағы айырмашылық салдарынан жүйе қалыпты конфигурацияларға ұмтылады. 9
Н: Х кенорнының стратиграфиясы геологиялық тарихының әртүрлі периодтарын қамтитын бірқатар қабаттарға ие. Кенорынды қалыптастыратын негізгі шөгінділер - мезозойлық, нақтырақ юралық және мелдық формациялар.
Доссор кенорнынң геологиялық қабаттары (жаңасынан - ескісіне):

  1. Төменгі мел (Сеномандық ярус) – Х кенорнының кенішінің басым көп бөлігіне ие негізгі горизонт. Ол сазды сланецтер мен әктас қоспасынан тұратын құмтасты - сазды шөгінділерімен сипатталған. Олар мел периодында қалыптасып 100 метр қуаттылыққа ие.

  2. Ортаңғы мел (Турондық және Коньяктық ярус) – бұл қабат төменгі мелдан жоғарырақ орналасады және мұнай - газ әлеуеттілігіне ие пласттарды қамтиды. Бұлар аналогиялық шөгінділермен сипатталған, алайда қуаттылығы төмен.

  3. Жоғарғы мел (Сеномандық Маастрихттік ярус) – ортаңғы мелдан жоғарырақ орналасқан, бірақ салыстырмалы аз мұнай - газ кендеріне ие шөгінділер. Олар құмтасты - сазды, кейде әктастар қоспасымен сипатталады.

Юралық шөгінділер – Х кенорнында қалыптасқан ең ескі шөгінділер. Олар 100 метр қуатқа ие бола тұра құмтасты - сазды шөгінділер және әктастар мен сазды сланецтар қоспаларымен сипатталады.
Жалпы, Х кенорны стратиграфиясы әртүрлі геологиялық қабаттар комплексімен сипатталады, алайда негізгі мұнай - газ кендері төменгі мелда орналасқан. 5
Е:
Тектоникалық үрдістер нәтижесінде Х кенорнында антиклинальды қатпарлар, синклинальды қуыстар, қатпарлы және ломалық структуралар сиақты алуан түрлі геологиялық құрылымдар пайда болды. Бұл құрылымдар мұнай мен газдың кеніштерде орналасуына және таралуына маңызды ықпалын тигізеді.
Оған қоса,тектоникалық үрдістердің нәтижесінде тау жыныстардың жылжуы мен деформациясы орын алды. Ол өз кезегінде жарықтар және кеуектілік туғызып, көмірсутектердің жиналуына және таралуына оң әсер етті.
Осылайша, Каспий шұңғымасының және Х кенорнының тектоникалық тарихы мұнай - газ кенорнының құрылуының бастамасы болып, оның геологиялық структурасын нақтылады.
Сонымен, кенорынның мұнай-газ әлеуеттілігіне келсек, айтылған факторлардың бәрі Х кенорнының мұнай мен газ ресурстарының байлығына алып келді. Ресурстар юралық және мелдық жастағы жыныстарда орналасқан. Кендерге бай шөгінділер 2 - 5 км тереңдікте орналасып, айтарлықтай қуатқа ие. Қазіргі таңда, Х кенорны бұрыңғыдай әлеуттілікке ие емес, алайда ол Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды нысан болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет