Қол сүйектері, иық сүйектері


Тоқпан жілік (I алдыңғы, II артқы жагынан)



бет2/3
Дата19.09.2023
өлшемі26,34 Kb.
#108711
1   2   3
Байланысты:
Қол сүйектері, иық сүйектері-emirsaba.org

Тоқпан жілік (I алдыңғы, II артқы жагынан)
1. Жілік басы. 2. Жіліктің анатомиялық мойны. 3. Үлкен төмпек. 4. Кіші төмпек. 5. Үлкен төмпек қыры. 6. Кіші төмпек қыры. 7. Жілікгің хирургиялық мойны. 8. Кері жілік буын ойысы. 9. Тәж шұқыры. 10. Иықөсіндісі (акромион). 11. Ішкі айдаршық. 12. Жіліктің томпақ буын басы. 13. Шығыршық тәрізді буын беті. 14. Шынтақ шұқыры.15. Дельта етінің бұдыры; А-жіліктің жоғарғы (проксимальды) эпифизі. Б-жілік диафизі (денесі). В-жіліктің төменгі (дистальды) эпифизі.
Айшық ойындысының артқы шығыңқы келген жерін шынтақ өсіндісі, алдына қарай қырлана келген жерін тәж өсіндісі деп атайды. Бұл өсінділер буынның беріктігін сақгайды.

Шынтақ сүйектің сыртқы жағында кәрі жіліктің басымен байланысатын буын ойысы бар. Тәж өсіндісінен сәл төмен шынтақ бұдыры орналасқан. Оған білектің супинатор еті бекиді. Шынтақ сүйектің бөлігінен сырт жағында кәрі жілікпен буындасатын буын беті және "біз" өсіндісі жатады.


А-білек сүйектері, Б-қол басының сүйектері
А-білек сүйектері (аддыңғы жағынан), Б-білек сүйектері (арткы жағынан) 1. Кәрі жілік. 1. Шынтақ сүйек. 2. Ай тәрізді ойындысы. 3. Тәж өсіндісі. 4. Шынтақ сүйектің мойын бұдыры. 5. Кәрі жілік бұдыры. 6. Жілікаралық қыр. 7. Шынтақ сүйектің біз өсіндісі. 8. Кәрі жіліктің біз өсіндісі. 9. Кәрі жілік басының буын беті. 10. Кәрі жілік мойыны.
Б-І-білезік сүйектері. II алакан сүйектері. III саусақ сүйектері; 1. Бұршақтөрізді сүйек. 2. Қырлы сүйек.3. Айшық сүйек. 4.Қайықша сүйек. 5. Ілгек сүйек. 6. Томпақ сүйек. 7. Кіші трапеция. 8. Үлкен трапеция. 9. Алақан сүйектері. 10. Негізгі бакайшақ. 11. Ортаңғы бакайшақ. 12. Тырнақты бақайшак.
Кәрі жіліктің - жоғарғы жағында цилиндр тәрізді басы болады. Оның жоғарғы бетінде тоқпан жілікпен байланысатын буын ойығы, айналасында жанындағы шынтақ сүйекпен буындасатын сақиналы буын беті бар. Кәрі жіліктің басынан кейінгі сәл жіңішкелеу жерін мойыны, одан төмендеу жерін бұдыры дейді. Бұл жіліктің төменгі бөлігі жалпақ келеді. Оның астыңғы жағындағы буын ойысы бірінші қатарлы білезік сүйектерімен байланысып білек буынын түзеді. Ал, оның ішкі жақ жанында шынтақ сүйекпен байланысатын буын ойындысы сырт жағында шығыңқы келген "біз" өсіндісі жатады.
Қол басының сүйектері - білезік, алақан және саусақ бакайшақтарынан түзілген. Білезік сүйектері екі қатар орналаскан сегіз кішігірім жұмыр сүйектерден тұрады. Олардың білек сүйектеріне жақын жатқан қатарын жоғарғы, ал алақан сүйектерімен шектесіп жатқандарын төменгі қатар деп атайды. Білезік сүйектерінің жоғарғы қатарына (бас бармақган кіші саусаққа қарай) мыналар жатады: қайық-ша, айшық, үш қырлы және бүршақ сүйектері. Ал төменгі қатары — көп бүрышты, трапеция, томпақ және ілгекті сүйектерден түрады. Бүлардың аттары пішіндеріне сай. Бүл сүйектердің өзара байланысқан беттері тегіс, ішкі және сыртқы беттері бүдырлы. Өйткені оларға байламдарымен бүлшық еттер бекиді. Білезік сүйектер жалпы алақанның жоғарғы жиегін түзіп жатады.
Алақан сүйектері - бес ұзынша сүйектерден түзілген. Олардың жоғарғы жағын негізгі, төменгі бөлігін басы, орта жерін денесі деп атайды. Олар жоғарғы жағынан білезік сүйектерімен, төменгі жағынан саусақ бақай-шақтарымен жалғаса жатады. І алақан сүйегі үлкен көпбүрышты сүйекпен ер тәрізді буын түзіп, алшақтау орналасқан. Қалған төртеуі қатар орналасып, сүйекарлық саңылау қалдырады.
Саусақ бақайшақтары - бас бармақтан басқасы үш бақайшақтан түзілген. Оларды негізгі, ортаңғы және тырнақ бақайшақтары деп атайды.
Негізгі бақайшақтар жоғарғы жағынан алақан сүйектерімен, төменгі жағынан ортанғы бакайшақтармен жалғасады. Ал ортаңғы бақайшақтар тырнақ бақайшақтарымен байланысады. Бас бармақта ғана ортаңғы бақайшақ бол-майды. Әрбір бақайшақтың орта жерін — денесі, жоғарғы бөлігін — негізгі, төменгі бөлігін — басы деп атайды. Негізгі бақайшақтар басқаларынан ірілеу. Ең қыскасы тырнақ бақайшақтары. Олардың бас бөліктерінде ет және буын сіңірлерінің бекитін бүдырлары бар. Сонымен қатар көрші сүйек-термен буындасатын буын беттері болады.
Қол сүйектерінің байланысы. Қол сүйектері өзара әр түрлі жодармен байланысады. Осының нәтижесінде адам әр түрлі еңбек қимылдарын жасай алады. Олар иық және еркін қозғалатын сүйектердің байланысы деп екіге бөлінеді.
Иық­белдеу сүйектері төс­бұғана және иық­бұғана буындарын түзеді.
Төс­бұғана буыны төс сүйегі мен бұғананың қосылыстарынан пайда болады. Ол ер тәрізді буын түріне жатады. Екі сүйек аралығына шемиршек болғандықтан бұл буын аркылы бірнеше біліктен айнала қимылдар өтеді (иықты көтеру­түсіру, алға­артқа қимылдату). Буын қапшығының сыртынан өткен буын сіңірлері арқылы I қабырғаға бекіп жатады.
Иық­бұғана буыны бұғана мен жауырын қосылыстарын пайда болады. Бұғананың сырт жақ басы жауырыннаң иық өсіндісімен қосылып, тегіс буын түзеді. Ол көлденең жатқан сіңір байламы арқылы жауырынның тұмсық өсіндісімен жалғасып, тоқпан жілік басына күмбез жасайды. Осы буындар арқылы иық белдеуін алға, артқа, жоғары, төмен қимылдатуға болады. Жауырын сүйегі денеге бұлшық еттері арқылы байланысып жатады.
Қолдың еркін қозғалатын сүйектері өзара бірнеше буындар түзіп, қодың еркін қимылдап, еңбек әрекетін жасауына мүмкіндік береді. Бұл буындарға иық, шынтақ, білезік және бақайшақаралық буындар жатады.
Иық буыны жауырынның буын ойысы мен тоқпан жілік басынан түзілген. Тоқпан жіліктің басы жауырынның буын ойысына сәйкес келмегендіктен буынның шығуы кездесіп тұрады. Сол себептен буын ойысынан айнала жиектеп сақиналы шеміршек жатады.
Шынтақ буыны күрделі буындар қатарына жатады. Ол үшін сүйектің қосындысынан пайда болып, жалпы бір буын қапшығымен жабылған. Буын қапшығының сыртынан бүйір байламдары өтеді. Бұл буында үш сүйек байланысын байқаймыз: тоқпан жілік­кәрі жілік және кәрі жілік пен шынтақ сүйектің жоғарғы жақтары.
Кәрі жілік­білезік буынын түзу үшін жіліктің төменгі бөлігі мен білезік сүйектердің жоғарғы қатары қатысады. Буын пішіні сопақтау. Осы буын арқылы білек сүйектері қол басымен байланысып тұрады. Маңдайалды және уйек білектер арқылы қол басын бүгіп­жазуға және әкеліп­әкетуге болады. Шыбық сүйек бұл буынды құрауға қатыспайды.
Қол басының буындарында білезікаралық, білезік­алақан, алақан­бақайшақ, бақайшақ, бақайшақаралық буындар жатады.
Білезікаралық буындар жоғарғы және төменгі қатардағы білезік сүйектерінің арасында жатады. Олардың буын беті курделі, бұл сүйектер өзара мықты және қысқа сіңір байламдарымен бекіген. Осы сіңір байламдары буынды нығайтумен бірге қимылын да тежеп тұрады.
Білезік­алақан буындары білезік сүйектері мен алақан сүйектерінің арасында жатады. II­V алақан және білезік сүйектерінің арасындағы буындар жазық буындар болып саналады. Олардың буын қапшықтары қатты тартылғандықтан аз қозғалып, қол басының негізін құрайды. I алақан сүйегі мен үлкен көп қырлы сүйек сүйек арасындағы буын ер тәрізді болады. Бұл алақан сүйектерінен алшақ жатады. Осы буын арқылы бас бармақты сұқ саусаққа жақындатуға, алшақтатуға, басқа саусақтарға қарама­қарсы қоюға да болады.
Алақан­саусақ буындары алақан сүйектері мен саусақтарының негізгі бақайшақтарының арасында жатады. I саусақ сүйегінің басы ойық болғандықтан шығыршық пішінді ойық түзеді. Қалғандары алақан жанында сесам тәрізді майда сүйек боады. Бұл буында бүгу­жазу, әкелу­әкету және ішке, сыртқа бұру қимылдары өтеді.
Бақайшақаралық буындар шығыршық тәрізді буындарға жатады. Бас бармақта бір бақайшақаралық буын болса, қалған саусақтарда бақайшақаралық буындар екеуден болады. Бұл буындарды нығайтып, бекітіп тұратын бүйір байламдары болады. Шығыршық тәрізді буындар болғандықтан оларда көденең біліктен айнала бүгу және жазу қозғалыстары ғана өтеді. Осының нәтижесінде саусақтарды бүгужәне жазу қимылдары жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет