Қорытынды: Қол сүйектері негізінен еркін қозғалмайтын немесе иық белдеуі (бұғана мен жауырын), еркін қозғалатын немесе қолдың өз сүйектерінен тоқпан жілік, білек және қол басынан тұрады. Бұғана - ұзына бойы иіліп келген сүйек. Оның денесі және екі басы болады. Ішкі басы төстің тұтқасына, сыртқы басы жауырынның иық (акромион) өсіндісіне жалғаса, көлденең орналасады. Төменгі беті бұдырлы келеді. Жауырын - жалпақ, үш бұрышты сүйек. Көкірек клеткасының арт жағында, жоғарғы қабырғалар тұсында орналасқан. Жауырынның үш (жоғарғы, ішкі және сырткы) жиегі, үш (төменгі, ішкі, сыртқы) бұрышы және екі (ішкі және сыртқы) беті болады. Жауырынның қабырғаларға қараған беті аздап ойыс келеді. Оны жауырынасты ойысы дейді. Сырт жақ бетінде жауырын жалы жатады. Тоқпан жілік - іші куыс жілік сүйектер қатарына жатады. Оның денесі — диафизі, жұмыр, жоғарғы және төменгі бастарын эпифиздері деп атайды. Денесі сүйектің ортасында орналаскан, оның жоғарғы бөлігі жұмыр, төменгі белігі үш қырлы. Денесінің ортасында дельта еті жалғасатын атгас бұдыры және қан тамыры өтетін қоректік тесіктері болады. Кәрі жіліктің - жоғарғы жағында цилиндр тәрізді басы болады. Оның жоғарғы бетінде тоқпан жілікпен байланысатын буын ойығы, айналасында жанындағы шынтақ сүйекпен буындасатын сақиналы буын беті бар. Қол басының сүйектері - білезік, алақан және саусақ бакайшақтарынан түзілген. Білезік сүйектері екі қатар орналаскан сегіз кішігірім жұмыр сүйектерден тұрады. Олардың білек сүйектеріне жақын жатқан қатарын жоғарғы, ал алақан сүйектерімен шектесіп жатқандарын төменгі қатар деп атайды
http://emirsaba.org