Қол топографиясы Қол тұсында практикалық мәні өте зор бірнеше топографиялық құрылымдар : қан тамырлар мен жүйкелер өтетін жүлгелер, шұңқырлар, өзектер және тесіктер, қынптар бар. Білек бұлшықеттерінің фасциялық қабықшасы



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата27.11.2023
өлшемі0,81 Mb.
#128907
түріРеферат
1   2   3   4   5
, т. extensor digiti minimi'
, жазғыш шынтақжілік-білезік бұлшықет, т. 
extensor carpi uinaris
-, шынтақ бұлшықеті, 
т.
anconeus
, супинатор бұлшықеті
, т. supinator
орналасқан.
3. Алдыңғы қынап
: топографиялық орналасуына қарай білектің бүкіл алдыңғы топ 
бұлшықетгері орналасатын беткей және тереңде орналасқан шағын келген екі қынапқа 
бөлінеді.
а) беткей қынапта
: барлығы дерлік білектің алдыңғы топ бұлшықеттері орналасса,
ә) артқы қынапта
: саусақтарды бүккіш терең бұлшықет, 
т. flexor digitorum profundus
, пен 
саусақты бүккіш ұзын бұлшықет
, т. flexor pollicis longus
орналасса, қалған бұлшықеттер 
тобы алдыңғы қынапта орналасады. Бұл фасциялық табақша, білектің төменгі бөлігінде, 
бірте-бірте ені қысқара келе қол басының фасциялық қабықшасына ұласады

Қол басының фасциялық қабықшасы
Қол басының фасциялық қабықшасы, ол білектің фасциялық қабықшасының тікелей 
жалғасы болып саналады. Топографиялық орналасуына қарай, қол басының алақандық 
және сыртқы бетінің фасциялық қабықшасына бөлінеді. Алақанның фасциялық қабықшасы, 
беткей және тереңде орналаласқан табақшаға бөлінеді.
а) Алақандық беткей фасциялық қабықшасы, жұқалау келіп, үлкен және кіші төмпешіктің 
маңындағы бұлш ықеттердің фасцияларын құрайды. Беткей фасциялық қабықшаның 
алақандық бөлігі қалыңдап алақанның алақандық апоневрозын, 


aponeurosispalmarisқұрайды. Алақандық апоневроздың сыртқы пішіні үшбұрыш тәрізденіп, 
саусақтардың негізіне қарай бағытталса, ұшы білектің фасциялық қабықшасына қарай, 
өрлеме бағытта өтіп, білек бұлшықеттерінің алдыңғы білезікш есіне, retinaculum flexorum, 
және алақан бұлшықетінің сіңіршесінеұласып қоймай, білезіксүйектерінің білезіктік саласын, 
sulcus carpalis көлденең бағытта өтіп, білектің алдыңғы топ бұлшықеттер сіңіршесі өтетін 
білезіктік өзекшені canalis carpalis құрайды. Бұл өзекше арқылы бас бармақты бүгетін ұзын 
бұлшықеттің сіңіршесі, т. flexor pollicis longus мен саусақтарды бүккіш бұлшықеттерінің 
сіңіршелері өтеді. Алақан апоневрозыныңтөменгі бөлігі, саусақтың проксималды 
бақайшықтарының маңындажинақтала келе, бірнеше апоневроз тканды будаларға бөлініп, 
саусақтың дисталды бақайшық сүйектеріне қарай бағытталады. Бұл будалардың аяқшалары, 
саусақтың көлденең беткей байламдары, Іід. m etacarpia transverse superficialis мен төменде 
алақанның көлденең фасциялық қабықшасы, fascia transversa арқылымықталған.
ә) Алақанның терең фасциялық қабықшасы немесе алақанның сүйекаралық 
бұлшықетгерінің фасциялық қабықшасы деп аталынады. Олөте жұқалау келіп, алақанның 
сүйек аралық бұлшықеттерінің фасциясын құрап қоймай, алақан апоневрозының 
аралығында орналасқан іркілдеген дәнекер ткань мен қантамырлардың, нервтердің 
фасциялық қабықшасын құрайды.
Алақанның беткей қабықшасы ментереңде орналасқан 
фасциялық қабықшаларының бүйір қапталы, өзара бірігіп, аралығында бұлшықеттердің 
сіңіршелері мен қантамырлар және құрт гәрізді бұлшықеттер орналасатын қуыстықты 
қүрайды.
Қол басының сыртқы бетінің фасциялық қабықшалары, fascia dorsalismanus, беткей мен 
тереңде орналасқан қабықшаларға бөлінеді. Беткей фасциялық қабықша саусақтарды 
жазғыш бұлшықеттердің сыртқы бетін жауып орналасса, саусақтың сыртқы бетінде саусақты 
жазғыш бұлшықеттердің сіңіршелерімен жалғасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет