aponeurosispalmarisқұрайды. Алақандық апоневроздың сыртқы пішіні үшбұрыш тәрізденіп,
саусақтардың негізіне қарай бағытталса, ұшы білектің фасциялық қабықшасына қарай,
өрлеме бағытта өтіп, білек бұлшықеттерінің алдыңғы білезікш есіне, retinaculum flexorum,
және алақан бұлшықетінің сіңіршесінеұласып қоймай, білезіксүйектерінің білезіктік саласын,
sulcus carpalis көлденең бағытта өтіп, білектің алдыңғы топ бұлшықеттер сіңіршесі өтетін
білезіктік өзекшені canalis carpalis құрайды. Бұл өзекше арқылы бас бармақты бүгетін ұзын
бұлшықеттің сіңіршесі, т. flexor pollicis longus мен саусақтарды бүккіш бұлшықеттерінің
сіңіршелері өтеді. Алақан апоневрозыныңтөменгі бөлігі, саусақтың проксималды
бақайшықтарының маңындажинақтала келе, бірнеше апоневроз тканды будаларға бөлініп,
саусақтың дисталды бақайшық сүйектеріне қарай бағытталады. Бұл будалардың аяқшалары,
саусақтың көлденең беткей байламдары, Іід. m etacarpia transverse superficialis мен төменде
алақанның көлденең фасциялық қабықшасы, fascia transversa арқылымықталған.
ә) Алақанның терең фасциялық қабықшасы немесе алақанның сүйекаралық
бұлшықетгерінің фасциялық қабықшасы деп аталынады. Олөте жұқалау келіп, алақанның
сүйек аралық бұлшықеттерінің фасциясын құрап қоймай, алақан апоневрозының
аралығында орналасқан іркілдеген дәнекер ткань мен қантамырлардың, нервтердің
фасциялық қабықшасын құрайды.
Алақанның беткей қабықшасы ментереңде орналасқан
фасциялық қабықшаларының бүйір қапталы, өзара бірігіп, аралығында бұлшықеттердің
сіңіршелері мен қантамырлар және құрт гәрізді бұлшықеттер орналасатын қуыстықты
қүрайды.
Қол басының сыртқы бетінің фасциялық қабықшалары, fascia dorsalismanus, беткей мен
тереңде орналасқан қабықшаларға бөлінеді. Беткей фасциялық қабықша саусақтарды
жазғыш бұлшықеттердің сыртқы бетін жауып орналасса, саусақтың сыртқы бетінде саусақты
жазғыш бұлшықеттердің сіңіршелерімен жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: