Қолданбалы программалар пакеті. Дәріс 4



Дата17.10.2023
өлшемі71,26 Kb.
#116693
түріПрограмма

Қолданбалы программалар пакеті. ҚПП классификациясы Орындаған :Шагизаданова Жанна Топ:ИНФ-203

ҚПП төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • Проблемалық–бағытталған. Мәліметтер құрылымын және алгоритмдерді өңдеу, басқару функцияларын бір типке келтіруге бағытталған бағдарламалар. Мысалы, бухгалтерлік есепті автоматтандыру, қаржылық қызмет, кадрлық жұмысты басқару, т.с.с.;
  • Жобалауды автоматтандыру (немесе автоматтандырылғант жобалау жүйелері АЖЖ (САПР)). Диаграммаларды, сызбаларды конструкцияларды дайындау мамандарына арналған;
  • Жалпыға арналған. Компьютерлік технологияларды қолданушыларға арналған. Мысалы, мәтіндік, кестелік және графиктік редакторлар, деректер қорын басқару жүйелері;
  • Офистік. Офистік қызметті басқаруды ұйымдастырады. Мысалы, органайзерлар (блокнот, календар, телефон жазбасы, презентациялар т.с.с.), мәтінді тану (распознования) құралдары;
  • Столдық баспа құралдары (настольные издательские системы) – жұмыс істеу қабілеті жоғары болатын текстік процессорлар. Мысалы, Adobe PageMaker;
  • Жасанды интеллект жүйелері. Адамға қатысты ақпараттарды өңдеу барысында қолданылады. Табиғи түрдегі диалогтарды қамтитын ақпараттық жүйелерді; түрлі жағдайларды қолданушыға кеңес беретін эксперттік жүйелерді; бағдарламалау көмегінсіз қолданбалы есептерді шешуге арналған интеллектуалдық пакеттерді қамтиды.

Программалық жабдықтар

ақпараттық технологиялардың елеулі бір бөлігі, олар сервистік программалардан, жүйелік программалар (операциялық жүйе, драйверлер, утилиттер т.б.) мен қолданбалы программалар пакетінен (MS Word, MS Excel, MS Access, Corel Draw, AutoCAD т.б.) тұрады.

ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:

  • 1) жүйелік программалық жабдықтар;
  • 2) қолданбалы программалар пакеті.

Жүйелік программалар - ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтарының жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қажетті қолданбалы программалармен байланыстырады.

  • Жүйелік программалар - ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтарының жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қажетті қолданбалы программалармен байланыстырады.
  • Қолданбалы программалар пакеті - белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны.

Жүйелік программалық жабдықтарды бірнеше топқа жіктеугеболады:

  • 1) операциялық жүйелер, ОЖ-нің қоршаулары;
  • 2) драйверлер, утилиттер, антивирустық программалар;
  • 3) сервистік программалар;
  • 4) диагностика және бақылау программалары;
  • 5) Жүйелік программистердің аспаптық жабдықтары.

Әмбебап программалық жабдықтың дамуының арқасында күрделі шоғырландырылған (интегралданған) жүйелержасалынып жатыр. Мұндай жүйелерге, мысалы, конструкторлық жобалауды, электрондық тақшалар жасап дайындауды, экономикалық және бухгалтерлік жұмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға болады. Инженерлік практикада қазір осындай мақсаттарға MatLab, MatCad, Еureka сияқты программалық дестелер кеңінен қолданылып жүр.

  • Әмбебап программалық жабдықтың дамуының арқасында күрделі шоғырландырылған (интегралданған) жүйелержасалынып жатыр. Мұндай жүйелерге, мысалы, конструкторлық жобалауды, электрондық тақшалар жасап дайындауды, экономикалық және бухгалтерлік жұмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға болады. Инженерлік практикада қазір осындай мақсаттарға MatLab, MatCad, Еureka сияқты программалық дестелер кеңінен қолданылып жүр.
  • Қолданбалы программалар арасындағы ерекше топқа қолданбалы программаларды даярлаудың аспаптық жабдықтары (инструментальные средства) жатады.
  • Аспаптық жабдықтар- басқа программалар мен автоматтандырылған жүйелерді даярлау үшін программалаушылар пайдаланатын программалар мен программалық кешендер.
  • Дербес компьютерде кең тараған аспаптық жабдықтарға VISUAL ВАSІС, TURBO РАSСАL, DELPHI, С++ және ASSEMBLER сияқты программалау тілдері жатады. Бұл тілдердің әрқайсысы белгілі бір мәселелер тобын шешуге өте қолайлы.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет