МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3
Модуляция..................................................................................................... 4
1.1. Модуляция туралы жалпы түсінік............................................................ 4
1.2. Модуляция................................................................................................ 5
1.3. Детектор.................................................................................................... 8
1.4. Есептің шығарылуы................................................................................. 11
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................... 13
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................ 14
КІРІСПЕ
Қоғамның даму тарихы адамдар арасындағы ақпарат алмасумен тығыз байланысты, бұның өзі тамақ, ауа, су және т.б. сияқты қажеттілік болып табылады. Ақпарат тасымалдау техникасы қарапайым құрылғылардан жетілген технологияларға дейін үлкен даму жолын өтті. Қоғам дамуымен бірге ұдайы ақпарат алмасу көлемі де өсіп отырады. Халық шаруашылығының нәтижелілігі үлкен дәрежеде ақпараттық қамтамасыздандырылудан, тез және сенімді ақпаратты тасымалдаушы құралдардың (байланыс құралдарының) бар болуына тәуелді.
Ақпараттың маңызды бөлігі қазіргі қоғамда электрлік дабылдармен радиотехникалық құралдар көмегімен әртүрлі қолданыстар жүйелерінде тасымалданады. Сондықтан байланыс жүйелері адамдар өмірінде үлкен рөл атқарады. Соңғы жылдар волоконды-оптикалық жүйелердің қарқынды дамуымен ғана емес, радиобайланыс жүйелерінің де дамуымен аталып өтті. Дәстүрлі радиореле және серіктік радиобайланыс жүйелерден басқа, мобильді сандық ұялыбайланыс радиобайланыс жүйелерінің желілері тез дамып жатыр. Соңғы уақыттағы байланыс жүйелерінің өңдеулері (разработки) қазіргі технологиялардың мүмкіндіктерін ғана емес, қазіргі байланыс теориясының жетістіктерін де қолданады. Олар тасымалданатын ақпараттың көлемін ғана емес, хабарламалар тасымалдануының сапасын да көтереді.
Электрлік байланыс жүйелерінде әртүрлі түрлендірулер (преобразования) болды. Түрлендірулердің маңыздысы модуляция – қандай да бір тасымалдаушы дабылдың параметрлерінің бірінші реттік ақпараттық дабылдың лездік мәндердің өзгеру заңы бойынша түрленуі болып табылады. Солай модулятор шығысында модуляцияланған дабыл қалыптасады, ол берілген байланыс желісі бойынша жоғары сапамен беріле алады.
Дабылдардың өзгеру принциптері мен тәсілдерін, классикалық модуляция түрлерін білу электр және радиобайланыс маманы үшін тек қана байланыс жүйелерін жасаған кезде ғана емес, оларды қолданғанда қажетті. Себебі қажет етілетін сапаны және ақпарат берілудің жылдамдығын алу үшін кедергілермен күресті дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Модуляция және тасымалдаушы дабылдың түрін байланыс жүйесі үшін таңдау сұрағы дабылдың байланыс жүйесі арқылы нәтижелі өтуі және модуляция мен демодуляция үрдістерінің қарапайымдылығы көзқарасынан ғана емес, ең алдымен модуляция түрінің хабарламаны кедергілердің барында тасымалдау қажетті сапада болуы қабілеттігі көзқарасынан тандалу қажет.
3
Достарыңызбен бөлісу: |