Қолдану тәсілдеріне қарай, оқыту мен оқу үдерісінде рефлексияны төмендегідей
үш категорияға жіктеуге болады:
1. Эмоциялық және көңіл-күй рефлексиясы;
2. Іс-әрекеттер рефлексиясы;
3. Оқу материалдарының мазмұны бойынша рефлексия.
Дәстүрлі психологияда рефлексияны төмендегідей түрге бөледі:
• Коммуникативті рефлексия - өзге адамның ішкі жан дүниесі және оның
мінез-құлқы туралы түсінік болуы. Бұл жерде рефлексия өзге адамның
танымын тану механизмі ретінде қарастырады.
• Тұлғалық рефлексия - жеке адамның өзін-өзі тануы мен өзіндік қасиеттері
мен қабілеттері, мінез-құлқы, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы.
• Зияткерлік рефлексия - әртүрлі тапсырмаларды орындау барысында
байқалады, яғни, мәселені шешудің бірнеше жолдарын талдай алу, ішіндегі
маңыздысын сұрыптай алу, тапсырма талаптарына үнемі қайта оралып
отыруды білдіреді.
Рефлексияның қай түрі немесе қай тәсілі болмасын, жаңа идеялар ағынын
тудыртатын үдеріс екені анық. Нақтылай айтсақ, рефлексия айқын емес идеяларды
нақтылап, жаңа ойлармен толықтыратын, алдыңғы білімді тереңдетуге көмектесетін
механизм.
Достарыңызбен бөлісу: |