Басталуы: мықын сүйек, алдыңғы және төменгі бөкселік бұлшықеттер арасында.
Бекітілуі: ортан жіліктің үлкен ұршығының алдыңғы жиегіне.
Қызметі: санды әкетіп, тұлғаны тікейтеді.
Жалпақ шандырды керетін бұлшықет(m. tensor fascia latae)
Жалпақ, сәл ұзарған бұлшықет.
Басталу: жоғарғы алдыңғы мықындық қырынан.
Бекітілуі: мықын- асықты жіліктік жолы.
Қызметі: санның жалпақ шандырын кереді, санды бүгеді.
Саннаң шаршы бұлшықеті(m. guadratus femoris)
Басталуы: шонданай төмпек.
Бекітілуі: ортан жіліктің үлкен ұршығы мен ұршықаралық қылқаны.
Қызметі: санды сыртқа бұрады.
Сыртқы жапқыш бұлшықет(m. obturatorius externus)
Тең бүйірлі емес үшбұрыш пішінді.
Басталуы: жапқыштық жарғақ айналасындағы қасаға және шонданай сүйектерінің сыртқы беттерінен; кейін бұлшықет будалары ұршықтәрізді қосыла, ұршық буыны буын қабағының артқы бетінен беттелетін сіңірге өтеді.
Бекітілуі: ортан жіліктің ұршықтық шұңқыры.
Қызметі: санды сыртқа бұрады.
Сан бұлшықеттері
Алдыңғы топ
медиалды
Артқы топ
Алдынғы топ Тігінші бұлшықет(m.sartotius)
Жіңішке, ұршықтәрізді.
Басталуы: жоғарғы алдыңғы мықындық қыр; кейін қиғаш төмен және медиалді бағытталып, жалпақ сіңірге өтеді.
Бекітілуі: үлкен жіліншіктің бұдыры, сирақ шандыры.
Қызметі: сан мен сирақты бүгеді, санды сыртқа, ал сирақты ішке бұрады.
Санның төртбасты бұлшықеті( m. guadriceps femoris)
Санның алдыңғы латералді бетінде орналасады, төрт басы бар.
1) санның тік бұлшықеті(m. rectus femoris)- төменгі алдыңғы мыңындық қыр және ұрышық ойығының төменгі жиегі;
2) Санның латералді жалпақ бұлышқеті(m. vastus lateralis) үлкен ұршық, ұршықаралық сызық, ортан жіліктің бұдырлық сызығының латералді ернеуі.