Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы


Білекте n. medianus-ты ашу



бет18/55
Дата15.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#50194
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55
Байланысты:
Қайырбекова ТопАнат қол аяқ

Білекте n. medianus-ты ашу
N. medianus білек шынтақ иірімінің ортасынан екі біз тәрізді өсіндінің арасындағы қашықтықтың ортасына дейінгі сызықтан 1 см ішке қарай өтеді және бірігулердің беткі және терең қатпарларының арасында m. pronator teres –ті тесіп өтеді. Оны білектің төменгі бөлігінде m. flexoria digitorium sublimis пен m. flexor carpi radialis-тің сіңірлерінің арасындағы кескінді сызық бойынша ашады. Беткі қабаттарды кесіп ашқан соң, науа тәрізді зондпен білектің жұқа шандырын ашады және егер m. palmares longi-дің сіңірі болса, оны сол жаққа қарай ығыстырады. Радикальды жиегінен m. flexoris digitorium sublimis сіңірлерін Фарабеф қысқышымен қсып кішкене көтеріп және ішке қарай ығыстырады. Терең бүккіш бұлшық еттері қабаты ашылады және оның үстінде n. medianus жұқа клетчаткасымен көрінеді. Оны сіңірден ажырату үшін, ол бөлек жалғыз жату керек және жұқа май клетчаткамен қапталған және матовой бетте жату керек /түрі піл сүйегінің түріндей/. Егер жүйке білезік аймағында зақымдалса, оның үзілген соңы алыс карпальды өзекте кетеді. Бұл жағдайда жүйкені ашу үшін тілікті саусақтарға дейін ұзартып және Lig. Carpi transversum-ді кесіп тастайды. Сонда беткі бүккіш бұлшық еттердің сіңірі ашылады, ал олардың артында- n. medianus жатады.


Іріңді процестер кезіндегі операциялар

Күбірткеге операциялық ем жасау


«Күбіртке» дегеніміз саусақтардың спецификалық емес іріңді қабыну ауруларының жиынтығы. Анатомиялық орналасуына байланысты бес топқа бөлінеді: 1. Терілік, 2. тері асты, 3. Сүйектік, 4. Буындық, 5. Сіңірлік. Орналасуына сипатына қарай оперативтік әр түрлі болады.

  1. Терілік күбіртке. Терінің қалыңдығында қабыну процесі орналасады. Эпидермисте ірің көпіршік түрінде сыпырылып түседі. Операциялық әдісті Куперов қайшысы арқылы көпіршікті кесумен және эпидермисті сыпырумен аяқтайды. Ары қарай емдеу жалпы ереже бойынша жүреді.

  2. Тері асты күбіртке. Процесс тері асты клетчаткасында орналасады. Қол басының алақан бетінде және өкшеде дененің басқа жерлеріне қарағанда ерекше құрылысымен ерекшеленеді. Бұл іріңді процестердің ағымына әсер етеді, сонымен қатар операциялық әдістердің тәсіліне де әсер етеді. Алақанның терісі қалың. Тері асты клетчаткасының тығызы болғандығынан теріні қатпарға жинау қиын, ол stratum reticulare corii-ден тығыз дәнекер тканьді бөлгіштер алақан апоневрозымен байланысады және сіңірлі қынаптың қабырғаларына дейінгі тереңдікке өтеді. Бөлгіштердің арасында майлы бөлшектер болады. Негізгі артерияларды /nn. medianus және ulnaris және жүйкелі/ алақанның волярлы бетінде алақандық апоневроздың астында жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет