Алақан апоневрозын кесіп алып тастау Кохер операциясын жергілікті анестезиямен жасайды, сонымен қатар иыққа жгут салғанда arcus volaris superficialis-тің зақымдалуы мүмкін.
Операцияның әдісі. 1. Тілікті алақан бетінде IV және V саусақтар осьі бойынша зақымдалған бөліктердің ұзындығындай кеседі. 2. Теріні препараттап шеткері ығыстырып, өзгерген бөліктің апоневрозын ашады. 3. Сіңірлі қынаптарды ашып алмай, алақан апоневрозының астында жатқан жүйкелермен arcus volaris superficialis-ді зақымдап алмай байқап барлық тыртық заттарды мұқият кесіп алады. 4. Аққан қанды әдеттегідей әдіспен тоқтатады. Беткі алақан доғасы зақымдану жағдайында оны байлайды да, жгутті алып тастайды. 5. Теріні түпкілікті тігіп тастайды. 6. Саусақтарды жазылған күйінше 8-10 шы күнге дейін шинді таңғыщ салады.
Ауыр жағдайларда апоневрозды өзгерген терімен қоса кесіп тастауды, ал ақауланған жерді Краузе бойынша пластикалап жабуды Лексер ұсынады. Операцияның сәттілігі саусақтардың ерте белсенді қимылымен жүзеге асады.
Буындарға операциялар жасау Буынға пункция жасау Буынды пункциялау /тесу/ мынадай жағдайларда жасалады: 1. Буын қуысындағы патологиялық сұйықтықтың құрамын анықтау мақсатымен диагностикалық әдіс ретінде. 2. патологиялық сұйықтықты /қан, экссудат, ірің/ сорып алу және дәрілік заттардан енгізу мақсатымен емдік әдіс ретінде қолданылады. Буындардың синовиальды қабықшасы инфекцияның барлық түріне өте сезімтал болады, сондықтан да алғашқы кезде көзге аса ірі емес боп көрінетін операцияларға, ірі қуысты операцияларға дайындалғандай дайындалу керек. Тесуді көбінесе ұзын жіңішке инемен, сирек-тракармен жергілікті немсе трокарсыз жасайды. Инені сұғу нүктесін анықтап алады, осы жердегі теріні шеткері қарай ығыстырады және хирург инені беткейге тік қойып ақырын енгізеді, оны буын сумкадан өтетінін тырысып жасайды. Осы кезде қол шамалы серіппелі кедергіні сезінеді, одан өткеннен соң ине еркін жүреді де, егер буында сұйықтық болса, инеден аға бастайды. Сұйықтықты рекорд шприцінің көмегімен сорып алады. Осындай әдіспен дәрілік ертіндіні енгізеді. Инені суырып алғаннан кейін, операйияның басында ығыстырылған теріні орнына келтіреді, бұл кезде тесіктен сұйықтық ақпайды. Терідегі жараға иод тұнбасын жағады.