Жауырынның алдыңғы аймағы Ол жауырын асты ойысын иемделеді /fossa subccapularis/ жауырынның алдынан кеңістікті жауырын асты бұлшық етпен және шандырмен толтырылған, бұлшық етті алдынан жауып жатады /m. subccapularis-ойыстың қабырғасынан және жауырынның сыртқы жиегінен басталп, иық буынының сумкасына иықтың tuberculum minus және cristae tuberculi minoris-тің жоғарғы бөлігіне бекітіледі. Жауырын асты шандырының алдында борпылдақ жауырын асты ойсының клетчаткасы және алдыңғы тісті бұлшық ет жатады.
Жауырын асты аймағының алдыңғы бөлігін aa. subscapularis және a. thoracales lateralis /a. axillaris-тің тармағы/ қоректендіреді. Nn. Subsapularis және thoracales longus /иық өрімінен/ жүйкелендіреді.
Қолтық асты аймағы Қолтық асты ойысы кеуде клеткасы мен иықтың арасындағы аралықты алып жатыр. Бұлшық еттермен қоршалған және борпылдақ клетчаткамен толтырылған төрт қырлы пирамидаға ұқсас болады. Оның төбесі ішке және жоғары, ал негізі сыртқа және төмен қараған.
Ойыстың төбесі бұғанамен, І қабырғамен және бұғана асты бұлшық етімен шектелген. Осы аралық арасымен қолтық асты ойысына қолтық асты артериясы /axillaris a. subclaviae-ның жалғасы/ және plexus brachialis /CV-CVIII және ДІ-нің үлкен бөлігінен өтеді, ал v. axillaris шығады/. Ол v. suvclaviae-ға жалғасады.
Аймақтың қабырғалары. А. алдыңғы – mm. pectoralies major және minor /бұғана асты аймағына қараған/.
Б. Артқысы – m. subscapularis, testes major latissimus dorsi, b. ішкісі- кеуде клеткасының сыртқы қабырғасына IV қабырғаға дейінн, m. serratus anterior-ті қосқанда г. сыртқысы-иық сүйегінің ішкі беті, m. covacobrachialis және m. bicipitis-тің қысқа басы.
Қолтық саты ойысының аймағының шекрасын: алдынан – m. pectoralis majoris-тің төменгі қыры артынан – m. latissimi dorsi-дің және m. teres minor-дің төменгі қыры, ішінен- кеуде клеткасының осы аталған бұлшық еттерін қосатын шартты сызық, сырттан – иықтың ішкі бетін біріктіретін сызық.
Қабаттары:
Терісі жұқа, ұзын шаш талшықтарымен жабылған, шаштың өсуінің алдыңғы шекарасы m. coracobrachialis-тің ішкі жиегіне сәйкес келеді /a. axillaris-ті байлағандағы нысанан болып табылады/. Бұл жерде көптеген тері бездері болады.
Тері асты клетчаткасы, фиброзды бөлгіштер майдан тұратын ұяларға бөліп тұрады.
Май клетчаткасы – қолтық асты ойысын толтырып, бұлшық еттер оны қоршап тұрады, оны апоневрозды алғанда көруге болады. Қолтық асты ойысында май клетчаткасы, лимфалық түйіндер, a. axillaris тармақтары мен v. axillaris, plexus brachalis өзінен шығатын жүйкелермен n. intercostobrachialis-ті түзуге қатысатын, n. cutaneus brachiimedialis-пен терілік тармақтары жатады. Қолтық асты ойсының клетчаткасы көрші аймақтағы бұғана үсті және асты, жауырын, дельта тәрізді аймақтардың клетчаткасымен байланысқан.
Лимфалық түйіндерді үш топқа бөледі.
сыртқы тобына v. axillaris бойымен жүретін, шандырдың үстінде, астында жататын қолтық асты меншікті түйіндері кіреді /15-18/. Ол лимфаны қолдан және дененің жоғарғы бөлігінен жинайды.
алдыңғы топқа а. және vv. Thoracales lateralis бойында орналасқан кеуде түйіндері кіреді, ол лимфаны кеуде клеткасының алдыңғы-бүйір бетіне және сүт безінен жинайды.
Артқы немесе төменгі топты а. және vv. subscapularis бойында жататын жауырын асты түйіндері құрайды, ол лимфаны кеуде қабырғасының артқы бетінен жинайды. Осы аталған лимфалық түйіндердің топтары бір-бірімен лимфалық тамырлар арқылы байланысады. Қолтық асты лимфалық түйіндерден лимфа бұғана асты және бұғана үсті түйіндеріне ағады.
тамыр-жүйкешоғыры – m. coracobrachialis-тің ішкі жиегінде орналасқан. V. axillaris
артерия мен жүйкенің ішкі жиегінде беткей жатады. А. axillaris І қабырғаның сыртқы жиегінен басталып m. latissimi dorsi-дің төменгі жиегінде иық артериясына жалғасады. Тамыр-жүйке шоғыры аймақтың әр бір бөлігінде орналасқан.
Қолтық асты ойысы үш бөлікке бөлінеді.
trigonum clavipectorale бұғананың төменгі жиегінен басталып m. pectoralis minoris-тің жоғарғы жиегіне дейін, үш бұрыштың негізі төске қараған.
ttigonum pectorale-m. pectorale minoris-тің төменгі жиегінен басталып, m. pectorale majoris-тің төменгі жиегіне дейін жетеді, үш бұрыштың негізі сыртқа қараған. Trigonum claviopectorale v. axillaris-тан ішкері және төмен a. axillaris-тен сыртқары және жоғары, артерияның сыртында және артында plexus brachialis жатады. Осы жерде артериядан a. thoracoacromialis шығады. А. thoracoacromialis тармақтары /rr. Deltoideus, acromialis, pectoralies/ fascia coracoclavicostalis-ті тесіп, дельта тәрізді бұлшық етті, иық буынын, m. pectorale major және minor-лерді жүйкелендіреді. Trigonum pectorale, v. axillaris-ден ішкері және төмен, а. axillaris сыртқары және жоғары жатады, ал plexus brachialis-тің шоғырлары /сыртқы, ішкі, артқы/ артерияның артында және бүйір жағында орналасқан. Одан a. thoracalis lateralis шығады, ол сүт безімен кеуде клеткасының бүйір беті бұлшық еттерін қоректендіреді, a. thoracalis lateralis n. thoracalis longus-пен бірге жүреді. Trig. Subpectorale-v. axillaris ішкері, ал одан а. axillaris сыртқары жатады. Осы бөлікте а. axillaris-тен:
А. subscapularis ең мықты тармақ,
А. circumflexa humeri anterior
A. circumflexa humeri posterior шығады.
А. subscapularis. Өзімен аттас вена мен жүйке мен бірге m. subscapularis және a. circumflexa scapulae-ға бөлінеді. Соңғысы foramen trilaterium арқылы жауырын аймағына өтеді. Aa. Circumflexa humeri anterior және posterior иықтың хирургиялық мойынының алдынан, артынан орап иық буынын және дельта тәрізді бұлшық етті оректендіреді. Aa. Circumflexa humeri posterior foramen guadrati lameterum арқылы. axillaris пен бірге өтеді. Foramina trilaterum duadrititerum қолтық асты ойысының артқы қабырғасында пайда болады. Foramеn trilaterum /ішкі жағындағы саңлау/: жоғарыдан – мм. Subscapularis және teres minor төменнен m. teres major, сыртынан – m. tricipitis-тің ұзын басымен шектелген. Foramеn duadri lat. /сыртқы саңлау/-жоғарыдан- мм. Subscapularis және teres minor, төменнен m. teres major, ішінен m. tricipitis-тің ұзын басымен, сыртынан –иық сүйегінің хирургиялық мойынмен шектелген. Nn. axillaris /C V-CVI-ден/ a. circumflexa humeri posterior-мен бірге foramеn guadrilaterum арқылы өткенде иық сүйегінің хирургиялық мойынының артынан орап өтеді. Одан бұлшық етке /mm. deltoideus teres және minor/, буынға /иық буынынан/ және теріге /n. cutaneus brachii lateralis/ тармақтары шығады. n. axillaris зақымдалғанда /иық сүйегінің мойны сынғанда және шыққанда/ m. deltoidei-нің қызметі бұзылып, семіп қалуы және сыртқы бөлігіндегі сезімталдығы бұзылуына әкеліп соғады.